Наурыздың аяғында АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Айтулы жарысқа Қазақстан құрамасынан тек екі спортшы қатысатын болды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Атап айтқанда, Қазақстан намысын әлем чемпионатында Михаил Шайдоров пен Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қорғайды.
Жарыс 25-30 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, Михайл Шайдоров бұған дейін Харбинде (Қытай) өткен қысқы Азия ойындарында қола жүлде иеленген еді. Артынша төрт құрлықтың басты додасында чемпион атанып, Денис Теннің 10 жыл бұрынғы жетістігін қайталады. Осылайша Шайдаровтың жыл басынан бері үшінші ірі жарысына қатысқалы отыр.
Ал, Софья Самоделкина болса Харбинде небәрі төртінші орын алып, жүлдеге іліне алмады.
Дереекөз: 1bol.kz
Фото: olympic.kz





