Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

8 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

«Жасыл энергетиканы» одан әрі дамытуға және өзімізде өндірілетін электр энергиясы көлемін ұлғайтуға облыстың табиғи-климаттық жағдайы өте қолайлы. Осы орайда облыста жаңартылған энергия көздерінің төртеуі Сарқан ауданы аумағында орналасқан. Басқан өзенінде, Екіаша ауылы маңында орналасқан шағын гидроэлектростансының бірінде болып, жұмыс барысымен танысып қайттық.

«ГеологСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоба жетекшісі Алий Карабалин «Baskan Power» ЖШС-нің 10.6 МВт болатын «Басқан ГЭС-2» және 4,3 МВт болатын «Басқан ГЭС-3» жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, электр қуатының өндірісі жыл сайын артып келеді. Су электр стансысын басқару жүйесі тұтастай автоматтандырылған. Нысандар заманауи құрылғылармен толықтай жабдықталған.

«Baskan Power» ЖШС-інде шамамен 90 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы – жергілікті тұрғындар. Соның бірі – күзет қызметінің басшысы Қанат Қаймақбаев. Ол: «Ауылдағы ағайын үшін жұмыс көзі ашылғаны үлкен қуаныш. Осы уақытқа дейін такси жүргізушісі болып еңбек етіп жүрдім. Үйдегі азын-аулақ малды да бағып, қақтық. Күн ұзақ көлік тізгіндеу де оңай емес. Солай жүргенде алыстан емес, дәл ауылдан жұмыс та табыла кетті. Нысанды күзету үшін ауысыммен 12 ауылдасым жұмысқа тартылды. Еңбекақымызды уақытында аламыз. Ешқандай қиындық жоқ. Тек жауапкершілікпен өзімізге жүктелген жұмысты істесек болғаны. Ең бастысы – еліміз тыныш болсын», – деді.

Екіаша ауылдық округінің әкімі Дәулет Дюсенбековтің айтуынша, ауылда 3 мыңға жуық тұрғын бар. Елді мекен халқы негізінен егін салып, мал өсіреді. ГЭС жұмысын бастағалы жергілікті азаматтар тұрақты жұмысқа орналасып, табыс тауып отыр. Аталған гидроэлектрстансы маңайдағы бірнеше елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Инвестор компания «Baskan Power» ЖШС өз қаражатына елді мекенге бау-бақшалық су жеткізетін «Әлімбай», «Қайран» каналдарының 37 шақырымын жаңғыртып, 7 шақырым ауылішілік жолға жөндеу жұмыстарын жүргізген. Үнемі қайырымдылық шараларына атсалысып, ауылды көркейту ісіне де білек сыбана кіріскен жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылығына ауыл тұрғындары дән риза.

Еңлік Кенебай
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.