«Қазгидромет» 2025 жылдың 1 желтоқсанына арналған республиканың ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз тынық ауа райы сақталады.
Ал солтүстік пен шығыста жағдай өзгеше: мұнда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады, кей аудандарда көктайғақ болады. Сондай-ақ, еліміздің көптеген өңірінде тұман түседі, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, екпіні кей жерлерде қатты соғады.
Синоптиктер жолдарда сақ болуды, алыс жолға шығатындарға ауа райының күрт өзгеруін ескеруді еске салады.





