Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Есімі ел есінде

11.11.2025
ЖАНСАРАЙ
Есімі ел есінде
WhatsAppTelegramFacebook

Әркім өз дәуірінің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткенде ғана елдің алғысы мен ықыласына бөленері хақ. Мұның дәлелін өткен ғасырда өмір сүріп, КСРО атты алпауыт мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан жандардың өмірінен көреміз. 1925 жылы Алакөл ауданының Еңбекші ауылында дүниеге келіп, 1990 жылы 9 сәуірде бақилық болған Қайыпберген Рысбеков сондай ғибратты ғұмырдың иесі.

Кеңестік режим орнай бастаған жылдардағы ауыртпалықты бастан өткерген Қайыпберген Рысбек-ұлы отбасындағы 5 баланың кенжесі еді. Алдыңғы бауырлары ерте шетінеп кеткен. Әпкесі Күлістан екеуі анасының қарауында қалады. Сол тұстағы аштық пен жетіспеушіліктің салдарынан бала Қайыпбергенді анасы балалар үйіне орналастыруға мәжбүр болады. Әпкесі жетімдер үйіне барып, оның хабарын біліп тұрады. Арада уақыт өтіп, Үшаралдағы №1 қазақ мектебінің 9-сыныбында оқып жүргенде Екінші дүниежүзілік соғыс басталады. Қайыпберген жұмысқа орналасып, тіршіліктің доңғалағын тоқтатпауға күш салды. Майданнан жеткен хаттарды түнде шамның жарығымен оқып, анасы екеуі кескілескен ұрыс даласында жүрген жандардың амандығын тілейтін.

Ел басына төнген ауыртпалық Қайыпбергенді айналып өтпеді. Жасы 17-ге толмаса да майданға шақырылып, қызыл әскердің формасын киді. Алғашында Аякөзде жатып, 5 айлық курста І-ші Қазақ атқыштар полкінің құрамында бөлімше командирлігіне қажетті қарым-қабілеттерді үйренді. Әскери атақ алған курсанттар қатарында алғы шепке аттанған сержант Рысбеков Украинадағы Солтүстік Донецк майданына түсті. Тіс-тырнағына дейін қаруланған фашистермен алғаш рет осында кездесті. Жаудың жүзін көріп, жүрегін толқытқан үрейді жеңіп жүрген шақта елде отырған анасының жалғызілікті халін ойлаған Рысбеков көп ұзамай әскери басшылықтың ұйғарымымен саперлер бөлімшесінің командирлігіне тағайындалады.

Шыны керек, сапер үшін әрбір қадам аса ұқыптылық пен үлкен күш-жігерді талап етеді. Миналанған алаңды тазартумен айналысатын жауынгер қырағы, төзімді, салқынқанды және жинақы болуы тиіс. «Әбден тексерілді, мина жоқ!» деген белгіні қойғанға дейін көптеген жұмыс жүреді. Болмашы қателік сапердің өмірін қияды. Тіпті, қатар келе жатқан жолдасының өзі көзді ашып жұмғанша ажал құшады. Жолды минадан тазалау барысында Ақтөбе облысында туып-өскен орынбасары Радионовтың кенеттен қаза табуы Қайыпбергенге ауыр тиді. Өйткені, жерлестігін ұдайы айтып отыратын орынбасарымен жиі-жиі әңгімелесіп, тонның ішкі бауындай жақындасып кетіп еді.

Алғы шепті минадан тазарту жұмыстары көбіне түнде жүргізіледі. Себебі, жау күндіз мина қойған алаңдарға оқ атып, кедергі жасайды. Ал тас қараңғы түндегі барлау тіптен күрделі. Бірде мина тазарту кезінде Рысбековтен 8 метрдей жерде жарылыс орын алып, жерлесі көз алдында ғайып болды. Еріксіз көзіне жас алды.

