Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Жақсының жарқын бейнесі

20.11.2025
ЖАНСАРАЙ
Жақсының жарқын бейнесі
WhatsAppTelegramFacebook

Ақынбаба Үсенұлы маңдайалды маңмаңгер мұғалім, ұлағатты ұстаз еді. Жетпісінші жылдары бізге орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген ұстазымыздың ол кезде жанып тұрған жас жігіт шағы. Болмысы, тұлғасы қайран қалдыратын. Үтіктелген костюм-шалбар, ақ жейде, көз тартар галстугі, шаң жұқпайтын аяқкиімі, тап-таза жүретіні ерекше еліктіріп тұратын. Киіміне бір тал қылшық та ілінбейтін, тазалыққа деген талабы таңғажайып жан болатын. Сабақ үйрету әдіс-амалы көбінесе еркін әңгімелесу арқылы өтетін. Өзімізше орыс тілінде сөйлеп кететін едік. Оқушылардың әрқайсысының жеке басына қатысты мән-жайға, балалық қылығына көп мән беретіні біз үшін өте әсерлі есте қалатын.

1977 жылы жаздың тамылжыған бір күні, оқудан жазғы демалысқа елге бет бұрдым. Орта Теміртінің жайлауындағы әкемнің інісі Тоқтархан ақсақалдың ауылына сәлем беріп шықпақ болдым. Таулы өлкенің ну орманды қарағайлы асуымен келе жатып, құлағыма жеткен ерекше дауыстан кілт тоқтап қалдым. Тау-тасты күңіренте ән салып келе жатқан ғажайып көрініс тура көз алдымда жақындай берді. Жал-құйрығы төгілген көк аттың үстінде домбырамен ән салып келе жатқан жігіт ағасы көзіме оттай басылды. Аттың басын бос жіберіп, тізгінді ердің қасына орай салған. Астындағы жануардың өзі еш үрікпестен әнге ұйып, домбыраның үнімен тыныстап келе жатқандай әсер етті. Қандай ғажап көрініс! Тамылжыған табиғат. Жалы жер сүзген сымбатты ат, үстінде үйлесімділікті үлгі еткен, даланың күңіренген келбетін күмбірлеген домбыра дауысымен ұштастыра ән салған сал-серінің бейнесі. Тамашалап таңырқап тұра бердім. Ән шарықтап келіп, домбыраның қағысымен баяулап барып тоқтады.

Біреу айтса, осы көрініске сенуім екіталай еді. Десе де, осындай далалық сал-серілердің жұрнағындай әсер ететін көрініске Бұлғын өлкесінің халқы етене таныс. Сонымен, сол күнгі көрініс сағат жарымға созылған ашық әңгімемен тамам болды. Көкейімде «ұстазымыздың жаны серілікке құмар, өмірге деген тыныс-тіршілігі өзгеше жан екен-ау» деген ой қала берді. Бір адамның жан сыры, сөз мәнері, әңгімесі біреу үшін өмірдің бір көрінісін ашып, көкейдегі көзқарас, сезіміңді оятып кетеді екен ғой. Өнеріне таңдай қаға таңырқап айтып отырған ардақты жан 1940 жылы Моңғолияның Бай-Өлке аймағындағы Сұмынында дүниеге келген Ақынбаба Үсенұлы еді. Моңғолия астанасы Уланбатырдағы Пушкин атындағы мемлекеттік пединститутта орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын оқып, өмір жолы ұстаздықпен өткен, «Моңғолия оқу-ағарту ісінің үздігі», Моңғолия халық өнерпаздарының республикалық байқауының «Алтын медаль» иегері, екі дүркін дипломанты, Моңғолия Аудармашылар одағының, Моңғолия Журналистер одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, шетелдегі қазақ диаспорасының қайраткері бұл күнде сағынышқа айналды.

Әрбір пенде өзіне етене жақын есінде қалған жандарды өмір бойы ұстазы ретінде сыйлап, еңбегі мен өнегесін үлгі тұтып өтетіні рас. Ақынбаба ұстазыммен екінші рет ашық әңгімеміз университетте 3-курста оқып жүрген кезімде Уланбатыр қаласында болды. Басында мені біраз қағытпалап сөйлетуге ерекше көңіл бөлді. Үш сағаттан астам болған әңгімеде өзі де өмірден көрген-білгені мен көңілге түйгеніне көп тоқталды. Ашығына келсек, Кеңес одағы тарап, коммунистік партия тақтан түсетінін болжап әңгіме де айтты. Адам мен адам, адам мен үкімет, сауатты білікті адам мен сауаты төмен құлшыныс қылықтары жоқ жандар туралы, олардың бір-біріне деген сенімі жоқтығы, билік пен қара халық арасындағы алшақтық жайында біраз пікірталас ойларын бөлісті. Бұл ол кезде үш адам бас қосқан жерде айтыла бермейтін жабық әңгіме еді. Бірақ басталған әңгіме бізді біраз сыр шертуге жеткізді. Маған: «Тұлғаңда бір бөлек жалын бар екен, адамға тым сене берме, олар басқаға бұрып орға жығып кетеді. Сенің ақкөңіл, адалдығыңды бала кезіңнен білемін. Әкең Сәкең марқұмның көптеген дара қасиеті, парасаттылығы, сабырлылығы бойыңа дарып, өсейін деп тұрған ұл болыпсың. Аман жүр, адал жүр!» – деген ескертпені алғаш рет Ақынбаба ұстазымнан естігенім күні бүгінге дейін есімде. Өкінішке қарай, Ақынбаба Үсенұлының адамдардың тағдыр тауқыметіне деген адалдығы, турасын айта салатын өр мінезі, қоғамға, елге деген көзқарасы көптің қолдауына ие болмай, тағдыр тауқыметін көп көрсетті. Партияның пәрменімен білім басқармасы қызметін аудан, ауылдардағы орта мектептерге жиі ауыстырып отырды. Оған себеп әрбір заманның дәуірлеп тұрған тұсындағы биліктің жасаған жүйесі және оны орындаушы шенді-шекпенді жандардың жолға қоюы мен қарапайым халықтың ұстаным сауаттарына тікелей қатысты болса керек-ті.

