Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Тоғызқұмалақтан үздіктер анықталды

18 желтоқсан 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Тоғызқұмалақтан үздіктер анықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік күніне орай Талдықорған қаласындағы Үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан облыстық жарыс өтті. Дәстүрлі түрде өткен бұл сайыс халқымыздың зияткерлік мұрасын дәріптеуге және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Салтанатты ашылу рәсімінде Үстел ойындары және спорттық туризмнен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мерей Суюнов Тәуелсіздік күнінің маңыздылығына тоқталып, тоғызқұмалақтың ұлттық рухты көтерудегі рөлін ерекше атап өтті. «Жетісу облысының тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ президенті Жалғас Жұмасилов, дойбыдан аға жаттықтырушы Азамат Мамырбаев зияткерлік ойынның ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқанын кеңінен насихаттау керектігін тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа облыстың 98 үздік спортшы қатысып, өзара бақ сынасып, тартысты ойын ұйымдастырды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілеті мен шеберлігін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша 2019-2017 ұлдар арасында Бекасыл Советбай І, Нұрлыбек Берікбол ІІ, Ясин Еділ мен Серік Аят ІІІ орынды иеленді. Ал қыздар арасында Айнұр Серікова І орын, Әмина Төлеутай ІІ, Алуа Болат, Айдана Мырзағали ІІІ орынды қанағат тұтты. 2016-2015 ұлдар арасынан Шалқар Нұрлан үздік шықса, Әрсен Нұрқадір ІІ, Алинұр Сәкенұлы мен Марлан Берікбол ІІІ орыннан көрінді. Ал қыздар арасынан Мадина Нартай үздік атанып, Шұғыла Болат ІІ, Айзере Канатбек пен Жансұлу Жұмаділ ІІІ орынға табан тіреді. 2014-2013 ұлдар арасынан Абай Серікқожа І, Нұралы Айтқазы ІІ, Әлихан Нұртәліп пен Елжан Бауыржан ІІІ орынға тұрақтады. Кішкентай аруларымыз Нұрбике Қадыржан үздіктер қатарынан көрінсе, Кәусар Дүйсенбай ІІ, Айару Байдүсен, Айнель Қайрат ІІІ қолаға қол созды.

Еңлік Кенебай
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.