Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

TikTok-та танылған құсшы Мадина: Үйдің ауласынан басталған кәсіп

04.12.2025
АЛТЫН ҚОЛ
TikTok-та танылған құсшы Мадина: Үйдің ауласынан басталған кәсіп

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Бағзыда Диоген деген пақыр өткен. Ойы ойлыларды абдыратқан сол бейбақ қанша білімді болса да дүние жимапты. Ұлы Ескендір Зұлқарнайынмен кездескенде көйлегі де болмаған. Бөшкенің ішінде тұрған, соны паналаған. Қазіргі Түркияның Синоп аймағында туған пәлсапашы бірде бұлаққа су ішпекке келеді. Беліне байлаулы тостағымен су алып жатқанда қарсы бетте қос қолын бұлаққа тосып, алақандағы суға шөлін басқан баланы байқайды да, тостағын лақтыра сап, бала қарекетін қайталайды. Тостаққа сыйған су қос қолға да сияды екен. Күллі кәрі құрлықта «қарапайым өмір философиясы» осылай қалыптасыпты. Пақыр Диоген су сыйған қос қолмен тау тұрғызуға боларын білді ме екен? Біздің кейіпкер еткен еңбекті көрсе қайтер еді? Табиғаты дарытқан нәзіктікке қарамай жігерін жанып, қайратын қанаттандырған қазақтың бұрымдысы талай Диогенді тамсандырары анық, еңбегі таңдай қақтырады.

Сіз білмеуіңіз мүмкін. Ал біздің кейіпкерді күллі Қазақстан біледі. Арғысы Жайық жағалауы, бергісі Арқа даласы, Сыр мен Ертіс жағалауы тұрғындары таниды. Айшылық алыс жерден хабар алғызған әлеуметтік желінің құдіреті осы, жиі хабарласып, өнімін тұтынады. Тануыңыз да мүмкін. Сенбі сайын коммуналдық базарға барсаңыз, қаз, күркетауық және тауық етін сөресінде самсатып, өз мақамында жарнамасын жасап тұрған талдырмаш кісіні талай көрген боларсыз?! Бір мәрте көзіңіз шалған болар?! Міне, біздің кейіпкер осы. Есімі – Мадина Жансерікова. Өзі қазіргі Абай облысы, Үржар ауданының тумасы. Ал, тастай батып, судай сіңген жері біздегі Көксу ауданы, Алғабас ауылы. Алғабастың келіні.

Қазір көп жұрт тұтынатын Tiktok атаулы желі бар. Мадина сол желінің тұтынушысы. Жай ғана тұтынушысы емес, белсендісі. 60 мыңға жуық оқырманы бар. Сол арқылы күллі Қазақстанға танымал. Жиі бақылап, қарекетіне көз сүйсіндіріп жүрген кейіпкерімізге байланысқа шықтық. Басында газет бетіне шығуға қарсы болды. Өзі емес, жанында қолдаушы болып жүрген жары қарсылық танытыпты. Артынан райынан қайтып, келісті. Келісімін ала салып, шағын кәсібін дөңгеленткен үйіне бардық. Үйінің ауласы бар-жоғы алты сотық. Аула төрінде 12 шаршы метр қора бар. Сол жерде ет бағытындағы 200 тауық асырап отыр. Құдды конвейер дерсіз. Тор ішіндегі тауықтардың тазалығы таңданыс тудырды. Тордың өзі төрт қабат. Әрқайсысында 40-50-ден бройлер тауық орналасқан. Бір қабаттағы тауық тұтынушыға жеткізіліп жатса, бір бөлігіне жаңадан балапандар орналастырылуда. Себебі, өндіріс тоқтаусыз жұмыс істеуі тиіс.

– Құс етін даярлауда жолдасым көмектеседі. Еттің тауарлық келбетін кетірмеу. Құс жүнін жұлатын аппаратты қолданбаймыз. Бұл қондырғы жүн жұлғанда терісін жұлмалап тастайды. Барлық өндіріс қолмен жүзеге асырылады. Бұл отбасылық кәсіп қой. Жолдасым мен атам жемшөбін қамдайды. Бройлер өте кірпияз құс. Ауа температурасының сәл төмендігінен де зардап шегеді. Жем мен су алдында тұрақты тұруы тиіс. Олай болмағанда тағы да қиын. Бұл құс тазалықты сүйеді. Балаларым астын тазалап, қора ішінде тұрақты санитарлық талапты сақтайды, ­– дейді Мадина.