Міне, сіздің тағдырыңыздың шешуші кілті де осында. Коммунистік жүйе біздің ұстазымыздың өмір жолындағы тағдыр тауқыметі ол кісінің талантты тағылымына, асау мінезіне шектеу қойғанымен талғамы, тұлғасы, тұла бойының тұнығына тосқауыл қоя алмады.

Ақынбаба Үсенұлы ел есінде «Тура биде туған жоқ» дегендей адалдығымен, сезімталдық ой-санасы ерте оянған озықтар қатарындағы қасиетімен қалды. Ақынбаба ағамыздың оқушылардың, тіпті мұғалімдердің, жалпы адамдардың көзқарас құлшынысын оятып, біліктілік-қабілетін ашуға үлкен ықпал ете алған тәлімдік кемеңгерлігі ел есіне енді түсіп жатқаны да өтірік емес.

Ұлтының қамын ерте ойлап, шеттегі аз қазақтың болашағын атажұртында көргісі келген арманын хатқа түсіріп, көшіріп алуға ықпал етуін сұрап жетпісінші жылдарда Дінмұхаммед Қонаевқа Моңғолия қазақтарының атынан хат жолдағанын Ақынбаба ағамыздан естіген едік. Отанымызға келгеннен кейін бір-екі рет қана кездестік. Бір жолы: «Моңғолиядан келген қазақтар туралы шынайы мағлұматты егжей-тегжейлі жеткізіп айтуың да дұрыс болар» деп ұсыныс айтты. Ол кезде жеке кәсіппен шұғылданып жүрген кезім еді. Бұл да болса ол кісінің қандай заман болса да өзінің әділеттіктен алыс кетпейтін жан екенінің бір дәлелі. Шынайы шындықпен өмір сүру ниетінен туындаған ой-пікірі еді.

Естелігіме осындай біртуар азаматтың әке-шешесі жөнінде де бірауыз қоса кетсем. Ұстазымыздың әкесі Үсен ата өмірден ерте өтті, біз көрмедік. Асыл жары Бақыт басқа ауылдың қызы болды. Ал анасы Бибі апамыздың мінезі қатал, жанары өткір, кірпияз, сәнқой, өте ауқатты бай адамның қызы еді. Шапан, камзол, белдемше, көйлектерінің матасы, тігілген үлгісі көне заманнан жалғасып келе жатқаны байқалатын. Киім киісі, жүріс-тұрысы бөлекше еді. Үйінде күміс, алтын бұйым көп, өте ауқатты отбасы. Көне күміс теңгелер апамыздың кимешегі мен кеудешесінде тағулы жүретін. Нағыз алтынмен апталып, күміспен қапталған ертоқымы, өмілдірік, құйысқан, жүгендері көз жауын алатын. Таспалы қамшы, өрмелі арқан, жүген, оюлы, оюсыз ағаш ыдыс көне бұйымдар да баршылық. Оларды бабымен ұқыпты ұстайтын. Бұл үйде ел аңыз ғып айтып жүретін келіскен екі көк ат болды. Соның бірін күміс ер жабдығымен ерттеп мініп шыққан кезі көз алдымда. Тіпті, ел аузында сол көрініс біразға дейін әңгіме болғаны да есімде. Ақынбаба ағамыздың Керейі пұшпақ тымағы мен зерделі шапанын киіп, күміс белбеу, саптама етік, үкілі домбырасын қолға алып сахнаға шыға келгенінің өзі бір ғажап еді! Орындайтын әніне берілетіні соншалық, домбыраның құлағын елді еліктіре бұрағанда сал-серілердің сазды әуендерін шырқайтынын білетін халық тына қалатын. Мінеки, білікті ұстаз, ұлтжанды тұлға, Біржан мен Ақан серілердің сарқытындай Алтайдың арғы бетінде аңызға тұрарлық өмір кешіп, 1993 жылы атажұртқа қоныс аударып, 1997 жылы аңсап жеткен атақонысы Жетісу жерінде мәңгілік мекеніне кеткен Ақынбаба Үсенұлының қысқаша айтқандағы өмір жолы осы.

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ,
шәкірті, ҚР Журналистер одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.