Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құрылыс қарқыны күшейді

Соңғы жылдары аймақта бюджет қаржысына салынған әлеуметтік нысандардың саны артып келеді. Бұл халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

27 желтоқсан 2025
КҮНДЕРЕК
Құрылыс қарқыны күшейді
WhatsAppTelegramFacebook

Мұның сыртында аймақ кәсіпкерлері мен өскен өңірлеріне жанашырлық танытатын қаржылы, жаны жомарт жандар да жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне өз үлесін қосуда. Жылдан жылға жаңа әлеуметтік нысандармен жасана бастаған Жаркент өңірінде тұрғындар тіршілігіне тегеурінді серпін беретін жаңа нысандар көбеюде. Әсіресе, соңғы 2 жылдан бері мұнда тұрғын үй құрылысы қарқын алып, жетім-жесірлер, көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар жеңілдетілген кезекпен баспаналы болып жатса, қажетті қаржысын жинаған жас жанұялар «Отбасы банк» арқылы жанға жайлы тұрғын үйге қол жеткізуде.

Ауданда биыл 84,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұлардың 23,1 мың шаршы метрі бюджет есебінен, 17,3 мың шаршы метрі жеке кәсіпкерлер, 44,4 мың шаршы метрін тұрғындар салуда. Бюджет қаражаты есебінен 2,6 млрд. теңгеге салынған 60 пәтерлі 2 үй, 4,3 млрд. теңге жұмсалған 203 жеке тұрғын үй жақында 323 отбасына қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытында біраз жұмыс жүзеге асты.

Мәселен, 3 ауылдың жалпы 76,1 шақырымына сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға 1,3 млрд. теңге бөлініп, жыл соңына дейін Қырыққұдық, Шолақай ауыл тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Қазір ауданда тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 97,5 пайызды құрады. Керімағаш ауылындағы 8,4 шақырымдық су құбырын тартуға қаржы толық бөлінбегендіктен тиянақтау жұмыстары 2026 жылдың еншісіне қалдырылды. Жиделі ауылына 34,1 млн. теңгеге су дайындау жабдықтары орнатылды. Ауданның су құбыры мекемесіне 122,4 млн. теңгеге 2 экскаватор-тиегіш техникасын сатып алды.

Мырзағали Нұрсейіт

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.