Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда құрылыс қарқынды

26 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда құрылыс қарқынды
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылыстары қарқынды. Осыған сай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы бірқатар нысанды аралап, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары­мен танысты.

Бұл жолғы нысандарды аралау барысында Ернат Дүйсенбекұлы алдымен шаһардағы «Бірлік», «Құлагер» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерді көріп, құрылыс сапасына баса назар аударды. Әрі жауапты мердігер мекеме басшыларына қолға алынған жұмыс сапасына мән беріп, уақытылы аяқтауды ескертті. Осыдан соң «Жастар-3» тұрғын үй алабына салынып жатқан үйлердің жай-күйімен танысып, бірқатар кемшілікті көріп, оларды жедел жоюды тапсырды.

– Құрылыс ең алдымен сапалы болуымен өлшенеді. Себебі тұрғындар бұл үйлерде ұзақ уақыт тұрады. Сондықтан әр баспананың ішкі-сыртқы әрлеуі мұқият орындалуы тиіс. Мердігерлерге айтарым – жұмыстың көлемін емес, сапасын ойлаңыздар. Қандай нысан болса да, талапқа сай, мықты әрі ұзақ мерзімді болуы шарт, – деді қала әкімі.

Шаһар басшысының сөзінше, ел Президентінің тапсырмасына сай мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру сапасын көтеру бүгінде басты күн тәртібінде. Сондықтан өңірде мемлекеттік бағдарламалардың арқасында көптеген оң бастамалар қолға алынған. Соның нәтижесінде биылғы жылдың 9 айында Талдықорған қаласы бойынша 92,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қолданысқа беріліп жатқан үйлердің біразы жергілікті және республикалық бюджет есебінен салынса, тағы бір бөлігі жеке кәсіпкерлер мен меценаттар тарапынан өз қаражаттарына тұрғызылған.

Ал мамандардың мәліметінше, қазір Талдықорған қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған адам саны 16 мыңға жуық.  Осыған сәйкес облыс әкімінің бастамасымен әр жылы шаһарда 2 мыңға жуық адамға баспана беру көзделіп, алдағы бірнеше жылда кезекте тұрған азаматтардың көпшілігін тұрғын үймен қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін олардың бірқатары қоныс тойын тойлаған.

Айдын КӘЛІМХАН

 

 

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.