Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда әлеуметтік осал 2 мыңнан астам отбасыға қауіпсіздік датчиктері орнатылады

16 қазан 2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда әлеуметтік осал 2 мыңнан астам отбасыға қауіпсіздік датчиктері орнатылады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында бүгінгі таңда өрттің алдын алу іс-шаралары мен үй аралау жұмыстарымен әлеуеметтік осал топтағы 7616 отбасы қамтылды. Осы санаттағы отбасы үйлеріне газдың қауіпті шоғырлануын анықтайтын 2045 датчик орнату жоспарланған. Бүгінгі күнге соның 820-сы орнатылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, датчиктер Кербұлақ, Ескелді, Сарқан, Панфилов, Ақсу аудандарында қойылған. Жалпы Департамент тарапынан жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Оның аясында мемлекеттік органдар мен еріктілер ұйымдарының қатысуымен рейдтік тексерулер, тұрғындармен кездесу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар өткізілуде.

Мәселен, бүгін төтенше жағдай саласының қызметкерлері Талдықорған қаласындағы «Қызылтас» саяжайында тұратын әлеуметтік осал топтағы отбасы үйлерін аралап, пеш мұржаларын тазалады, датчиктер орнатты, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар рейд жұмыстарына «ТАТЭК» АҚ мамандары да тартылып, олар үйлердегі электр желілерінің жұмысын тексерді.

– Жетісу облысында жеке тұрғын үй секторларында жылыту маусымында өрттің алдын алу шаралары кеңінен атқарылуда. Халық арасында түсіндіру жүргізіліп, әсіресе жылыту құрылғыларының жұмысы, пеш жағу ережелерін түсіндіруге көп көңіл бөлінеді. Биыл әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасы үйлеріне орнату үшін газдың қауіпті шоғырлануын анықтайтын 2045 датчик сатып алу жоспарланған, соның 1720-сы сатып алынды, қалғаны қазан айының соңына дейін сатып алынады, құрылғыны орнату жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Жетісу облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғаныс капитаны Еламан Әубәкіров.

Аталған шараларға қатысты жергілікті тұрғындар да пікір білдірді.

– Үйімізге тегін датчик қойып, пештің мұржасын тазалап берді. Төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын осылай көмектеседі. Жасым егде адам болғандықтан, жылыту маусымында маған осындай жұмыстарды атқаруға көмек қажет, сондықтан мұндай жұмыстардың атқарылып жатқанына ризамыз, – дейді жергілікті тұрғын Кәкимаш Оразбаева.

Атап өтсек, жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылыту маусымы басталғалы бері өңірдегі өрт оқиғаларының саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге азайған.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.