Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

Қалың елдің қамын жеген қаламгер

23.10.2025
АРДЫҢ ІСІ
Қалың елдің қамын жеген қаламгер

qazdauiri.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Нұрила Бектемірова деген есімсой ауызға алынған сайын, менің ойыма өзімнің балалық шағым түседі. Себебі, мен бұл есіммен балдәурендегі балауса кезімнен таныспын.

Үйге жаздыртып алатын «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері», «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері», «Жалын», «Жұлдыз», «Ара», «Балдырған», «Жаңа фильм» секілді көптеген газет-журналды, сонымен қатар көркем әдебиеттердің бір бетін қараусыз қалдырмай, ашкөздене парақтап, құшырлана оқитын қайран күндер-ай?!

Мектеп жасындағы оқушы ұл-қыздар – біздердің сабақтан тыс жерде бір-бірімізбен жарыса, бір-бірімізден сұрап жүріп, бір-бірімізбен пікір таластыра, ойландыратын, айналдыратын тақырыбымыздың негізгі мәні «Кеше не оқыдың? Бүгін нені оқуды бастадың?» деген сауалдың төңірегінде болушы еді.

Келмеске кетті деуге қимайтын «Оқитын дәуірдің» идеологиясына әлі күнге шейін ризамын. Мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар мен көркем кітаптар мені ізгілікке баулыды. Бойыма адамгершіліктің дәнін дарытты. Өмір сүруге тәрбиеледі. Өмірді дұрыс сүруге талпындырған да – сол дағдым.

Қазақ әдебиетінің жауһарларымен де таныстырған осы үрдіс.

Журналистиканың алқакүрең ардагері Нұрила Бектемірованың да шығармаларын ең алғаш осы мерзімді басылым беттерінен оқыдым. Ойымнан шыққан жазбаның авторын жаттап алатын әдетім бар. Фотосуреті болса, бет-жүзін жадыма тоқуға тырысам. Кішкентай кезімнен қалыптасқан бұл әдетімнің жақсы екеніне кейінірек, есейе келе тіпті көзім әбден жете бастады.

Алматыда, Жазушылар одағының бір жиынында жолығысып қалған Нұрила әкпемді бірден танығаным да сондықтан. Арамызда асығыс уақыт болса да емен-жарқын сөйлесе кетіскен ыстық, жайма-шуақ бір жақындық пайда болып еді. Сұңғақ бойына сұлу ақылы жарасатын өте жағымды жан екен. Келбетінен кісілік, жүзінен мейірімділік, көзінен жылы шуақ төгіліп, аса салқынқандылықпен жан-жағына күлімдей қарайтын қаламгер апайыммен бетпе-бет келіп, алғаш рет тілдесіп тұрсам да елжірей қарайтын тұлғасынан аяулы анашымдай мейірімділіктің, асыл әкпемдей бауырмалдылықтың жұпарын сезінгем-тұғын сонда.

Айтса-айтқандай, ол кісі өзінен кішілерге – ақ жаулықты ана, ақыл айтар әкпе. Ал қоғам өмірінде дүйім жамағатты дүлей жамандықтан аластауға тырысып, қаламын қару еткен қарымды қаламгер. Алқалы жұртқа ардақталған жақсылықты насихаттауға бар күш-жігерін аямайтын нағыз қазақ әйелі. Соңынан ерген сіңлілеріне, сөзіне еріген қыз-келіншектерге үлгі Нұрила Бектемірованы бүкіл қазақ  бесенеден белгілі журналист, шығармашылығы көрнекті жазушы ретінде біледі. Қазақ әдебиетінің қоржынына өзінің танымдық, тағылымдық сипаты мол туындыларымен мол олжа салған Нұрила Бектемірова қаламгер әріптестер қауымы арасында да өзіндік даралығымен  ерекшеленген, сөзсіз мойындалған адам.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, кезінде «Қазақстан заманы» (бүгінде «Qazaqstan dauiri») халықаралық газетінің белді тілшісі болған Нұрила Дәнтайқызының  «Нұрлы өмір, сырлы өмір», «Мәуелі бәйтерек», «Халықтың қазыналы Қалқасы», «Өмір думан, дүние жалған», «Адамның күні адаммен» «Күн түнекті сейілтеді», «Өмір бір басқа, көңіл бір басқа», «Көңіл шамы» секілді бірталай кітаптары өз оқырмандарының жүрегінің түкпірінен ойып тұрып орын алғаны рас.

«Ұялған тек тұрмас» атты сықақ әңгімелер жинағының да бағасы бөлек.

