Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісу төріндегі жеңіс: Бейбіт Исабаев ел Кубогының иегерлерін марапаттады

22 желтоқсан 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Жетісу төріндегі жеңіс: Бейбіт Исабаев ел Кубогының иегерлерін марапаттады

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының құрамымен кездесіп, ұжымды ел Кубогын иеленуімен құттықтады. Сол сияқты команда жаттықтырушыларына, медицина қызметкерлеріне, ойыншыларына марапаттар тапсырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде өңір басшысы Кубок ойындары барысында жетісулық волейболшылар жақсы ойын үлгісін көрсеткенін атап өтті:

– Команда тарихында алғашқы жеңіс — Кубокты иеленулеріңізбен баршаңызды құттықтаймын. Бұл жеңіс – ұжымның бірлескен еңбегінің, бір кісідей жұмылған береке-бірлігінің нәтижесі. Волейбол – командалық ойын, сондықтан мұнда физикалық жаттығумен қатар психологиялық қолдау да, техника мен тактика да маңызды. Бұл тұрғыда жігіттердің дайындығы жақсы. Біздің команданың 90% өзіміздің отандық спортшылар, соның 6-уы жетісулықтар. Бұл жергілікті жастардың тәжірибесінің шыңдалып, өсіп келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта сіздерді ел Чемпионатының ІІІ туры мен Суперкубок ойындары күтіп тұр. Осы жарыста да үздік ойын көрсетесіздер деп сенеміз. Оған сіздердің барлық мүмкіндіктеріңіз бар, – деген Б. Исабаев Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырды.

Мұнан соң «Жетісу» волейбол клубы ерлер командасының бас бапкері Марат Адрышев облыс басшылығы тарапынан көрсетілген қолдаулар үшін ризашылығын білдірді:

– Бізге жеңіске жетуге барлық қажетті жағдай жасадыңыздар. Жаттығу базамыз жаңа, тұрғын үй мәселесі шешілген, моральдық тұрғыда қолдау бар. Біз артымызда қаншама жанкүйерлер тұрғанын жақсы білеміз. Сондықтан облыс басшылығының, жанкүйерлеріміздің сенімін ақтап, жеңісті жолымызды жалғастыруға барымызды саламыз, – деді команданың бас бапкері.

Сол сияқты команданың капитаны Айбек Жақсылықов, ойыншы Роман Егоров та пікір қосып, ойынды әлі де ширата түсуге дайын екендіктерін жеткізді.

Еске салсақ, «Жетісу» командасының Ұлттық лигаға кіргеніне үш жыл болды. Өткен жылы ел Кубогының жүлдегері атанып, 3-орынға табан тіресе, биыл 18 желтоқсанда өткен ел Кубогы ойындарында өз тарихында алғаш рет чемпион болып, Кубокты иеленді. Сонымен қатар жетісулық команданың өкілі Никита Швалёв осы Кубоктағы ең үздік ойыншы атанды.

Бұдан бөлек, волейболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының ІІ турының қорытындысы бойынша команда 35 ұпаймен қазіргі уақытта бірінші орында келеді.

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.