Талдықорған: +1°C
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісудың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті

12.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісудың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті

ОКҚ

WhatsAppTelegramFacebook

Елорда төріндегі Орталық коммуникация қызметі алаңында Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші таныстырылды. Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ аграрлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын айтып, атқарылып жатқан игілікті істерге тоқталып, ақпарат алаңындағы тілшілер қауымының қойған сұрақтарына толық жауап берді. Баспасөз мәслихатында аймақтың өркенді жетістіктері мен көрсеткіштері сараланды.

Өсім қарқыны жоғары

Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен алдағы жоспарлары жайын қысқаша таныстырып өткен Бейбіт Өксікбайұлы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн. теңгеге жетіп, 14,8%-ға ұлғайғанын, жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн. теңгені құрайтынын тілге тиек етті.

Жалпы аймақта ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тұрғын үйді пайдалануға беру, құрылыс жұмыстарында өсім көрсеткіші жоғары. Биылғы 10 айдың қорытындысында барлық салада тұрақты өсім бар. Жыл басынан бері облыс экономикасына 17,5% өсіммен 397 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өңірде 2023-2025 жылдары 108,5 мың жұмыс орны құрылып, 70 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасып, жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға төмендеді.

Жер жаннаты Жетісу өлкесін мекендеген халықтың дені егін салып, малмен жан бағады. Жұрттың ырысы мен тынысы осы қос салаға тікелей байланысты. Бейбіт Өксікбайұлы агроөнеркәсіп кешенін тиімді дамыту, ауылшаруашылығын уақыт талабына сай өркендету мәселесіне ұдайы көңіл бөлінетінін айтып, осы сала бойынша атқарылып жатқан шаруаларды баяндады.

Аймақ басшысы биыл облыстың ауыл шаруашылығы саласына жыл басынан бері 25 млрд. теңге инвестиция тартылғанын, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталғанын, 2025-2027 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 94,4 млрд. теңгеге 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланғанын айрықша атап өтті.

– Аграрлы аймақтың бұл салада өндірген өнімінің жалпы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 3%-ға өсті. Биыл өсім 5% болады деп күтілуде. Ал ирригациялық желілерді қалпына келтіру бойынша жалпы сомасы 37,7 млрд. теңгеге 11 жоба іске асырылуда. Өткен жылы 5 нысанның жұмысы аяқталып, айналымға 4,8 мың гектар суармалы жер енді. Келесі жылдың соңында қалған 6 жоба бойынша айналымға 3,2 мың гектар жаңа суармалы алқапты енгізу және 23,2 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 49%-дан 68%-ға дейін өсті. Жоспарымыз 80%-ға жету. Ақсу қант зауыты толық модернизациядан өтіп, қайта іске қосылды. Майлы дақылдарды қайта өңдейтін «Агрокомплекс Жетісу Мажико», «Көксу қант», «Жаркент крахмал-сірне» зауыттарының қуаты ұлғайтылды. Сонымен қатар, облыста жыл сайын 100 мың тоннадан астам сүт, 1,5 мың тоннаға дейін балық өңделеді, – деді облыс әкімі.

Ырысы мен тіршілігі шалқыған өңірдің тынысы да қалыпты. Қант қызылшасын себетін жер көлемі жылдағыдан 3 есе жоғары болғандықтан биылғы өнім де сол нәтижеде еселенді. Айталық, 2022 жылғы 4,2 мың гектардан 2025 жылы 12,2 мың гектарға жетті. Бұл кең алқаптан биыл 490 мың тонна тәтті түбір жиналып, 87 мың тонна қант өндіру жоспарлануда.

Өнеркәсіпте өнім молайды

Атқарылған істер ауқымы кеңейіп, мол мүмкіндік мекеніне айналған аймақтың өнеркәсіп өнімі 5 пайызға артпақ. 2023-2025 жылдар аралығында 27 жаңа өндіріс орны іске қосылғанын айта кеткен жөн. Өнеркәсіп жайын кеңінен айтқан облыс басшысы жұмыс істеп тұрған 7 кәсіпорын кеңейтіліп, барлығы 1571 жаңа жұмыс орны ашылғанын жеткізді.

