Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорының сарайына барды.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Президентін Жапония Императоры Нарухито қарсы алды.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барған болатын. Қазақстан Президентін Токио қаласындағы Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Бүгін Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен ресми келіссөздер жүргізеді.





