Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Баспасөзге жазылу мәдениет пе, міндет пе?

23.11.2025
ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ, ҰЛТ ҰЯТЫ
Баспасөзге жазылу мәдениет пе, міндет пе?

ABAI.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Технология тіршіліктің бүкіл тамырына орнығып, жасанды интеллект жанды бейнемізді айна-қатесіз қайталап жатқанда немесе көкейдегі бүкіл күдік-күмәнға толы сауалымызға жып-жинақы жауап дайындап, тапсырмамызды қас-қағымда орындап беретін теңдессіз жүйе жұмыс істеп тұрған шақта, ары қарай тереңдесек, ақпарат алмасу жарықтың жылдамдығынан асып түскен бүгінгідей сырғымалы уақытта қағаз басылымның құндылығы турасында сөз қозғау Ілені теріс ағызудан да қиын шаруа екені айтпаса да түсінікті.

Десек те әлеуметтік желі мен ғаламтор жайлаған осы бір ақпараттық кеңістіктің – сансыз сайт пен сілтеме тасқынына тұншыққан түпсіз тұңғиықтың арғы бетінен әлсіз сәуле өлімші халде жылтырай жанып тұр. Ол – білім мен ғылымның сәулесі, санамыздағы айтаққа ермейтін адами болмыс пен ішкі сүзгіміздің көрінісі, гуманистік ой мен ар-ұяттың шырағы, тең таразылайтын таным мен тұнық қабілеттің, өзіндік пікір мен объективті көзқарастың, ұлттық ұстаным мен сенімнің шұғыласы. Өкінішке қарай, осы бір шұғыланы жаныштап, өшіруге ұмтылатын қоғам қалыптасып келеді. Оқу мәдениетін мансұқтап, күнделікті газетке бір көз жүгіртуді «Күштеп жаздырып отыр» деп құбылтатын тоғышарлар легі пайда болды.

Бұл топтың ішінде жас ұрпаққа қара танытып, көкжиегін кеңейтіп жатқан ағартушы мұғалімдер де төбе көрсететінін байқағанда ұлт болашағы туралы сөз қозғаудың өзі қиындай түскендей әсер қалдырады. Ұлтқа қызмет етуді ұлы мұрат санаған кешегі Алаш қайраткерлерінің, жұрты үшін жантәсілім еткен боздақтар рухының алдында төмен қарайтын ұятты жағдайға жеттік.

Газетке жазылу ісі дәл осылай кенжелей беретін болса, бірнеше жылда бүкіл білім, оқу-тоқу саласы шетінен құлдырайтыны арнайы болжауды қажет етпейтін белгілі жайт. Өйткені, оқу деген бір ғана қасиетті сөздің айналасына кітаптармен бірге мерзімді басылымдар да топтасқан емес пе? Кітап пен газет-журналды бөле қарауға болмайтынын бүгінгі қоғам сезінбей отырғаны өте өкінішті.

Газет-журналды құрдымға құлатқан қоғам ертең кітаптарды да жермен-жексен етіп, оқудан мүлде қол үзбесіне кім кепіл?! Олай жалғасқан күнде «Жалпы оқу, білім алу, балабақша, мектеп, университет бізге қажет пе өзі?» деген сауал менмұндалайды.

Қоғам деп қалдық, сол қоғамда әлеуметтік желіге байлану, шын өмірді ғаламтор арқылы қабылдау, қандай да бір оқиғаны пост пен ондағы пікірлер арқылы бағалау көрінісі қаулаған өрттей белең алды. Ең жаманы, бұл жағымсыз үрдіске мемлекеттік жүйе де бас ұрғаны қатты ойландырады!
Бүгінде билік басындағылар мемлекеттік идеологияны сайттар мен желідегі желіккен сөздерге байлап, бүтін бір халықтың рухани бағыт-бағдарын жылт еткен бейнекөріністермен паш етіп, соның желідегі қаралымын қанағат тұтып, жазылған пікірлер легіне тоқмейілсіп отыратын заман туды.

