Талдықорған: +19°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында өңделген өнім көлемі 68%-ға дейін артты

18.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысында өңделген өнім көлемі 68%-ға дейін артты

Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 123 кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан бері 74,2 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді. Жалпы, өңірде өндірілген өнімді қайта өңдеу көлемі 68%-ға жетті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 500,0 мың гектар болған. Бұл ретте қант қызылшасын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс құрылғаннан бері тәтті түбірдің егіс алқабы 2022 жылғы 4,2 мың гектардан биыл 12,2 мың гектарға дейін үш есеге жуық ұлғайған.

Өткен жылы өңірде қант қызылшасынан рекордтық өнім алынып, жалпы түсім 630 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар 2023 жылы үш жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты толық жаңғыртудан өткізіліп, іске қосылды. Бұдан бөлек, 60 млн еуро инвестиция тартылып, Көксу қант зауытының жылдық қуатын 500 мың тоннаға ұлғайту жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ ұзақ уақыт жұмысы тоқтап тұрған «Жетісу Мажико» агрокешені қайта іске қосылып, майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорны жұмысын жандандырды. Кәсіпорынның қуаттылығы 100 мың тоннаға дейін шикізат өңдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде өңірде қант қызылшасынан басқа дақылдарды жинау толық аяқталды. 284,9 мың гектар дәнді дақылдың 771,9 мың тоннасы бастырылды. 106,5 мың гектар майлы дақылдан 233,7 мың тонна өнім алынды. Егілген 15,2 мың гектар картоп пен көкөніс-бақша дақылдарынан 404,8 мың тонна өнім жиналды. Бүгінде қант қызылшасының 11,4 мың гектары, яғни 93,9%-ы жиналып, 452,2 мың тонна өнім алынған.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері агроөнеркәсіптік кешенге (АӨК) 20 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіру саласы да бар. Жалпы алғанда, 2025–2027 жылдарға арналған Инвестициялық жобалар картасы аясында өңірдің АӨК саласында жалпы құны 94,4 млрд теңге болатын 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде биыл ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 6 жоба жүзеге асырылуда:

— Өңірде бұрын айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу жұмыстары жүргізілуде, ирригациялық желілерді қалпына келтірудің 6 жобасы іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 23,2 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру және 5,3 мың гектар жаңа жерді айналымға қосу жоспарланған. Бұдан бөлек, су ресурстарын үнемдеу мақсатында ылғал үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану жұмыстары жүргізілуде. Биыл мұндай технологияны енгізу аумағын 55,2 мың гектарға жеткізу межеленіп отыр. Бүгінде оның көлемі 36,1 мың гектарға жетті, соның ішінде тамшылатып суару – 14,1 мың гектар, жаңбырлатып суару – 22 мың гектар, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Атап өтсек, Жетісу облысы құрылғаннан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 1,3 млн гектар жер анықталған. Оның 712 мың гектары қайта айналымға енгізілді, ал 600,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекеттік меншікке қайтарылған жайылымдық жерлердің 151,7 мың гектары елді мекендердегі жеке аулалардың мал жайылымы үшін берілді, ал 269,2 мың гектары конкурс арқылы таратылды. Қалған 179,5 мың гектар жерді айналымға енгізу жұмыстары келесі жылдың бірінші жартысында аяқталмақ.

Жалпы мал шаруашылығы бойынша айтатын болсақ, жыл басынан бері мал басы 2,6 млн басқа жетті. Нарықты ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өңірде 27,7 мың басқа арналған 71 бордақылау алаңы, 8,3 мың басқа арналған 35 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді. Сонымен қатар үш ірі тауарлы сүт фермасы 2 млрд. теңге инвестция тарта отырып, 1190 басқа дейін кеңейтілді.

Ветеринария саласы да назардан тыс қалған жоқ. Облыс құрылғанға дейін 34 ветпункт болса, соңғы үш жылда тағы 67 жаңа ветеринариялық нысан пайдалануға берілді. Келесі жылы 16 нысан салу жоспарланып отыр, соның нәтижесінде ауылдық округтер ветеринарлық нысандармен толық қамтылады.

Жалпы, биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 64 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және техниканы лизингке алу қаражаты бар. Соның 10 млрд теңгесі «Кең дала» бағдарламасы аясында бөлінген. Ал 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 403,6 млрд теңгені құрады.

Қатысты жаңалықтар

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026
«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі өтеді

«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі өтеді

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.