Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді

5 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл елімізде араға 18 жыл салып ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Санақты өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған.

— Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасына және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын 2025 жылы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өткізу туралы шешім қабылданды. Премьер-Министрдің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №201-ө Өкімімен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқау беру мәселелерін шешу жөніндегі Арнайы комиссия құрылды. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін 5 247,0 млн теңге сомасында қаражат бөлінді, — делінген жауапта.

Санақ субъектілеріне заңды тұлғалар және олардың құрылымдық не оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа қожалықтары жатады. Сондай-ақ жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (саяжай, бақша, көкөніс учаскелері) және ауыл шаруашылығы үй жануарлары бар үй шаруашылықтары да енеді.

Атап айтқанда жер және егістік алқабы, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар саналады.

Былтыр бюро санақ парақтарын, ақпараттық жүйелерді сынақтан өткізіп, ұйымдастыру жұмысының деңгейін бағалау үшін 54 елді мекенде пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізді. Соның арқасында кемшін тұстар мен күшейтуді қажет ететін бағыттар анықталған.

— Биыл дайындық шеңберінде біз құқықтық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, технологиялық және материалдық-техникалық сипаттағы кешенді шараларды қолға алып жатырмыз. Бүгінде аймақтарда ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру үшін қажет бөлімдердің құрылымы бекітіліп, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары әзірленді. Үй-үйді аралап сұрау жүргізетін қызметкерлерді жұмысқа алу тәртібі пысықталып жатыр. Жалпы, ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін 4,6 мыңнан астам санақ персоналы тартылады. Олардың барлығымен тиісті еңбек шарттары және қызмет көрсету келісімдері жасалады, — деп хабарлады ведомстводан.

Санақ екі форматта өткізіледі: біріншісі – онлайн, екіншісі – интервьюерлердің аралауы арқылы.

— 1-31 тамыз аралығында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, дара кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтар сұрақтарға sanaq.gov.kz порталында онлайн түрде жауап бере алады. Санақтан онлайн түрде өтіп үлгермеген азаматтардың үйіне 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлер барады. Олар санақты планшет көмегімен жүргізеді. Санаққа онлайн қатысушыға санақ парақтарын толтыру бойынша кеңес беруге дайынбыз. Сайтта ол үшін арнайы нұсқаулықтар болады, сонымен қатар 1446 байланыс орталығындағы әріптестеріміз барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап береді, — деп мәлімдейді Ұлттық статистика бюросынан.

Еске салсақ, елімізде алғашқы ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жылдары өткізілген. Содан бері сала субъектілерін түгендеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Санақ ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу, ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақты санын анықтау мақсатында өткізіледі.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпараты бойынша, бұл салада соңғы жылдары ресми дереккөздердегі мәліметтерде орта есеппен 20% алшақтық қалыптасқан.

Коллаж: Kazinform/Freepik/Pexels

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.