Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жаһан жарысындағы «Жетісу»

14.12.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жаһан жарысындағы «Жетісу»

Серік Қантай

WhatsAppTelegramFacebook

Филиппинде сәуірде өткен Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы есебінде клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алған «Жетісу» волейбол клубы жаһанның таңдаулы сегіз командасы бас қосқан Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы турнирде сынға түсті. «А» тобында Еуропаның ғана емес, Әлемнің таңдаулы клубы Италияның «Савино Дель Бене», Бразилияның «Озаску Сан-Кристован» және Перудің «Альянца Лима» командаларымен ойнады.

БАҒЫТЫМЫЗ БРАЗИЛИЯ

Қашық орналасқан құрлыққа жол түсті. Әуелі Алматыдан Дохаға дейін 5 сағат, одан ары Сан-Паулуға дейін 15 сағат ұшақ ішінде болдық. Екі ауылдың ортасындағы интернет байланысын реттей алмай жүргенде Атлант мұхитының үстінде ғаламторды емін-еркін ақтарып, бір қиырдан екінші шетпен желі арқылы байланысып отырдық. Қарсыластарды шама-шарқымызша бағамдап, әр ойыншысына талдау жасадық. Әрине, таңдаулы командалар тізімінде «Жетісу» волейбол клубының тұрғандығының өзі жетістік еді. Алайда ойын барысында барымызды салып, жеңіс жолында күш-жігерді аянып қалмақ емеспіз.

Қазақстан мен Сан-Паулу арасындағы қашықтық – ел волейболының тарихындағы ең ұзақ сапар. Ал «Жетісу» өз тарихында тұңғыш рет жаһан жарысына қатысып отыр. Ойыншылар алыс жолдан келгендіктеріне қарамастан жаттығуға бірден кірісіп, ойынға дайындық жүргізді. Өзінің клубтар арасындағы әлем чемпионатына үшінші рет қатысқалы отырған (екеуінде «Алтаймен» 2018, 2021 жыл), «Жетісу» волейбол клубының капитаны Кристина Аниконова: «Бұл турнирден тартысты әрі қызық ойын күтемін. Бастысы, жаһанның мықтыларымен ойнау арқылы мол тәжірибе жинаймыз», – деген болатын.

Волейболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты дәл осы Сан-Паулудан басталады. Бразилияның осынау әсем қаласында алғаш 1991 жылы ұйымдастырылып, «Садия Сан-Паулу» командасы жеңімпаз атанды. Содан бері 18 мәрте өтті (1993 жылы және 1995 жылдан 2009 жылдар аралығында өтпеді, 2020 жылы індетке байланысты болмады). Ал тарихта Азияның командаларынан тек 2024 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында болған турнирде «Тяньцзинь Бохай Банк» (Қытай) финалға шықты. Бірақ, «Порсекко Док Имоко Конельянодан» (Италия) шешуші ойында 0:3 (21:25, 15:25, 20:25) есебімен жеңілді. Соған дейін және одан кейін Азия құрлығынан финалға ешкім шықпады. Ал биыл Азия аймағынан тек «Жетісу» волейбол клубы қатысты.

СӘТТІЛІК ЖЕТПЕДІ

Бас бапкердің бас қатыратын тұсы көп болды. Ол құрлық ауыстырудан басқа, ойыншыларды алмастыру. Неге? Былтырғы ел чемпионатының және Азия чемпиондар лигасының үздігі болған Карина Денисова жарақаттан кейінгі қалыпқа келу жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты командадан кетті. Ал клубтар арасындағы әлем чемпионатына үш күн қалғанда команда қатарына Қытай құрамасының ойыншысы Мяо Йвэнь қосылды. Бұл ойыншы үшін жарысқа қатысуға өте аз уақыт. Одан бөлек, либеро Мадина Бекет саусағынан жарақат алып, жарыс алдындағы талай жаттығудан тыс қалды. Күн мен түн ауысып, ойындар кестесі еліміздегі уақытпен түн ортасында, таңға жуық болды. Бұл да айтарлықтай әсер етті.

Серік Қантай

«Жетісу» клубтар арасындағы алғашқы ойынын «Савино Дель Бене» (Италия) командасымен өткізіп, 0:3 (22:25, 21:25, 20:25) нәтижесімен жеңілді.

