Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Түркістан облысы:
Таулы аудандарда қатты қар жауады. Оңтүстікте және таулы аймақтарда көктайғақ пен жаяу бұрқасын байқалады. Облыстың батысы, оңтүстігі, орталығы мен таулы бөлігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Шымкентте және Түркістан қаласында 10 желтоқсанда тұман түседі.
Маңғыстау облысы:
Батыс, солтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ орын алады. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады.
Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ байқалады, күндіз жел 15-18 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысы:
Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман орнайды. Желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-қа дейін ұлғаяды.
Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысы:
Батыс өңірде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін артады.
Атырауда шығыстан соққан желдің қарқыны күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысы:
Оңтүстік және таулы аудандарда қалың қар түседі. Солтүстік және оңтүстікте тұман мен көктайғақ байқалады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматыда және Қонаевта түнде қалың қар жауады, кей уақытта тұман мен көктайғақ орын алады.
Қызылорда облысы:
Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін үдейді.
Қызылорда қаласында күндіз жел күшейеді.
Абай облысы:
Қар, бұрқасын мен көктайғақ байқалады. Түнде солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерде қалың қар жауады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Семейде қар мен бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысы:
Қар, бұрқасын және көктайғақ орын алады. Солтүстік пен шығыста қар қалың түседі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Өскеменде қар мен бұрқасын байқалады.
Жамбыл облысы:
Батыс, оңтүстік және таулы аудандарда қар жауады, түнде таулы аймақтарда қар мөлшері артады. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман орнайды. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Таразда тұман мен көктайғақ байқалады.
Ақтөбе облысы:
Түнде орталықта, күндіз батыс және оңтүстікте жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін артады.
Павлодар облысы:
Оңтүстік пен шығыста қар мен бұрқасын жүреді. Солтүстік пен батыста тұман байқалады. Жел екпіні 15-20 м/сқа жетеді.
Қарағанды облысы:
Солтүстік және шығыста қар мен бұрқасын жүреді. Кей аймақтарда тұман мен көктайғақ орын алады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қаласында түнде қар жауып, көктайғақ байқалады.
Ұлытау облысы:
Солтүстік, шығыс және орталық бөліктерде тұман түседі.
Жезқазғанда да тұман орнайды.





