Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Такси қызметінің ережелерін түбегейлі өзгереді

17 желтоқсан 2025
КҮНДЕРЕК
Такси қызметінің ережелерін түбегейлі өзгереді

depositphotos.com

WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда «такси жүргізушісі» деген ресми ұғымды енгізіп, такси жүргізушілерінің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін заңмен бекітуді ұсынды. Осыған байланысты ол Көлік министріне депутаттық сауал жолдады.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бүгінде елімізде жолаушы тасымалдау саласында 500 мыңнан астам такси жүргізушісі жұмыс істейді. Алайда бұл  ресми емес деректер. Себебі сервистер жүргізушілер туралы нақты ақпарат ұсынбайды, дегенмен олар «күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды».

«Бұл адамдардың тағдыры, олардың өмірі мен денсаулығын біз заңнамалық деңгейде қорғауға тиіспіз», — деді ол.

Депутаттың айтуынша, қолданыстағы заңдарда әлі күнге дейін заманауи сервистердің жұмысын толық көрсете алмайтын кеңестік кезеңнен қалған ескі терминдер бар. Әр сапарда жолаушылар мен жүргізушілердің денсаулығы тиісті деңгейде қорғалмай отыр.

«Негізінде, олардың қызметі “сұр аймақта” қалып отыр. Жауапкершілік, қауіпсіздік стандарттары, алгоритмдердің ашықтығы, сақтандыру, жолаушылар мен жүргізушілердің құқықтарын қорғау мәселелері құқықтық алаңнан тыс қалған», — деді депутат.

Ол Қазақстанда «такси жүргізушісі» деген нақты анықтама жоқ екенін, кімнің не үшін жауап беретінінің, жүргізуші мен таксопарктің құқықтары мен міндеттерінің айқындалмағанын атап өтті. Соның салдарынан такси жүргізушілері әлеуметтік тұрғыда қорғалмай отыр.
Сондай-ақ, депутат күнделікті медициналық тексеруден өту талабы формальды сипатқа ие болып, іс жүзінде орындалмайтынын айтты.

«Нәтижесінде тапсырыстарды жүргізуші куәлігі жоқ адамдар да орындай алады, ең қауіптісі  рульі оң жақта орналасқан көліктермен жоғары жылдамдықпен қалааралық тасжолдарда жүретіндер бар. Кейбір агрегаторлар сапардың нақты құнын көрсетпейді. Қолма-қол емес төлем жасау мүмкіндігі жоқ. Кейбір қосымшаларда жедел қызметтерді шақыру жүйесі мен клиентпен тәулік бойы байланыс орнататын қолдау қызметі қарастырылмаған», — деді мәжілісмен.

Елнұр Бейсенбаев депутаттық сауалында мыналарды ұсынды:

  • агрегаторларды әрбір сапар үшін жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыруға міндеттеу;
  • «такси жүргізушісі» деген ресми анықтама енгізіп, олардың мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін заңмен бекіту; жүргізушінің тапсырысты өзі орындауын және ең төменгі санитарлық талаптарды сақтауын міндеттеу;
  • формальды күнделікті тексерудің орнына тұрақты медициналық тексерулер жүргізіп, бақылауды Денсаулық сақтау министрлігінің жүйелері арқылы автоматтандыру;
  • жолаушыларды сапардың нақты құны туралы хабардар ету, жылдамдық пен маршрутты бақылау, жүргізуші мен көлік деректерін мемлекеттік дерекқорлар арқылы тексеру.

Қатысты жаңалықтар

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Бүгін, 09:07
Ет қақтап, шұжық айналдырған

Ет қақтап, шұжық айналдырған

Бүгін, 09:00
150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.