Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Алатаудан, арқадан ақындарым келіпсің

Дауылпаз жырдың дүлдүлі, балта тілді Бақтыбай ақынның рухы асқақтаған күн болды. Жетісудың жерінде, Талдықорғанның төрінде жұманың таңында басталған рухани басқосу сенбінің кешінде бір-ақ аяқталды. Бірінші күні өткен мерейтойлық конференцияда ақпа ақын, сырлы күйші, әуезді әнші Бақтыбайдың өмірі мен шығармашылық әлемінен сыр шерткен аға буын жиналған жұртты тың дерек, тағылымды дүниеге қанықтырды. Ал сенбі күні Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында суырыпсалма ақындардың додасы өтіп, төл өнерін төрге оздырған рухани кешке куә болдық.

18.11.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Алатаудан, арқадан ақындарым келіпсің

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Әуелі Арқада туып, Алаш аспанын рухты жырымен тербетіп, кешегі сал-серілердің сарқытындай үкілі домбырасын қолға алып, айтыс аламанында сан мәрте топ жарған Аманжол Әлтай сахнаға шығып, сөз бастады. Төл өнерімізге төрден орын берген жетісулық ағайынға ақ тілегін арнап, бұл өңірдің ежелден-ақ ақпа жырдың ақ бұлағына айналғанын атап өтті. «Тон – жағасыз, ел – ағасыз болмайды» деген аталы сөзді алға тартып, айтыстың беташар сөзін облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовке ұсынды. Айтысты асыға күтіп отырған ағайынның уақытын алмай сөз түйінін айтқан Диас Рахметұлы аламанға арнайы келген, сонау кеңестік дәуірде телевизиялық айтыстан бастап, тәуелсіздік жылдары бабадан қалған байырғы өнеріміздің көшін сүйреп, айтыстың шырақшысына айналған Жүрсін Ерман ағамыздың иығына Жетісу жұртының атынан шапан жауып, құрмет көрсетті. Айта кетейік, айтыс соңында дәл осындай құрмет айтыскер ақын, ұлағатты ұстаз, бұл күнде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтайға да жасалып, иығына шапан жапты.
Алатаудан, Арқадан
Ақындарым келіпсің.
Тілдерінен бал тамған
Жақындарым келіпсің.
Ертіс, Еділ, Іле, Сыр
Бас қосқалы келіпсің.
Жүрген жері думан жыр,
Сендер елге көріксің, – деп жырлаған жыр алыбы Жамбыл бабамыздың сөзі ақиқатқа айналды. Бұл жолғы айтыс аламанына Ертіс, Еділ, Іле, Сыр ғана емес, Алатаудың баурайын бірге жайлаған, Шу мен Талас бойында желіге құлын байлаған айырқалпақты ағайындар да жыр жүйріктерін үкілеп жіберген екен. Қырғыздан келген қос ақын мен еліміздің әр аймағынан Бақтыбай ақынның жыр ғұмырын тіліне тиек еткен он ақын айтыстың көрігін қыздырды. Театрдың көрермен залында ине шаншар орын болмады. Тіпті, адамдар жүретін баспалдаққа сығылыса отырған көрерменге қарап, төл өнерімізді сағынып қана қоймай, жаны шөлдеп қалғанын байқадық. Театр ғимаратының сыртында есік қағып, терезе тақылдатып жүрген жүздеген көрерменді де байқадық. Кеңдік танытып есікті ашып жібергенімен көрермен залында бес адам кіре қоятын орын жоқ еді. Айтса айтқандай-ақ, таңнан басталған айтыс түн қараңғылана аяқталды. Түскі үзілістен кейін де зал тола жиналған жұрт соңына дейін жыр кәусарына шөл қандырып, бір жырғап қалды.

Жалпы Жетісу жұрты той көрмей жүрген жоқ. Асылдарын ардақтап, аруағын аунатуда алдына жан салмайды. Батырлары мен ақындары, билері мен шешендері, көш бастаған көсемдері ескерусіз қалып жатқан жоқ. Бақтыбай ақын да дәріптелмей жатқан жоқ. Әртүрлі деңгейде аты аталып, жыры насихатталып жүр. Қос ішекті домбыраның пернесінде жорғалап, шанағынан төгілген күйлері мен әуендері арнайы нотаға түсіріліп, тасқа түскен таңбадай қатталып жатыр. Мұның өзі жыр жүйрігінің асыл мұрасы ұлт қоржынында рухани қазына болып сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретінінің айқын дәлелі.

Әлқисса, Бақтыбай ақынның рухын асқақтатқан жыр додасында шырайлы Шығыстың дүлдүлі, Абай елінің жүйрігі Рүстем Қайыртай бас жүлдені еншіледі. Ал көршілес қырғыз ағайындардың елінен келген Ахматбек Сұлтанұлы 1-орынды иеленді. 2-орын жетісулық жүйрік Дидар Өмірәлі мен Қарағандының қара жорғасы Мақсат Ақановқа бұйырды. Жүлделі 3-орынды Сыр сүлейлерінің жалғасы Ержан Әміров пен қоржынның қос басындай жарасқан қырғыз ақыны Изат Айдарқұловаға берді.

Жұматай ӘМІРЕ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.