«Адамның күні адаммен», «Қиянаттың көлеңкесі жоғалмайды», «Байдың қызы», «Опасыз дүние» хикаяттары, «Ауған солдаты», «Нан таптаған қыз», «Жаназасы шығарылмаған қазақ», «Қыздың көз жасы» «Бата тимесе, қате тиеді»,  «Бір қызық болды», «Өмірді үзген өкпе» деп аталатын әңгімелері оқыған адамның ешқайсысын бейжай қалдырмайды.

Әр жылдары мерзімді басылым беттерінде «Нашақорлық – адамзат қасіреті», «Қазақ кітап оқи ма?», «Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы күн санап көбейіп келеді», тағы да басқа көптеген өзекті тақырыптарды мәселе қып көтерген Нұрила Бектемірова журналистика саласының да майталманы.

Бұрынғы кеңес кезіндегідей емес, қазіргі қаламгерлерді мына нарықтық заман маңдайдан қара тер төгіп, қаламның қанымен жазып-сызғандары, демеуші тапса-тауып, таппаса Жаратқанға алақанын жайып, сұрап жүріп баспадан әупіріммен шығаратын кітаптары өте азғантай данамен жарық көретіндіктен, ұлан-ғайыр даланы мекен еткен кітапсүйер қауымның кез келгенінің қолына түсе бермейтін кезең екендігі қинайды.

Дегенімен, электронды технологияға иек артқан ілкімді, бүгінгінің тілімен айтсақ, креативті адамдар осы түйткілдің жолын едәуір тапқан сыңайлы. Мәселен, бір ақынның өлеңін немесе жазушының шығармасын іздесеңіз, ғаламдық интернет дереу көмекке келеді.

Биыл мерейлі жасқа келіп жатқан жазушы Нұрила Бектемірованың да шығармаларын іздегендер ғаламтордан тауып алуларына болады.

«YouTube»-тағы аудиокітаптарда Нұрила Бектемірованың бірнеше әңгімесі жүр. Аңсарың ауса, вайфайды қос та тыңдай бер. Міне, сізге жаңа дәуір! Әрине, кітапты, газет-жорналды қолмен ұстап оқығанға не жетеді деп тамасанамыз ғой. Бірақ, ондай мүмкіндік мүлде болмаған жағдайда не істемек керек?.. Амалсыз ұялы телефонға немесе компьютер, ноутбукке жүгінуге тура келеді. Ондайда, тым болмаса осы жағдайды жасап қойғандарға, көз ашып-жауып үлгерместей жылдамдықта дамып жатқан жасанды интеллектілік құрылғыларға іштей ризашылығыңды білдіресің, әлбетте.

Сөзіміздің мысалына Нұрила әкпеміздің «Бата тимесе, қате тиеді» деп аталатын әңгімесін алып қарайық. Екі бала туған еркетотай келін – келген жерінде ешқашан ешкім бетінен жел боп  қақпаған келін, бірте-бірте мұғалім боп жұмыс істеген енесінің басына шығып алады. Екі балаға қарауы үшін оны үйде қалдырып, өзі жұмысқа шығады. Уақыт өте келе тілі сүйреңдей ұзарып, бар жағымсыз қылығын көрсете бастаған келін үлкен еді-ау деп қарамай, күйеуінің шешесіне күйеуі жоқта бүкіл бет-бейнесін ашып, қоқан-лоққысын көрсете бастайды. Адуынды келіннің бар қылығына енесі байғұс төзеді. Баласының шаңырағының ортаға түспеуі үшін келіннің бүкіл тірлігіне көнеді. Көзіне әзірейлідей көрінген енесін отырса-опақ, тұрса-сопақ қылатын жағдайға жеткен келін бірақ тыншымайды. Бетбақ келінмен жиі жүз шарпысып қала беретін мүсәпір халге түскен ене көп нәрсені ұлына білдіртпеуге тырысты. Алайда, оның да жүйкесі жұқарған етін. Көнбістіктің шынысы бір күні шарт сынды. Ене мен келін кезекті бір айғай-шуда бір-бірімен алысып-жұлысуға дейін барады. Қолы қатты келіннің кесірінен сүлдері ғана қалқайып жүрген қарт ене оқыс құлап, жан-тәсілім етеді. «Апам аяқ астынан құлап қалды» деп көршілерді шақырған келінге сенген дәрігерлер жасы келген кісіні жүрек талмасынан кетті деп есептейді.

Кемпірдің ажалы келіннің қолынан болғанын сүйегіне түскенде  кемпірдің тамағы тұсындағы көкпеңбек боп түскен саусақтың іздерінен секем алған бір егделеу әйел ғана білді.

Шешесін жер қойнына тапсырғанына жылға толмай жатып бұл отбасының берекесі кете бастайды. Не керек, жігіт өсіп қалған балаларына да қарамай қазымыр келіншегін тастап, басқа бір жасы келген қызға кетіп қалады.