«Таяқтың екі ұшы бар» демекші, ғаламторды біреулердің абырой-беделіне нұқсан келтіріп, тұқыртып отыру үшін де шебер пайдаланатын зәлім-қулар шықты. Әсіресе, лауазымды орындарға талас-тартыс күшейгенде, жұмсақ креслоға кімнің отыратыны таразыға түскенде дәл осы әлеуметтік желі таптырмайтын теріс күшке айналды.

Ол аз десеңіз, кез келген кадр, әсіресе, мемлекеттік қызметтің майлы орындарында отырған азаматтар жұмысын көрсету үшін дәстүрлі БАҚ-ты емес, дәл осы әлеуметтік желінің күш-құдіретін қолданатын болды. Жүрген-тұрғанын, өткізген жиынын бас-аяғы 30 секундтық бейнекөрініске сыйдырып, сол арқылы санаулы аккаунттың қошеметіне ие болып, соған масайрап жүретін шенеуніктер саны өте көп.

Бұған сіз Президент аппаратынан басталған пәрмен негізінде бүкіл республикалық, өңірлік сайт-парақшаларға тоғытатын шалажансар контенттердің сілтемесін қосыңыз.

Егер мүмкіндігіңіз болса, сол сансыз сілтеменің біреуін ерінбей ашып, көз жүгіртіп, көңіл тоқтатып, қарап көріңізші. Басы бар, аяғы жоқ бейнематериалдардан, жансыз, сүреңсіз сөйлемге толы, шолақ қайырған мәтіндерден көз сүрінеді.

Ақшаға жалданып пост жазып, әдемі сөйлем құрап, әдеп сақтағансып, жалған аттармен бірді-бірге соғып отыратын блогерлер мен аты-жөні беймәлім аккаунт иелері жалаң-жұлаң етіп, қай жерден қандай қаралы хабар шыға келер екен деп түртіншектеп жүретіні тағы бар.

Иә, Қазақстанның желідегі ақпараттық кеңістігі осындай келеңсіз көрініске толы. Қуантатыны, дәстүрлі ақпарат құралдары мұндай мың тарау манипуляцияға ұрына қоймаған.

Мерзімді басылымдарда ақпараты барынша тексерілген, ақ-қарасы ажыратылған, әбден зерттеліп-зерделенген материалдар жарияланады. Бүгінгі қоғамның желіге еріп кеткені сонша, дәл осы сипаттаманы «шындықты жазбау, жағымпаздық, мақтау-мадақтау» деп түсінетін жағдайға жеткен. Олар үшін бейәдеп сөз айтыла ма, бір-бірін балағаттай ма, барлығы қаз-қалпында жариялануы тиіс. Әрине, заң нормаларын бұза отырып, еш сүзгі, қадағалаусыз бұлай материал жариялау үлкен қателікке ұрындырады. Өйткені, дәстүрлі БАҚ алауыздықты тудыратын тілдік бірліктерді, ел тұтастығын бұзып, бүлікке бастайтын көріністері бар сөз-мәтіндерді қолданбайды.

Әр басылымда жауапкершілік арқалаған журналист жұмыс істейді. Ол эмоциясын мақалада білдірмейді, бейтарап бағыт ұстанады, объективті талдау жасайды. Ұлттық тұтастық пен мемлекетшілдік мүддені басты орынға шығара біледі. Ал сайттар мен желіде ше? Халықты дүрліктіріп, резонанс тудырады да, кейіннен мәтін мазмұнын қалаған бағытында өзгерте салады. Тіпті, өшіріп тастауы да ғажап емес.

Бұл не сонда, елдің ақпарат алуы, қабылдауы оларға ойын ба? Мәселен, жуырда АҚШ ғалымдарының бір зерттеуімен танысып шықтық. Ғалымдар осыдан 10 жыл бұрын жарияланған әлеуметтік желі мен сайттардағы материалдарды іздеп көрген. Нәтижесінде, олардың 60 пайызы өшіп кеткен. Ал сіз газетке басылған мақаланы өшіре аласыз ба? Он жылыңыз не, ғасыр бұрынғы газет сандары сол қалпы сақталып тұр.

