Талдықорған: +19°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бір күлдіріп, бір күрсінтті

25.02.2025
РУХАНИЯТ
Бір күлдіріп, бір күрсінтті
WhatsAppTelegramFacebook

Қара шаңырақтың киелі сахнасында сан саңлақ өнер көрсетті. Алыптар шоғыры да хас сұлудың көз жасындай мөлдір әлемнің шынайы кейіпкерлерін сомдады. Жарты ғасыр сүрдегінде өз шаңырағының өрендерін де таудай тұлғаға  айналдырды.  Жалпы жетісулықтардың маңдайына біткен Бикен Римова атындағы драма театры саңлақтарды сапына қосса, сол өнер майталмандары көпшілікке жаңа қойылым ұсынды.

Иә, күні кеше Қазақстанның Халық әртісі Дулыға Ақмолда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асылбек Боранбай мен Жомарт Зейнәбіл, Мәдениет саласының үздігі Гүлбаһрам Байбосынова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әсет Есжан театр ұжымының сапына қосылған болатын. Аталған өнер майталмандары көрерменге «Сюрприз» комедиясын ұсынды. 

Қос ғашықтың үлкен өмірге қадам басар сәтінен бастау алатын қойылым көпшілікті бір күлдіріп, бір күрсіндірді. Жас құрақтай жайқалған қызды сүйгені ата-анасымен таныстырмақ. Осылайша екеуі алдағы отбасылық ғұмырға ақ бата арқалап аттанбақ. Алайда, арманшыл жастардың алға басар қадамына мезгілсіз қағылған есік сыртындағы кейіпкер бөгет болады. Неге? Ол кім? Не үшін ата-анамен таныстық үшін жайылған дастарқанға кедергі болды? Осы сұрақ әр көрерменнің көкейінде тұрды сол сәтте.

Мезгілсіз қағылған есік. Бірінің артынан бірі 3 еркек босағадан аттады. Бәрі де жас қыздың әлеуметтік желіге жариялаған жазбасын оқыған. Анасының естелігін желіге жүктеген қыз тірліктегі ең ардақты адамы болған әкесін іздеп жүрген. Ал үш мәрте қағылған есіктен аттаған Марат есімді үш еркек те әлгі хатта айтылғандай санаторийда демалған, Ғалия есімді бойжеткенмен аз күн тәтті сезімге тояттаған. «Неткен сәйкестік?!», «Тосын сый деп осыны айт» дедік жамыраса күлген көрермен ретінде.  

Осылайша өрби-өрби өрісі құндылыққа, адамгершілік пен іңкәрлікке барып тірелген, әке мен бала арасындағы нәзік сезімге ұласатын «Сюрприз» қойылымында 5 майталман ғана көрерменді баурап алды. Шеберлік те, актерлік қуат та айрықша сезілді. Үш түрлі қызметте жүрген әкелерді, яки, Мараттарды – Дулыға, Асылбек, Жомарт,  қыз рөлін Гүлбаһрам, күйеу бала кейпін Әсет сомдады. Көпшіліктің көңіліне шаттық ұялатты, қыз бен әке сағынышы шынайы көрініс тапқан қойылымда күле отырып күрсінгеніміз де жасырын емес. 

Осылайша бас-аяғы екі сағатқа жетпейтін қойылым  жетісулықтарға ерекше әсер етті. Театрға өзгеше леп келгендей болды. Қуанарлығы да сол, майталмандар енді Би апа театрының актерларымен бірлесіп өнер көрсетеді, өзара тәжірибе алмасады. 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Фото: ktk.kz
 

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңілін босатқан

Көрермен көңілін босатқан

08.05.2026
Құқықтық сауат – қоғам тірегі

Құқықтық сауат – қоғам тірегі

08.05.2026
Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

08.05.2026
Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

08.05.2026
Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

08.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.