Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Большевизм елесі немесе зайырлы елде зарлы уақытты кім аңсайды?

09.11.2025
КҮНДЕРЕК, ҰЛТ ҰЯТЫ
Большевизм елесі немесе зайырлы елде зарлы уақытты кім аңсайды?
WhatsAppTelegramFacebook

Ибн Синаны танымайтын адам жоқ. Артына мол мұра қалдырған сол ғұламаның «Қозы мен қасқыр» тәжірибесі жайында естіген боларсыз. Естісеңіз бірден түйсінерсіз, естімесеңіз баян қылайық. Ибн Сина екі қозыны алып, екі торға қамайды. Жемшөпті жеткілікті етеді. Бірінші «қоңырдың» жанына қасқыр тұрған торды қояды да, екіншісін табиғаты тамылжыған орынға жайғастырады. Арада біршама уақыт өткенде екі бірдей қозы екі бөлек қойға айналады. Қой үрейі қасқыр деген, жыртқыштың қасында орналасқаны жүні үрпиіп, қоңсыз күйге түссе, табиғат ортасындағысы күйленіп шыға келеді. Психологиядағы еркіндік пен үрей феноменін айшықтаған тәжірибе біздің де санада бар. Қанша Алаш арысын қан қақсатқан, сол кездегі қазақ халқының тең жартысына жуығын зар илеткен большевизм, коммунизм десе, қасқыр көрген қойдай жиырылатынымыз бар. Өйткені біз емес, баба жұрт бұл идеологиядан әбден зәрезап болды. Дейтұрғанмен сондай большевизмнің ізі Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында әлі күнге жойылмаған. Демек, қой арасында «қасқыр» әлі де бар деген сөз. Тарқатайық.

Әлгі Бақтыбай ауылында «Большевик» деген сыра дүкені бар. Сыртында КСРО-ның айшықты нышаны болған балға мен орақ та тұр. Ал дүкеннің іші «қызылға» толы. Қызыл десе қазекем «қан мен етті» елестетеді ғой. Бірақ қан емес, КСРО-ның туы мен қызыл түсті коммунизмнің символдарына толы. Бұл жайды ескерген соң дүкен иесімен сөйлеспек болдық. Сондағы азамат, бәлки, сатушы, мүмкін дүкен иесі, біз келгеннен агрессиялық кейіпте сөз бастады. Аты-жөнін айтуға қарсылық танытқанмен телефонына видео түсіріп әлек болды. Бәлки, бізге доқ көрсетуді мақсат тұтты, болмаса жиі келген қоғам белсенділерінен мезі болған соң осындай қадамға барды. Онысы белгісіз, былапыт сөзге де бой алдырды. Мақұл дейік, жүйкесі сыр берген болар. Алайда, демократиялық қоғамда мұндай дүкен ашуға құқылы екенін, ешкім оның құқығын таптай алмайтынын жеткізді. Ол кісінің сөзі жанды, демократия мен зайырлылық өркен жайған елімізде оның құқығы шектелмейді. Ерік өзінде. Дегенмен, маңайға құрметпен қарауға, өзгелерді құрметтеу де міндет. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, қазақ халқы да, Қазақстанға мәжбүрлі қоныс аударылған өзге ұлт өкілдері де құрмет көруге лайықты. Жоғарыда айтқанымыздай, өзгеге құрмет болу қажет. Мәселен, сол дүкеннің жанында мешіт бар. Ауылдың орталық мешіті. Мұсылмандардың мінәжат үйі дүкеннен кейін салынған. Десе де, бұл қоғамдық һәм мұсылмандар үшін қасиетті орын. Оның үстіне спирттік өнім Ислам үшін қасиетсіз зат. Демек, дүкен иесі көпшіліктің наным-сеніміне де құрметпен қарағаны абзал. Большевизм орнаған тұста қызыл әскер қазақ даласындағы мешіттерді әскери нысанға, тіпті, әскерилер мінген жылқы тұратын қораға айналдырған. Мұны да назардан тыс қалдырмау керек.

Бақтыбай ауылының әкімі Айдос Қасиев бұл жайдан хабардар екенін жеткізді. Дүкенді бұл маңнан көшіруге тырысқанын, иесінің қарсы емесін де алға тартты. Дегенмен, бір гәп бар, кәсіпкердің сауда нүктесі орталықта орналасуы керек екен. Оған ауыл орталығынан жер тауып беру де қиынға түспейді. Әдеттегі әкімдердің сөзіндей жауап қатқан Айдос Қасиев бар мүмкіндікті қарастырып жатқан көрінеді. Ғимарат салуға жер қарастырар, сауда ғимараты салынар, бірақ атауы қандай болмақ?! Ол жағы беймәлім, дүкен иесі эмоционалды әрекетіне ие бола алмаған соң жоспарын да айтпады. Кәсіп істеген жанға шектеу қоюға, жұмысына кедергі келтіруге бізде мақсат та, мүдде де жоқ. Алайда, атауынан ат түгіл адам үркетін дүкен аты өзгерсе деген тілек бізде. Себебі, сол маңайдағы жиырмаға жуық адаммен сөйлестік. Тілеуі де, тілегі де бірге. Имандылық үйі маңында мұндай дүкен болғанын қаламайды. Мәселен Марат Батабаев спирттік өнімі бар дүкенге 100 пайыз қарсы. Айтуынша, құлшылық шаңырағы маңында мұсылманның тұрмысына қарсы дүниені сатуы орынсыз. Осындай олқылық үшін ауылдағы қоғам белсенділері дүкенге барып, басқа жерге көшуді ұсынған. Бейбіт, агрессиясыз, ортақ келісім үшін. Міне, дүкен иесінің бізді «ашулы» қабылдауының сыры осы екен.

1989 жылдан Бақтыбай ауылынан мекен тапқан Алдаш Сейділханұлы қандықол большевиктердің «үні» әлі өшпегеніне қапалы. Айтуынша, ата-бабасына қиянат көрсеткен идеологияның «елесін» санасы таза тәуелсіз ұрпақ көрмеуі тиіс.

– Қазақ халқының арғы-бергі тарихы аласапыранға толы. Бірақ, коммунизм салған лаң сүйекке түскен таңба емес пе? Атауын басқаша атауға да болады. Ауылда өзге этнос өкілдері қазақша атаумен дүкен ашып жатыр. Солардан бұл да неге үлгі алмайды? – деді қария.

Алдаш ақсақалдың сөзін біз сөйлескен кісілердің бәрі құптайды. Гүлман Тұрсынқызы, Қуаныш Мәлікайдар есімді тұрғындар дүкен атауын өзгертуді қос қолдап қолдайтынын жеткізді.

Қызық мысал, Польшаның бір ауылынан фашизмнің эмблемасын ілген дүкен ашылса поляктар қалай қабылдайды? Әрине, қабылдай алмас. Себебі фашистерден алғаш зардап шеккен олар бірден атойлар. Тіпті, неміс жерінде фашизм дүниеге келсе де тап қазір свастика ілінген нысанға қуана қоймас. Сол сықылды большевизм қазаққа қуаныш сыйламады. Бейбіт жұртты қан қақсатқан жүйе ішкі күрсініспен еске түседі. Қазақ даласына шашылған өзге ұлт өкілдерінде де сондай сезім бар болар. Мұнымен айтпағымыз не? Қазақстан бірлік пен татулықтың Отаны. Сол татулық үшін, оны сақтау үшін жеке мүдде мен тұрмыстағы мақсатты құрбан ету қажет. Тілегі бір, тілеуі бір, мақсаты ортақ еліміз үшін.

Дастанбек САДЫҚ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

29.01.2026
Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.