Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Медициналық нысан ашылды

Алакөл ауданының Жанама ауылында тұрғындарға алғашқы медициналық қызмет көрсететін жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салтанатты түрде ашылды.

15 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Медициналық нысан ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Шараға аудан әкімі Алмас Абдинов, медицина саласының ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында сөз алған аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы ауыл халқын көптен күткен қуанышымен құттықтап, бұл нысанның әлеуметтік маңыздылығына тоқталып:

– Жаңа медициналық нысан – ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шалғай ауылдарда медициналық қызметтің қолжетімділігі артып келеді. Бұл халық игілігі үшін жасалып жатқан маңызды жұмыс, – деді.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған амбулатория ауысымына 25 адамды қабылдай алады. Мұнда алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аналар мен балалардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінеді. Жоба «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың» ұлттық жобасы аясында жүзеге асқан. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Ритм Строй ЭК» ЖШС жүргізген. Техникалық қадағалаушы «Горизонт Строй Групп», ал авторлық қадағалаушы «Граждан проект ЗИ». Жалпы құрылыс құны 196,1 млн. теңге.

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған игілікті іс.

Жыланды ауылында да тұрғындардың көптен күткен қуанышы – жаңа дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты. Ауысымына 25 адам қабылдауға қауқарлы медициналық мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтеріп, ауыл халқының игілігіне қызмет етпек.

Заманауи талаптарға сай тұрғызылған ғимарат озық медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда білікті мамандар алғашқы көмек көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын бақылауға алып, алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізбек. Ашылу салтанатында аудан әкімі Алмас Абдинов сөз сөйлеп, ауыл жұртшылығын маңызды нысанның іске қосылуымен құттықтады.

Жоба құрылысын «Enif Stroy» ЖШС жүзеге асырып, «RedmiPRO» ЖШС авторлық қадағалауды атқарған. Жыланды жұрты енді сапалы медициналық көмекке қол жеткізіп, дәрігер қызметін өз ауылынан-ақ алатын болды.

Рысалды ШАРАПИЕВА

Қатысты жаңалықтар

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.