Қарауында 14 адам болған Қайыпберген Рысбеков бүкіл Украинаның даласын шарлап, жарылғыштарды тазалай жүріп 2 рет жараланады. Соңғы тазалау кезінде мина жарылып контузияға ұшырады. Далалық госпитальда емделіп шыққан соң 1943 жылдың аяғында өз бөлімшесіне келді. Тура бір жылдан соң, 1944 жылдың соңғы айларында мемлекеттік қауіпсіздік бөлімшесінде қызмет атқаруға жіберілген Қайыпберген Ялта конференциясын күзетуге қатысты. Ондағы әрбір жауынгер келіссөз үстелінде елдің тағдырын, соғыстың барысын шешушілермен тең қызмет атқарды. Осылайша мемлекеттік қауіпсіздік саласында әскери міндетін абыроймен орындаған Рысбеков 1950 жылы ғана елге қайтарылады.

Алакөл аудандық комсомол комитетіне есеп секторының меңгерушісі болып жұмысқа орналасқан ол комсомол жұмысы арқылы бұқарамен қарым-қатынасты үйреніп, өңір экономикасын өркендетуге қатысты. Елмен араласа жүріп, бір күндері Жәкен есімді арумен танысады. Қос жүректің алғашқы таныстығынан кейінгі сәттер махаббатқа ұласып, серт байласып, отау құрып, шаңырақ көтереді. Осылайша тіршіліктің қазанын қайнатып, өмір сабақтастығын жүзеге асырған Қайыпбергенді аудандық партия комитеті тәжірибелі идеология қызметкері ретінде аудандық «Колхоз туы» газетіне жауапты хатшы етіп жіберді. Іргесі жаңа қаланып жатқан басылымның редакторымен бірге газеттің макетін сызып, мақалалар жазды, газет шығарды. Алғашында қазақ тілінде 2 бет болып, 3 мың данамен шыққан газет 1957 жылы қос тілде 4 бет болып оқырманға жол тартты. Редакцияның бөлімдері құрылып, полиграфиялық безендіру жетілдірілген басылым 1963 жылдан бастап «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» деп аталды. Газет редакторы болып тағайындалған Қайыпберген Рысбеков аса жауапты лауазымды көп жылдар атқарып, кейін денсаулығына байланысты редактордың орынбасарлығына ауысты.

Білімін жетілдіру үшін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп, 1961 жылы бітіріп шыққан майдангер журналист очерк жазуды ұнататын. Оқырманды очерктерімен қуантып, жергілікті қайраткерлердің өмір жолын көпшілікке таныстырды.

1965 жылы КСРО Журналистер одағының бастауыш ұйымын құрып, алғашқы хатшысы болған Қайыпберген Рысбеков 42 жылдық еңбек жолындағы жемісті жылдарының өтеуіне II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Фашистік Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, барлығы 14 наградамен марапатталды. Одан бөлек, аудан орталығы Үшарал ауылы қала атанған кезде алғашқылардың бірі болып, «Үшарал қаласының Құрметті азаматы» атағын еншіледі.

Ғибратты отбасының тәлімді тәрбиесінің арқасында балалары жоғары білім алып, ел сенімін ақтайтын тұлғаларға айналды. Балаларынан тараған ұрпақтың өзі бүгінде еліміздің өркендеуі жолына үлес қосқан айтулы азаматтар. «Жақсының аты, дананың хаты өлмейді» дейді дана халқымыз. От пен оқтың ортасынан аман келіп, елінің дамуына елеулі үлес қосқан майдангер ардагер, қайраткер қаламгердің туғанына биыл 100 жыл толды. Артында өшпес ізі мен өнегелі ісі қалған ардақты жанның ұрпағымен мың жасай беретіні, олар барда есімі ескеріліп, еске алынып тұратыны ақиқат!

М. Әсетұлы

Қатысты жаңалықтар

Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

29.01.2026
Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

29.01.2026
Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.