«Дәстүрлі БАҚ-тың артықшылығын, бетін ары қылсын, бірақ ел басына күн туып, төтенше жағдай бола қалса, шын түсінеді екенсің. Оған кешегі пандемия, Қаңтар оқиғасы кездерінде көзіміз анық жетті» деп айтып жүрген әр саланың қызметкері өте көп. Сол заманда бір-ақ сәтте интернет өшті, бір-ақ сәтте байланыс жоғалды, ел газет іздеп кетті, теледидардан ақпарат алды. Өкінішке қарай, осылай тізе берсек, артықшылығы өте көп мерзімді басылымдарға жазылуды басқа-басқа, дәл мұғалімдер арасында тоқтату, оған министрлік пен құзырлы органдардың араласуы, одан қалса, баяғыдан газетпен егіз ұғым саналған «Қазпоштаның» қыңырайып, баға жайлы қырық сылтауын айтып, қас жауымызға айналуы біздің қоғамның сауаттылықтан қаншалықты ажырағанын білдірсе керек.

Дамыған елдерде газетке жазылу, кітап оқу мәдениеті өте жоғары. Бірақ сол елдер технологияның түр-түрін жасап шығарып отыр. Ғаламтор жылдамдығы бойынша алғашқы бестікке кіретін АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты мемлекеттерде тұрғындардың қолынан мерзімді басылым түспейді. Тіпті, кейбір елдің мемлекеттік жүйесінде сілтеме жинау емес, газетке жазылу ісі ең қажетті азық-түлік сияқты маңызды стратегиялық тізімдердің санатына кірген. Неге? Олар оқу-тоқу шым-шытырық желіде емес, қағаз басылымда екенін жақсы біледі. Дамыған елдерде газет оқуға, газетке жазылуды міндет деп емес, мәдениет ретінде қарайды. Бізге де осы көзқарас қазіргі таңда қатты қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай оқитын ұлтқа айналу міндетін қойғаны белгілі. Ең жаманы, осы бастаманы әшейінде алаулатып-жалаулатып әкететін жауапты сала өкілдері қолдап, ары қарай жандандырған жоқ. Бірді-екілі мектептер мен кітапханаларда шаралар қолға алынғанымен халық арасында кеңінен насихаттау кемшін түсті. Алматы облыстық қоғамдық-саяси «Алатау арайы» және «Огни Алатау» газеттері Президент бастамасына алғашқылардың қатарында үн қосып, «Оқитын ұлт – оқитын отбасы» акциясын ұйымдастырды. Шара аясында Алматы облысының барлық аудан-қаласында, ауылда кездесулер ұйымдастырылып, баспасөзге бетбұрыс жасалды. Осы орайда айта кетейік, халық бүгінде әлеуметтік желі мен Бәлен.кз пен Түген.кз-тегі ақпараттардан жалығып, нақты ұстанымы бар, ұлттық мүддеге жұмыс істейтін мерзімді басылымдарды іздей бастаған. «Тасқа басылған» деп атамыз қазақ қалай дәл тауып айтты екен?! Сол сөз, сол теңеу газеттегі мақаланың балталасаң өшпейтінін, әбден зерделеніп барып жарияланатынын білдірмей ме? Ендеше, неге Президент Әкімшілігі мен Үкімет мүшелері күніне жүздеп, мыңдап саны бар, сапасы жоқ сілтеме жинағанша, газеттегі, дәстүрлі БАҚ-тағы талданған, сараланған материалдарды кеңінен насихаттап, баспасөзге жазылудың механизмін қарастырмайды? Неге барлық мекеме қызметкерлерінің PR жұмысы тек дәстүрлі БАҚ-та, оның ішінде газетте жарияланбаса, есепке алынбайтындай талап-ережелер енгізбейді? Сұрақ көп, әдеттегідей жауап аз.

P.S. Сөз соңында еліміздегі тарихы терең, мазмұны бай мерзімді басылымдардың барлығына мемлекет деңгейінде қолдау танытып, арнайы бағдарлама шеңберінде бетбұрыс жасамаса, ұлттық идеологиямызға үлкен қауіп төнеді демекпіз.

Қуаныш ТҰНҒАТАР,
ҚР Ақпарат саласының үздігі, Алматы облыстық қоғамдық-саяси
«Алатау арайы» газетінің бас редакторы
Қонаев қаласы

Қатысты жаңалықтар

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

29.01.2026
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.