Бұрынғыдай емес бетпақ әйелдің екпіні басылады. Өйткені ішімдікке үйір екі ұлы да жатыпішер жалқаудың нағыз өзі болып шыққан еді. Тәрбиесіз, жүрісі жаман қыздарды үйлеріне әкеліп, әңгіртаяқ ойнатып, өз шешелерінің әбден мазасын кетіріп, тіпті қол көтеруге шейін  барған. «Мұның не, иттің баласы, маған қалай қол жұмсайсың?..» деп ашулы дауыспен айғай салған оған үлкен ұл: «Неге қол жұмсамаймын, сен менің апамды соғып, қылқындырып өлтіргенсің» деп мізбақпай қарап тұрғанда, өне бойың шымал жабылғандай шымырлап, қалай төбе шашың тік тұрмайды?.. Әйелдің үстінен біреу суық су құйып жібергендей, бойы мұздап жүре береді. «Сен қайдан білесің?» «Мен бәрін білемін. Есіктен сығалап қарап тұрғанмын. Әттең, сені де сол сияқты өлтірер едім, дәтім бармайды». Әйел алғаш рет жақсылықтың да, жаманшылықтың да адамның алдынан шығатынын ойлап, бармағын қаната тістеп, шайнап жібереді.

Кемпірдің елесі күн демей, түн демей, өзін соңынан қуып, жадынан шықпай жүргенін ойласа, тіпті зәресі зәр түбіне кететін әйел о дүниеге ойланбай кете салуға бар-тын…

Енесін өз қолымен өлтіріп алған келіншектің өзі де сол ененің кебін кигендей ит өмір  кешеді. Әңгіменің түйіні тыңдарманын осылай ойландырады.

Аудиокітаптағы «Адам күні адаммен» атты әңгімені де таңғалмай тыңдау мүмкін емес.

Өмірдің бумеранг заңымен айналып келетініне Нұрила әкпенің осы әңгімесінде де көзіңіз тағы бір жетеді. Жоғарыдағы әңгімемен салыстырғанда, мұнда оқиғаның соңы ізгілікпен аяқталатыны дәтке кәдімгідей қуат бермек.

Instagram әлеуметтік желісіндегі жазушы апайымыздың бір оқырманы «Жақында бір телевизиялық бағдарламада қазіргі жастардың кітап оқымайтындығы туралы пікірталас болып жатқанын көргенім бар еді» деп жазады. «Сол кезде бір ғалым ағамыз: «Иә, қазіргі жастар кітап оқымайды, өйткені олар шынайы өмір туралы кітап іздейді. Яғни, қазір біз өмір сүріп жатқан қоғам туралы кітап жоқтың қасы, ал бұрынғы совет заманында жазылған кітаптар оларға мүлдем қызық емес» деп өз ойын білдірген.

Ендеше, мархабат, дәл қазіргі өмір туралы кітап бар екен.

Ол – Нұрила Бектемірованың «Күн түнекті сейілтеді» кітабы.

Автордың барлық шығармаларының басты кейіпкерлері – жанымызда тіршілік етіп, қарым-қатынас жасап жүрген адамдар. Әрбір шығарманың мазмұнында оқыған адамды ойландыратын тәлім-тәрбиелік мәні бар түйін жатыр. Ұзақ өмір көшінде абайсызда адасқан кейіпкерлердің жан күйзелісінің куәсі болып, мінез-құлықтарына үңіліп, көп жағдайға қанық боласыз» деген ол оқырман shgolibrary.kz сайтында «Әсіресе, өмірде қаз-қалпында болған әңгімелері де шынайылығымен тәнті етеді. Егер, бұл айтқанымыз  сізді қызықтырған болса, біздің кітапхана есігі сіздерге әрдайым ашық!», – деп жұртты жазушының кітабын оқуға шақырады.

Мен де сөйтер ем. Нұрила Бектемірованы біздің буыннан білмейтін адам жоғын айттым ғой.  Бұл кісінің шығармашылығымен мен кейінгі ұрпақ – жастар мен жасөспірімдердің көбірек танысқанын қалар едім. Оқшау ойлы, өрелі, тәрбиелік мәні зор туындылары мектеп оқушылары мен балабақша балдырғандарына да әсер етпей қоймасы анық.

Әрине, бұл үшін, ең алдымен, қаламгер кітаптарымен сол балаларға білім беретін, бала тәрбиесімен айналысатын мекемелер қызметкерлері, ұстаздар мен отбасындағы көзі ашық, көңілі қарақты ата-аналар терең танысып алуы қажет шығар. Жоғары оқу орындарындағы оқытушы-ғалымдар мен студенттердің зерттеу объектісіне де нысана етіп алуларына жетісулық жазушы-журналист Нұрила Бектемірованың шығармашылығы олқы соқпас еді.

Үміт БИТЕНОВА,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
«Құрмет» орденінің иегері

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.