Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Газет оқымаған бала ешқашан кітап оқымайды, классика оқымайды – Дихан Қамзабекұлы

14.03.2025
КҮНДЕРЕК
Газет оқымаған бала ешқашан кітап оқымайды, классика оқымайды – Дихан Қамзабекұлы
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтуде. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Дихан Қамзабекұлы кеше басталған секция отырыстарында қаралған мәселелер туралы айтып, өз пікірін бөлісті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дихан Қамзабекұлы білім саласында атқарылған жобалардың нәтижелі екенін айтты. Соның ішінде, «Жайлы мектеп» жобасына тоқталып, оның алдағы бағытына қатысты ойын жеткізді.  

– Білім саласында үлкен жобалар атқарылып жатыр. Соның бірі – «Жайлы мектеп». Бұл – Президенттің бастамасы. Ол – халық қолдап отырған және орта білім жүйесін жаңа деңгейге көтеретін жоба. Бірақ осы жобаны бір мұратқа, бір идеяға бағындырмасақ, тағы да болмайды. «Жайлы мектеп» деген атаудың өзі – техникалық атау. Ал оны «Ахмет Байтұрсынов лицейлер жүйесі» деп неге атамасқа? Егер соған сай мазмұн беріп, мұғалімдер мен оқушыларды, үздік білім алушыларды соған тартсақ, нәтиже болары сөзсіз, – дейді Ұлттық құрылтай мүшесі.  

Оның пікірінше, қазіргі ең өзекті мәселенің бірі – мектеп мұғалімдері мен оқушылардың газет-журнал, мерзімді басылым оқымауы.  

– Білім жүйесі әу баста ағартушылық бағытын ұстанды. Тіпті бүгінгі министрліктің өзі «Ағарту министрлігі» деп аталады. Бірақ бір нонсенс бар – мектептерде бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарын оқуға шектеу қойылған. Бұл өте қиын мәселе. Егер мұғалім өзіне арналған газеттерді оқымаса, балаға не үйретеді? Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерін оқымаса, білімін қалай толықтырады? Немесе балаларға арналған, тоқсан үш жылдан бері шығып келе жатқан «Ақжелкен», «Ұлан», «Дружные ребята» секілді басылымдарды кей мектептер жаздырмайды. Бұл – өте өкінішті жағдай. Бұлай жалғаса беруге болмайды. Егер бала мерзімді басылым оқымаса, ол ешқашан кітап оқымайды, классикаға қызықпайды. Сонда біз айтып жүрген құндылықтар кім үшін қажет? Бұл мәселені саланың басшылығына бірнеше рет ұсындық, – дейді Дихан Қамзабекұлы.  

Сонымен қатар, Ұлттық құрылтай – қоғамның пікірі ескерілетін, мәселені халықтың көзқарасына қарай шешетін алаң.  

– Кеше өткен төрт сала бойынша секциялық жұмыстар өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Сонымен қатар, ғалымдар басқа алаңдарда да пікір алмасуда. Бұл – біз үшін маңызды. Ғылым мен баспасөзден келгендіктен, біз олардың ішкі ерекшеліктерін түсіндіруіміз керек. Ұлттық мәдени құндылықтарымыз мансұқталса, қиын жағдайға тап болуымыз мүмкін. Қазір тіл мен дінді мансұқтау үрдісі байқалады. Дәстүр мен діннің ықпалдастығы маңызды, оны жоққа шығару үлкен қиындықтарға алып келуі мүмкін, – деп түйіндеді Дихан Қамзабекұлы.  

Фото: turkystan.kz

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы «Taza Ozen» экологиялық акциясы

Жетісудағы «Taza Ozen» экологиялық акциясы

15.09.2026
Кітапхана – рухани орта

Кітап – зерделі ұлттың негізі

15.09.2026
Бабалардан жеткен бұйым

Кәсіпкерлікті қолдау мүмкіндіктері

15.09.2026
Азия ойындарына қатысатын жетісулықтар

Азия ойындарына қатысатын жетісулықтар

15.09.2026
Қазаннан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарға жаңа лимит енгізілуі мүмкін

Қазаннан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарға жаңа лимит енгізілуі мүмкін

15.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.