Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының әкімі Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

28 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының әкімі Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ресми делегацияны жылы қабылдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз сөзінде екі елдің арасындағы туыстық қарым-қатынасты тілге тиек ете келе, Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталды.

— Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған туысқан қазақ-қырғыз халқының салт-дәстүрі де, көзқарастары да ортақ. Көрші елдермен достық қарым-қатынасты нығайтуға біз де мүдделіміз. Жетісу облысында қазіргі кезде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергитика, туризм, көлік-логистика салаларына басымдық беріледі, — деген өңір басшысы Алакөл мен Балқаш көлдерін дамытуға, шекаралық аймақтарды өркендетуге көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Өндіріс саласының әлеуетіне де тоқталып, қырғыз кәсіпкерлерінің бизнес жобалары болса, бірлесіп қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Қырғыз елінің ресми өкілі Женишбек Асанкулов келген сапарының мақсатына тоқталып, екі ел президенттерінің уағдаластығына байланысты өзара ынтымақтастықты дамытуда бірқатар ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, бизнес форумдарды бірлесіп өткізу, туристік бағыттарды дамыту, сол сияқты мәдениет және білім беру салаларында өзара тәжірибе алмасуы жайлы сөз етті. Соның ішінде Жетісу облысы мен Қырғыз Республикасының Нарын облысының арасында нақты жобаларды қолға алу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысында облыс басшысы Бейбіт Исабаев Бас консул тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді қолдайтынын және оларды бірлесіп атқаруға, нақты жобаларды қарастыруға дайын екенін жеткізді.   

Фототілші: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.