Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаркентте мал қыстауы – дайындық тыңғылықты

Қыстың қырауында қолдағы малын жүдетпей, шығынсыз шығару үшін жаркенттік шаруалар табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланып, қордағы жемшөп қорын үнемдеу жолын қарастыруда. Ауданда қыс пен көктемгі мал төлдету науқанына жалпы 315 мың тоннадан астам көпжылдық және табиғи шөп, 26,5 мың тоннадан астам сүрлем, 37,5 мың тоннадан астам сабан, 17,7 мың тоннадан астам пішендеме және 54 мың тоннадан астам жүгері жемі дайындалған. Ауданда әзірленген мал азығының 80 пайызы өңірдегі 470 мал қыстауына жеткізіліп, жиналған. Мал қыстату науқанында қазір 521 малшы еңбек етеді.

16 желтоқсан 2025
КҮНДЕРЕК
Жаркентте мал қыстауы – дайындық тыңғылықты
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірде соңғы жылдары төрт түлік саны еселеп өсті. Бүгінгі таңда аудан бойынша 344 мың бастан астам қой-ешкі, 122 мыңнан астам ірі қара, 27 мыңнан астам жылқы және 350 түйе қыстатылуда. Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі ұсақ мал мен жылқы саны 50 пайызға өскен.

Осы орайда ауданда асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарының саны 10-нан 34-ке дейін көбейгенін айта кетсек артық болмас. Осыдан 3 жыл бұрын Талды ауылдық округіне Нұрдәулет Найманбаев 100 асыл тұқымды қалмақ сиырын Ресейден әкелген болатын. Биыл күзде сол малдан өскен 100 бас еркек тайыншаны сатты. Басқұншы ауылдық округінде Бақыт Жақыпбеков 58 «Сементал» асыл тұқымды құнажын сатып алып, қазір өз төлі есебінен көбейтуде. «Көктал агро» ЖШС 1150 сауын сиырға лайықталған сүт фермасын салып, іске қосқанына 3 жылдан асты. Мұнда Австралиядан әкелінген Швед тұқымды 473 құнажын сауылып, күн сайын 6 тонна сүт Талдықорғандағы сүт өңдеу зауытына жөнелтілуде. Осындай іс-қимыл «Ернар» ЖШҚ-да жасалуда. Мұнда ағылшын тұқымды 523 «Jersi» сүтті сиырының бұзаулаған 300-ден астамы сауылып, аптасына 10 тоннадан астам сүт өткізілуде.

Күзде Жаркент өңірінде 150 мыңнан астам саулық асыл тұқымды қошқарлардан алынған ұрықпен қолдан қашырылды. Бұл саулықтар наурыз айының 20-жұлдызынан бастап төлдейді.

Тағы бір айта кететін маңызды мәселе – елді мекендер маңында тұрғылықты халықтың малын жаюға жер қалмай барады. Бұл мәселе соңғы кезде еліміздің барлық аймақтарында жүз беріп жүр. Бір ғана Жаркент қаласынан күнде таңертең оннан астам сиыр табыны өріске шығады. Солардың көпшілігі күзде егістік алқаптары босағанша таршылық көреді. Тіпті егін егуге жарамсыз Өсек өзенінің жағасындағы жайылымдық жерлер соңғы жылдары кәсіпкерлерге көптеп кесіп берілгендіктен мал жайылатын жер айтарлықтай тарылды. Жер бөлгенде әкімдер осы мәселені назардан тыс қалдырмағаны жөн.

Түйіндеп айтсақ, өңірдегі мал биылғы қыстан шелді шығарына мамандар мен малшылар сенімді. «Шелді мал төлді» демекші, шаруақор жұрттың тілегінің жүзеге асуына біз де тілекшіміз. Өйткені бұл да ел ырысын еселер береке бастауы.
Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.