Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАДЫ

1 наурыз 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кез келген жастар арасындағы жарыстың мақсаты – Ұлттық құрама қатарына қабылданатын үміткерлерді қарап, ересектерге лайықты ізбасар табу. Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында бір апта бокстан жастар арасында (U 22) ел чемпионаты өтті. Кейінгі жылдары ірі турнирлерде нәтижесі көңіл көншітпей, көпшілік сынына ілініп жүрген бокстың келешегін бақылау, құрамаға қабылданатын үміткерлерді көру – бокссүйеер жан үшін айтарлықтай олжа.

– Бұл чемпионатқа әр өңірден әр салмақ бойынша барлығы 237 боксшы қатысты. Арасынан іріктелгендері Ұлттық құрамаға қабылданып, алдағы уақытта жастар арасында (U 22) болатын Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. Чемпионатты бастан-аяқ бақылауда ұстадым, мықты боксшылар бар, – деді өз сөзінде Олимпиада чемпионы, бүгінде Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі Бақыт Сәрсекбаев. Бүгінгі жарыста жеңімпаз болған және күміс алғандар ұлттық құрамаға қабылданып, үшінші орын алғандар өзара мықтыны анықтады. Бір салмақта үш боксшыдан болып, іріктеу жүйесі әділ әрі нәтижелі жүргізілуін Олимпиада чемпионы өзі қадағалады.

 Жастар арасындағы ел чемпионаты (2003-2006 жылы дүниеге келгендер) 13 салмақ бойынша өтті. Жетісу облысы бұл сында екі жүлде (бір алтын, бір күміс) алды. Өңірімізден алтын алған жалғыз боксшы – Диас Берікбай. Ол 51 келі салмақта финалда алматылық Рамазан Рузибайды айқын басымдықпен ұтты.

– Финалдық кездесу қиын болды. Рамазанды танимын, досым. Оған дейінгі үш кездесуде оңайға соққан жоқ. Ел чемпионатын 18 жасымда жеңіп отырмын, қуаныштымын. Дәл осы нәтижемен тоқтап қалмай, әлі де еңбектеніп, ел атын абыроймен әлем алдында шығару үшін барымды саламын, – дейді Диас Берікбай рингтен жеңімпаз болып түсе сала. Финалға шыққан екінші жетісулық 75 келідегі Еркебұлан Шайкенов қарағандылық Ислам Советовтан жеңілді. Ал бұл сынға қатысқан жастар арасындағы Азия чемпионы Кенже Мұратұлы (54 келі),  Бақтияр Анарбаев (67 келі) та сәтті өнер көрсетті.  

Чемпионат өз мәресіне жеткен тұста, әлем чемпионы бүгінде Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болып жүрген Мерей Ақшалов, бокстан халықаралық деңгейдегі төреші Ермек Сүйеніш Жетісу облысы бокс федерациясының жаңа президенті Әсет Қанағатовты таныстырды. Өз кезегінде Әсет Серікұлы өңір боксын өрге сүйрейтін жобалар мен жоспарлар дайындап, іске көшу керектігін айтты.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.