Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Ұлттық спорт – ұлт ұстыны

Елімізде ұлттық спорттың дамуы кейінгі жылдары қарқынды жүріп жатыр. Түрлі жоба жоспарланып, ретімен орындалып келеді. Осы тұрғыда Жетісу облысындағы ұлттық спортқа деген қолдау мен спортшылардың нәтижесі көңіл қуантады. Қатарынан қара үзіп жүрген жетісулықтардың жеңісі ел ішінде кеңінен айтылып, қызу талқыланып жүр.

16.11.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Ұлттық спорт – ұлт ұстыны
WhatsAppTelegramFacebook

Мәселен, әлемдегі ең ұзақ қашықтықты (1300 шақырымға дейін) қамтитын тұңғыш ат марафоны «Ұлы Дала жорығында» тұрақты үздіктер санатына кіретін Жетісудың шабандоздары көпке үлгі. Жеңіске әр жеткен сайын облыс әкімі Бейбіт Исабаев команданы қабылдап, арнайы сый-сияпат көрсете отырып: «Бұл тек жарыс емес, оның астарында ұлы мұраттар жатыр. Ұлттың салт-дәстүрі, құндылықтары бар. Сондықтан спорттық шеберліктеріңізді шыңдай беріңіздер, жетістіктеріңіз көбейсін», – деп лайықты бағасын беріп, демеп отырады. Одан бөлек, өз сөзінде облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы: «Көксу ауданында Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қазақы тазы мен төбетке арналған орталық салынады. Онда жеті қазынаның бірі саналатын таза қанды итті көбейтіп, қажет болса өзге өңірлерге де беруге жағдай жасалады. Сол секілді кейін құсбегілікпен айналысатындар үшін де арнайы нысан тұрғызамыз», – деген еді. Жалпы Жетісудағы ұлттық спортқа деген қолдау айрықша.

«Жетісу жүйрігі» дәстүрлі турнирі биыл да алыс-жақынды қамтыған айтулы жарыс болды. Бұл істің бастауында тұрған азаматтардың бірі – Рүстем Досжанов. Ол: «Бәйгеміз дәстүрлі түрде 2016 жылдан бері өтіп келеді. Әуелі 40 шақырымнан бастағанбыз. Турнирді марқұм досым Жолан Омаров екеуміз жүзеге асырдық. Үлкен турнирді 6-7 жыл бойы өз қаражатымызбен, атбегілердің бірігіп ұйымдастыруымен, қарапайым халықпен бірлесе отырып өткізіп келдік. Табандылықтың арқасында жылда жүлдеге 3-4 машина қоятынбыз. 2023 жылдан бастап Жетісу облысының әкімдігі, спорт басқармасы мемлекеттен қаражат бөліп, дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Атсүйер қауымға деген алғысым шексіз», – деді кейінгі сұхбаттарының бірінде. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл: «Ұлттық спорт түрлерін кеңінен дәріптеп, бабалар мұрасын ұлықтайтын жарыстардың қашан да орны бөлек. Бір қуантарлығы, қазір жастар арасында ат спортына қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, рухты көтеретін жарыстарды қолдауға әркезде дайынбыз», – деді.

Аламанда алдына қара салмайтын шабандоз Хамза Марланұлы бүгінде Жетісудың ғана емес, еліміздің мақтанышына айналған ұл. Еліміз үшін айтулы жарыс, былтыр өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысқан ең жас спортшы (10 жаста болды) және ол аламан бәйгеде сенімді серігі «Жұмыртұяқпен» күміс жүлде алды. Жас жокей: «Алты жасымнан бастап үлкен бәйгелерге шаптым. Қорқыныштың бәрін үш-төрт жасымнан бастап жеңдім. Шабуға дейін талай атқа шауып машықтандым. Шабандоз аттың жүрісін, аяқ-алысын сезінуі керек», – дейді. Талай бәйгенің жүлдесін қанжығасына байлаған шынашақтай баланың бір өңірдің ғана емес, еліміздегі ұлттық спорттың дамуына қосып жатқан еңбегі бар.

Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, облыста ұлттық спорт түрінен 854 үйірме бар, онда 26 207 адам (17 538 адам ауылды жерде) шұғылданады. Ұлттық спорт түрлері бойынша 379 жаттықтырушы бар. Өңірде «Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» (көкпар, саят, аударыспақ, қазақ күресі, асық ату, жамбы ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату сынды 8 спорт түрі бар, 469 спортшы мен 22-жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді) және 2023 жылдың наурызында тіркелген ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» спорт клубы (11 спорт түрі бар. 204 спортшы мен 22 жаттықтырушы тіркелген) сынды екі ұлттық спорт түріне бағытталған мекеме жұмыс істейді. Облыста Нұрлан Меделов басқаратын көкпар ұлттық спорт түрінен «Жетісу облысының ұлттық және ат спорты түрлерінен федерациясы» ҚБ (66 адам тіркелген) және Рүстем Досжанов төрағалық ететін бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату спорт түрлерінен «Жетісу облыстық ұлттық ат спорты» федерациясы» ҚБ (71 адам тіркелген) бар.

Осы орайда: «Саламатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс қалалары мен аудандарында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер, біріншіліктер өтіп тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда», – дейді денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Биыл облыс бойынша ұлттық спорт түрлерінен 395 іс-шара ұйымдастырылды. Әлі жоспарда тұрғандары да бар. Тұрақты қолдау мен мол мүмкіндік талай жарыста жетісулықтардың озып шығуына сеп болмақ.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.