Қаланың орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен өткен «Бақыт кішкентай нәрседе» атты акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК, волонтерлік және жастар ұйымдарының қолдауымен өткізілді.
Акция барысында қатысушылар мамандардың кеңестерін алып, АИТВ инфекциясы және жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекциялардың алдын алу бойынша ақпараттық материалдармен танысты. Достық және жылы атмосфера қалыптастыру мақсатында волонтерлер жүргіншілерге өз денсаулығына қамқор болу және айналадағы адамдарға назар аудару маңыздылығын еске салатын шоколадтар тарту етті.
АИТВ – үкім емес, онымен ұзақ әрі белсенді өмір сүруге болады.
Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК мамандарының айтуы бойынша, адам өз АИТВ-статусын ертерек білсе, емдеу соғұрлым тиімді болып, өмір сапасы жоғары болады. АИТВ-ның алдын алу іс-шаралары қоғамда сенім атмосферасын қалыптастырып, әр адамға өз денсаулығын тексеруге және дұрыс шешім қабылдауға жол ашады. Іс-шараға қала тұрғындары мен волонтерлер қатысты. Қатысушылардың пікірінше, мұндай шаралар халықтың ақпараттылығын арттыруға және АИТВ туралы жалған түсініктерді жоюға ықпал етеді.
Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК мамандары өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жаңа АИТВ инфекциясының азайғанын атап өтті. 2025 жылдың басынан бері 134 ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізіліп, 10 221 адам қамтылған, бұл профилактикалық жұмыстың тиімділігін және мұндай акциялардың маңыздылығын дәлелдейді.
Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК акцияға белсенді қатысып, бейжай қарамаған және қоғам денсаулығын сақтау ісіне үлес қосқан барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.
Қосымша ақпарат:
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Медеу көшесі 3.
Жұмыс режимі:
Дүйсенбі-Жұма, 8: 30 – 17: 00
Телефондар:
8 (7282) 41-11-71 – қабылдау бөлмесі
8 (7282) 41-01-29 – емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансерлеу бөлімі
8 (7282) 41-60-85 – эпидемиологиялық мониторинг бөлімі
E-mail: aids_jetisu@mail.ru
Instagram: aids_zhetisu
TikTok: aids_zhetisu
Facebook: Вич Спид Профилактика





