Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония президенті Алар Карис Қазақстан–Эстония бизнес форумында сөз сөйледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы форум екі ел арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру бағыттарында өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге зор әлеует бар екенін айтты. Ол Қазақстанда эстониялық бизнестің еркін дамуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Жиында Эстония президенті Алар Карис те екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстардың тереңдеуі маңызды екенін атап өтті.
Форум барысында қазақстандық және эстониялық компаниялар жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.