– Биыл «Қайнар АКБ» зауыты қайта жаңғыртылды. Қуаттылығы жылына 100 мың жаңа буындағы өнеркәсіптік аккумуляторға дейін өсті. Инвестициялар 10 млрд. теңгені құрап, қосымша 150 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, жылдық қуаттылығы 210 мың дана болатын өнеркәсіптік стационарлық аккумуляторларды шығаратын жаңа «ASMA Industrial» зауыты іске қосылды. Нәтижесінде 180 тұрғын жұмыспен қамтылды. Алакөл және Сарқан аудандарында 42,9 млрд. теңгені құрайтын 50 МВт екі жел электр стансысы салынды. Бүгінгі таңда облыста жалпы қуаты 251 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 18 нысаны жұмыс істейді, – деді облыс басшысы.

Текелі мен Талдықорған қалаларында газ турбиналық электр стансыларының құрылысы таяуда аяқталады. Алдағы 2 жылда тағы 30 өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыру кезек күттірмейтін басты мәселеге айналуда. Ал Кербұлақ ауданында құны 1,3 триллион теңге болатын «Консолидацияланған құрылыс және тау-кен компаниясы» мегажобасы қолға алынды. Жоба толық аяқталғанда тұрақты 2230 жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс орталығында ұнтақтау шарларын шығаратын «ME-ELECMETAL» зауытының құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Келер жылы облыста тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты іске қосылмақ. Бұл жеке инвестор «Жасыл Жетісу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысуымен жүзеге асатын бірлескен жоба.

Жемісті жобалар

Сауда-саттықтың жанданған, ішкі-сыртқы алыс-берістің күшейген белдеуіне айналған, ел экономикасының даму нүктелері саналған «Қорғас» пен «Достық» кеден бекеттерінің тыныс-тіршілігі де ел назарынан қалыс қалмады. Өңірдің экономикалық даму көрсеткішінің негізгі факторларын атап өткен облыс басшысы:

– «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» 32 жобаны жүзеге асырып, 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Олардың қатарында ENVISION жел турбинасы мен энергия сақтау жүйесі зауытының, MacCoffee кофе және шай сусындарын шығаратын зауыттың, «SkyHansa» халықаралық әуежайының құрылысы сияқты ірі жобалар да бар. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» тиімділігін арттыру үшін екінші жүк терминалы жаңғыртылып, іске қосылды, Face ID және мемлекеттік жүйелермен интеграция енгізіліп, «Қазпочта» АҚ жүк тасымалдау қызметін бастады. Нәтижесінде келушілері күніне 5000 адамға дейін екі есе өсті, – деді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша салықтар мен кедендік төлемдер 3,6 млрд. теңгеге жетті. 2025 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 6,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге өскен. «Нұр Жолының» өткізу қабілетін арттыру мақсатында ірі көліктерге арналған 2,4 шақырым айналма жолдың құрылысы толық аяқталды. Ал «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арқылы жолаушылар тасымалдайтын көліктердің бағытын өзгерту жоспарланған. Бұл көлік кептелісін одан әрі жеңілдетуге және теміржолдың өткізу қабілетін 30-40 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Алтынкөл – Жетіген екінші теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүзеге асырылуда. Жұмыс 2026 жылы аяқталып, игілігін ел көретін болады. Бұл жобаларды жүзеге асыру Алтынкөл стансысының өткізу қабілетін айтарлықтай арттыратыны анық.

Еңлік Кенебай

Қатысты жаңалықтар

Теміржол қауіпсіздігі ережелері

Теміржол қауіпсіздігі ережелері

03.03.2026
Уақыт талабынан туған

Заң үстемдігі және әділетті қоғам

03.03.2026
Талдықорғанда IT мамандарды даярлайтын 1С орталығы ашылды

Талдықорғанда IT мамандарды даярлайтын 1С орталығы ашылды

03.03.2026
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

03.03.2026
Құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шара өтті

Құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шара өтті

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.