Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Fox News арнасына берген сұхбатында келіссөздер өтетін орынды талқылады. Украина президенті Киевтің кездесу өткізу орны ретінде Түркия, Сауд Арабиясы, Катар және «бейтарап Еуропа» — Австрия мен Швейцарияны ұсынғанын айтты.
Біз кездесуді өткізу үшін әр түрлі орындарды ұсындық – Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия немесе Швейцария сияқты бейтарап Еуропа, қаласаңыздар, мәселен, Қазақстанда кездесе аламыз, — деді Зеленский.





