Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында Наурыз мерекесі аясында 5 мың ағаш отырғызылады

19 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында Наурыз мерекесі аясында 5 мың ағаш отырғызылады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Жаңару күні» бұлақтың көзін ашу мен ағаш егуден басталды. Талдықорғанда өткен бұл экологиялық шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагерлер, ерікті жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, түрлі мекемелердің ұжымдары, қала тұрғындары қатысты. Жалпы Наурыз мерекесі аясында өңірде 5 мың жас ағаш көшеттері егіледі.

Бейбіт Исабаев пен өңір ардагерлері дәстүрге сай алдымен қаланың шығысында орналасқан тоғайда бұлақ бастауының көзін ашты. қан герлері бұдан кейін «Көктем» скверінде жас ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты. Экологиялық шара барысында белгілі айтыс ақыны Айтақын Бұлғақов осы бұлақты мерекенің құрметіне «Наурыз» деп атауды ұсынып, бұл көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Осы күні «Көктем» скверіне жапырақты және қылқан жапырақты 200 ағаш егілді. 

— Өздеріңізге белгілі, өткен жылдан бері Президенттің бастамасымен Наурыз мерекесі Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес он күн бойы атап өтіледі. Соған орай онкүндіктің алтыншы күні ағаш отырғызуға арналып отыр. Осы үлгі арқылы біз болашақ ұрпақты табиғатты аялауға, айналасын көгалдандыруға, Жер-Анаға мейіріммен қарауға үйретеміз. Жетісу өңірі – шыбық шаншысаң тал болатын, сулы-нулы жер. Сондықтан Талдықорғанды атына заты сай, ауасы таза, жасыл желекті қалаға айналдыруға барлық мүмкіндік бар. Бүгінгі акция бір реттік шара емес. Біз облыс көлемінде көгалдандыру жұмыстарын жыл бойы жүргіземіз. Биыл өңірде 120 мың ағаш отырғызу жоспарланған, соның 5 мыңға жуығы Наурыз күндері отырғызылады, — деп атап өтті Б.Исабаев.

Экологиялық акцияға қатысушылардың бірі Нұрайжан Жапкен – жастардың өкілі:

— Мен І. Жансүгіров атындағы колледждің бірінші курсында оқимын, колледждің президентімін. Өзім осындай қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене қатысамын. Өлкеміздің табиғатын таза ұстау, көгалдандыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ол үшін ағаштарды көптеп егудің маңызы зор. Бұл экологиямыз үшін пайдалы, — деді ол.  

Наурызбен құттықтаған еңбек ардагері Мынавар Махмутова:

— Бүгін жұртшылықпен бірге бұлақтың бастау көзін ашып, ағаш ектік. Осы акцияға жастардың көптеп қатысқанына қуандым. Бұл олардың жауапкершілігі мен елжандылығын, қоршаған ортаға деген қамқорлығын танытады. Баршаларыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жетісу – біздің ортақ үйіміз, сондықтан табиғатымызды аялай білейік, — деді ол.    

Атап өтсек, «бұған қоса Талдықорғандағы «Ардагерлер» саябағында 50 ағаш егілді. Ал облыс орталығында биыл жалпы саны 12 мың көшет отырғызылады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.