Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Банктен-банкке ақша аударғанда ұсталатын комиссия құны өспек

21 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Банктен-банкке ақша аударғанда ұсталатын комиссия құны өспек

freepik

WhatsAppTelegramFacebook

Енді бір банктен екінші банкке ақша аударғанда ұсталатын комиссия құны артуы мүмкін. Егер ол қымбаттаса, картаны қолданғаны үшін алынатын төлем мөлшері де көтеріледі. Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Келесі жылдан бастап банктердің барлық ақылы қызметтеріне қосымша құн салығы (ҚҚС) салынады. Экономистердің айтуынша, бұл өзгерістер комиссиялардың артуына әсер етуі мүмкін.

Қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досовтың айтуынша, қосымша құн салығы барлық қызмет түріне салынбайды. Ол депозит пен несие сияқты негізгі төлемдерге қатысты емес. Салық тек комиссия алынатын қызметтерге ғана қолданылады. Қазіргі таңда карта шығару және ақша аудару операцияларын тегін ұсынып отырған банктер де бар. Оның сөзінше, ондай банктер бұл салықты төлемейді.

Сонымен қатар, ол банктердің комиссия тарифтерін өздері белгілейтінін және бұл процеске мемлекет тікелей араласпайтынын атап өтті. Сондықтан салық енгізілген жағдайда, қызмет құнының өсуі мүмкін.

«Операциялық шығындардың да өсіп жатқаны белгілі. Қазіргі таңда IT-инфрақұрылым, қауіпсіздік жүйелері және қызметкерлерге жұмсалатын шығындар артып келеді. Бұл да банктердің комиссияларының қымбаттауына әсер етеді», – дейді қаржыгер Бауыржан Ысқақ.

Ал тұрғындар банктердің комиссия алуына түбегейлі қарсы емес, алайда оның шектен тыс көтерілуіне алаңдайды.

«Онда жеке ақша алып отыру керек. Банктен шешіп алып, қолма-қол жұмсайық»,
«Қолма-қол ақшаға толық көшу де оңай емес. Бірақ бұл — халыққа ауыртпалық. Комиссия мен салықты көбейту дұрыс емес», – дейді олар.

Айта кетейік, ірі банктер биылдың өзінде-ақ, салықсыз, комиссия мөлшерін арттырған болатын. Мамандардың айтуынша, бұған базалық мөлшерлеменің өсуі себеп болған. Ал келесі жылы комиссия құнының артуына салық қана емес, қаржылық саясаттағы өзгерістер де әсер етуі мүмкін. Дегенмен сұранысты жоғалтпау үшін, банктер бағаны күрт өсірмеуі ықтимал.

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.