– Шыны керек, сіздердің командаларыңыздан дәл осындай қарсылықты күтпедік. Ойыншыларыңыз талантты әрі тактикалық тұрғыда жақсы екендіктерін көрсетті. Тосқауыл мен қорғаныста өте сауатты ойнады. Бүгінгі жеңіске біздің тәжірибеміз көп көмектесті деп ойлаймын, – деді кездесуден кейін Әлем волейболында өз есімін қалыптастырған тәжірибелі байланыстырушы Майя Огненович (Сербия). Талай мықты клубта ойнаған ойыншы «Жетісу» волейбол командасына оң баға беріп, дұрыс бағытты бетке алғандығын айтты. Одан бөлек, Олимпиада және Әлем чемпионы Екатерина Антропова (Италия): – «О баста ойынның қиын болатындығын білдік. «Жетісудың» қыздары жарады. Доп қабылдау барысында қателік көп жіберген жоқ. Менің ойынға қосқан доптарымның өзін еркін қабылдап отырды, әрине, мен үшін өкінішті жағдай. Ал командадан ерекшеленген екі ойыншы болса, бірі 13 нөмірдегі (ред. Кристина Белова) волейболшымен диагоналдағы шабуылшы (ред. Татьяна Никитина) біз үшін көп мәселе туғызды», – дейді. Елден ала келген базарлықтың аузын ашып жіберіп, арасынан «Қазақстан» шоколадын ұсынғанымызда жаһанды өз ойынымен қуантып жүрген 22 жастағы волейболшы шынайы риза болды. Артынша Instagram желісінен анасы Ольга Антроповадан хат келді. «Қызым, орыс тілінде сирек сұхбат береді, видеосын көргім келеді. Айтпақшы, сіз білесіз бе, мен Алматыда дүниеге келгенмін. Қызым шоколадтың суретін жіберіпті. Бәріміз риза болып жатырмыз», – деген жазбаны оқығанда біз де таңырқадық. Әлемнің үздік волейболшысының анасы біздің елде дүниеге келген.

«Жетісу» волейбол клубын екінші ойын күні Перудің «Альянца Лима» командасы күтіп тұрды.

Тартысқа толы ойында талдықорғандықтар 1:3 (26:24, 21:25, 23:25, 24:26) есебімен есе жіберді. Әр сетті өз пайдасына шешуге бір қадам қалғанда артқы аймақты ашық қалдырып, қарсыластың допты ақырын лақтырған сәтінде көз жазып қалды. Қорғаныс сетінеп кетті. Бұл ойында осыған дейін алаңға жарақатына байланысты шықпаған Мадина Бекет, ойын ортасында аздан ғана қосылып жүрген Мяо Йвэнь толық ойнады. Соңына дейін тайталасып баққан жетісулықтарға сәттілік жетіспеді. Аренаға арнайы жанкүйер болып келген талдықорғандық Сәуле Жорғатай сөзімізді қуаттай түсті. Ел аралап, жер көріп жүрген ағамыз бен жеңгеміздің Сан-Паулуға сапарында «Жетісудың» да ойындары тура келген. «Климат басқа, уақыт белдеу өзге болғандықтан ойыншыларымызға қиын болған сыңайлы. Бірақ әр сет сайын қарқын қосып, әр доп үшін болатын тартысты күшейтіп жатыр. Бұл қуантады», дейді жанкүйер.

Серік Қантай

Топтық кезеңдегі соңғы ойынын жергілікті «Озаску Сан-Кристован» командасымен өткізіп, 2:3 (17:25, 25:23, 25:21, 18:25, 17:19) есебімен есе жіберді. Залда артық орын болмады. Жанкүйерлердің қолдауынан құлақ тұнады. Есеп таразының екі басында кезек тұрып, табло сәт сайын өзгеріп жатты. Ойыннан кейін «Жетісу» волейбол клубының бапкері Марко Гршич: «Ойыншыларымыз жарады. Сәттілік жетпеді. Соңына дейін күрескен әр волейболшыға алғысымды айтамын. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, бір аптадан кейін Өскеменде Қазақстан кубогында барымызды саламыз. Бұл біз үшін үлкен сын болғалы тұр», – деді.

«Жетісудың» желтоқсандағы кестесі расымен қиын. Клубтар арасындағы Әлем чемпионатынан келе сала Кубокта ойнайды. Өткен маусымда өзі қатысқан барлық жарыста жеңіске жеткен «Жетісу» үшін бұл – үлкен сын.

Серік ҚАНТАЙ
Сан-Паулу,
Бразилия

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.