Кейіпкеріміз көпбалалы ана. Кәсіп бастауына да сол балалары түрткі болған. Ұрпағының қажеттілігін өтеу үшін бір айлыққа қарап отыру қиынның қиыны. Себебі, күнде түрленген базар бағамы қалтаға соғады. Содан 5 жыл бұрын тауық өсіруді қолға алған. Жолдасы ауылында бала күнінен тауық ұстаған соң қарсылық білдірмепті. Бірақ, кірпияз құсты ұстауда талай қиындыққа тап болған. Әдетте бір кісінің бір салада жеткен жетістігін көреміз де, ал жетістікке қандай жолмен жеткенін аңғармаймыз ғой. Алғашында көп шығынға батқан. Өсірген құстың бабын таба алмаған. Сатып әкелген балапандары тауыққа айналғанда түгел қырылған кезі де болған. Кемшілікті осындай шығындар нәтижесінде жетістікке ұластырған.

– Қазір үлкен жетістікке жеттік дей алмаймыз. Қателік көп болды. Сан соққан кезіміз жетерлік. Сол қателікті сабаққа айналдырдық. Мамандығым қаржыгер және аспаз. 19 жылға жуық аспаздық еттім. Қазір түбегейлі осы кәсіпке ден қойдық. Сұранысқа сай тауар түрін молайттық. Биыл қаз бен күркетауық өсіруді қолға алдық. Бройлерден өзгесі сыртта, жақындарымыздың фазендасында. Күнде барып жем-суын беріп тұрамыз, – дейді құсшы.

Мадина бұл кәсіпті тынымсыз қарекетпен бастаған. Нәті әйел болса да ерлерге бергісіз еңбек етіп жүр. Қорасындағы қабатты темір торларды жолдасы қолдан жасап берген. Мұндағы ауаны ылғалдағыш та өз қолдарынан жасалған. Шыны керек, бройлерге жылы ауа мен ылғалды ауа қажет екен. Қолқалауымызбен қаз өсіретін фазендасына да бардық. Мадинаның желідегі белсенділігі соншалық, әңгімелесу барысында құс етін алу үшін бірнеше кісі хабарласты. Бірі – Оралға, бірі – Қордайға, бірі – Астанаға салып жіберуді өтінген. Құсшының айтуынша, құс етін Нидерландыдағы талдықорғандықтардың сұрауымен сонда да салған кезі болыпты.

Кейіпкеріміздің таң атпастан жүзеге асыратын шаруасы қазды қойдай жайып келу. Ұйқыдан көзін тырнап ашысымен жолдасы екеуі фазендаға асығады. Таң қылаң бере құстарын өзен арнасына шомылдырып, жайып келеді. Қазір мұнда 100-ге жуық қаз қалған. Көктемде бұл құстың саны 500-ден әріге жығылған. Келер жылы линда тұқымды қаздың санын қайта молайтпақ. Себебі, бройлермен қатар талдықорғандықтардың қаз етіне сұранысы артқан. Әр сенбіде базарға апарғаны түске дейін саудаланып кететін Мадина мұны жақсы түйсінеді.

Құрметті оқырман, мақаланы оқу барысында «тауықты кім асырамай жүр» деген қасаң ой жүгіруі мүмкін. Тауық асырап, отбасын сол тауықпен асырап отырған қоғамда әйелдер аз. Оның үстіне, жемшөп қымбаттаған кезде құс ұстау да оңай емес. Жоғарыда айтқанымыздай, бір бройлер тауық күніге 200 грамм жем тұтынады. Қорадағы 200 құс күніге 40 келіге жуық жем жейді. Ал олар құр бидайды шаша салғанды қанағат қылмайды. Құрамы байытылған жемді жейді. Мұндай жемнің бір қабы 25 келіден, әр қабы 10 мың теңгеден жоғары тұрады. Шағын болса да кәсібін дөңгеленткен, үкіметке ауыз ашып отырмай қарекет еткен нәзікжандыға қалай сүйсінбейсің. Айтпақшы, Мадина мемлекет тарапынан берілетін пайызы төмен несиені де алуға тырысқан. Екі мәрте. Екеуінен де қағылған. Содан бері өз күшімен, ептілігімен құс өсіріп келеді. Ақылы мен пайымын, күші мен жігерін, бастысы, екі қолын бос етпей еңбек етіп жүрген қазақтың қызы талайды тамсандыруы керек. Құрметтелуі керек. Талабыңыз таудай болсын, Алғабастың келіні Мадина Жансерікова!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.