Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Талдықорған қаласының көшелерінде күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.
Негізгі мақсат – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, басты назар жазалауға емес, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылған. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға ережелерді қатаң сақтау қажеттігін түсіндіріп, жолдағы тәртіптің адам өмірі мен денсаулығы үшін маңыздылығын атап өтуде.
Жетісу облысының полиция департаменті барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақтыққа, өзара құрметке және жол ережелерін бұлжытпай орындауға шақырды. Себебі мұндай іс-шаралардың түпкі мақсаты – әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Жетісу-Ақпарат»





