Талдықорған: +15°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісуда «Жас сарбаз барысы» анықталды

29.04.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жетісуда «Жас сарбаз барысы» анықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Отан қорғаушылар күні  қарсаңында қастерлі Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына арналған  «Жас сарбаз барысы» турнирі ұйымдастырылды.

Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов өзінің құттықтау сөзінде, турнирді өткізу орны кездейсоқ таңдалмағанын жеткізді.

– Бүгін турнир батырлар мен баһадүрлер, ақындар мен жыраулар шыққан киелі Жетісу жерінде өтуде. Бұл өңірден талай дарынды жас спортшылар қанат қағып келеді. Біз олардың әрбір жетістігіне шын жүректен қуанып, әрдайым мақтан тұтамыз, – деп толғанды.

«Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы  Мейірбек Меңдіғалиев:

– Бүгін Текеліде «Жас сарбаз барысы» турнирі төртінші рет өтуде. Бұл біріншілікке тек жас буын қатысады. Айта кету керек, бұл жай ғана қазақ күресі бойынша турнир емес, жарыс бағдарламасында Жетісу жеріне экскурсия, мұражайға бару және қаланың көрікті жерлерін көрсету болды. Келесі жылы біз бұл турнирді халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз және қазір бұл мәселені пысықтап жатырмыз, – деп сөз түйіндеді.

Жетісу төрінде өткен «Жас сарбаз» турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас балуандардың шеберлігі мен жігерін айқын көрсетті. Елдің әр өңірінен жиналған қатысушылар боз кілемде өзара мықтыны анықтап, көрермендерге тартысты белдесу сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша «Жас сарбаз барысы» атағын Павлодар облысынан  Али Төлеген иеленсе, екінші орынға Жетісу облысының жас сарбазы  Муслим Саятұлы қол жеткізді. Ал, үздік үштіктен Алматыдан келген Сұлтан Тұрдәлі көрінді. Жас сарбаздар алған орындарына қарай 300, 200 және 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақылар табысталды.

Өз кезегінде арнайы номинациялар бойынша 20 мың теңге көлеміндегі сыйақы  иегерлері анықталды. «Үздік техника» номинациясын Қарағанды облысының палуаны – Алияр Түсіпов алса, «Жеңіске ұмтылыс» номинациясына Ақтөбе облысының палуаны Бақдәулет Оразалы лайық деп танылды. «Шапшаңдық шебері» аталымында Абай облысының палуаны Әділмұрат Айсұлтан үздік болды. «Көрермен ықыласы» Ақмола облысының балуаны Қасым Әбілмансұрға, «Жігерлі жас сарбаз» Түркістан облысының палуаны Дидар Құлмаханға, «Үздік әдіс» Алматы облысының жас сарбазы Әсет Айдынұлына, «Тастай төзім» номинациясы Астана қаласының палуаны Ермұрат Нұрахметовке берілді.

Турнирдің әр қатысушысына «Жас сарбаз» қозғалысының  арнайы тартуы және сертификат табысталды.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда «Жас сарбаз барысы» анықталды

Жетісуда «Жас сарбаз барысы» анықталды

29.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда жеңілді

«Жетісу» жартылай финалда жеңілді

29.04.2026
Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

29.04.2026
Олжас Бектенов Air Products өкілдерімен бірлескен жобаларды талқылады

Олжас Бектенов Air Products өкілдерімен бірлескен жобаларды талқылады

29.04.2026
Ағашты жердің ырысы мол

Ағашты жердің ырысы мол

29.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.