Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жеңімпазы мен жүлдегері көп Жетісу

Биылғы жыл жетісулық спортшылар үшін табысты болып, әлемдік аренада атой салып, жаһан жарысында молынан жүлде алып, өз есімін айдай әлемге паш етті. Талай сында тұғыр төрінде тұрған жетісулықтардың байырғы дәстүрі бүгінде абыроймен жалғасып келеді. Дәлелді дерекпен, нақты статистиканы назарларыңызға ұсынамыз. Бұл жетісулық атлеттердің биылғы жылды сәтті түйіндегенінің көрінісі.

28 желтоқсан 2025
КҮНДЕРЕК
Жеңімпазы мен жүлдегері көп Жетісу
WhatsAppTelegramFacebook

Облысымызда инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар іс жүзеге асып, жоспар бойынша жүйелі орындалып келеді. Бүгінгі таңда облысымызда 1146 спорт нысаны жұмыс істейді. Биыл 3 спорт кешені қолданысқа беріліп, 6 нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Жыл басынан бері Қаратал ауданынғы Кәлпе ауылында демеуші есебінен блокты-модульді үстел теннис кешені, Алмалы ауылында блокты-модульді спорт кешені және Алакөл ауданындағы Лепсі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жатақхана пайдалануға берілді. Ал Қабанбай ауылында 80 орынды спорт кешені, Талдықорғанда гимнастика залының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Қолайлы жағдай мен үлкен қолдаудың арқасында жетісулық спортшылар сан жарыста топ жарып, елдің атын айдай әлемге мәшһүр етті. Жыл басынан бері жетісулық атлеттер халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар-дан 1254 медаль жеңіп алды (оның ішінде 546 алтын, 388 күміс, 453 қола). Биыл 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 57 спорт шебері, 673 спорт шеберіне үміткер мен 203 бірінші спорттық разряд берілді.

Облысымыздың спортшылары бокс, велоспорт, грек-рим, ауыр атлетика, дзюдо, таэквондо, шахмат, джиу-джитсу және самбо сынды спорт түрлерінен Азия және Әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды.

Садақ атудан, әлем чемпионатында командалық жарыста Адель Жексембинова қола медальға ие болса, тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы Азия чемпионатында (Антон Кузьмин, Евгений Федоров) командалық жарыста жеңімпаз атанса, Евгений Федоров жекелей сында алтын алды. Бокстан жастар (22 жасқа дейін) арасындағы Азия чемпионатында Нұрхан Құмарбеков, Диас Берікбай, Сила Биболсынқызы, Мария Сидоренко, Құралай Егінбайқызы және Анар Тұрсынбек чемпион болды. Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен Азия чемпионатында Исхар Құрбаев алтын, Диас Қалтай қола жүлде алды. Ал ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында азия чемпионатында облыс спортшылары Әлихан Әскербай (алтын), Ақжол Құрманбек, Матвей Макрушин (күміс), Снежана Кашкарова (қола) тұғыр төріне көтерілді. Таэквондодан жасөспірім мен жастар арасында Азия чемпионатында Дәулет Рахимоллиев пен Айару Меделбекова қола жүлдеге ие болды. Дзюдодан юниорлар арасында Азия чемпионатында Қайрат Жеңісұлы күміс, жасөспрімдер арасында Зере Талғатқызы, Жанайым Маратбек қолаға қол жеткізді. Шахматтан оқушылар арасында 19-шы Азия чемпионатында Әлихан Хажатұлы жеңімпаз атанды. Волейболдан 16 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Орталық Азия волейбол қауымдастығының чемпионатында жетісулық Александра Шиндова, Ульяна Кокина мен Асылы Әбітай Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында жеңімпаз атанды. «Жетісу» әйелдер волейбол командасы биыл ел чемпионатын және Азия чемпиондар лигасын жеңіп, Бразилияда өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Ал волейболдан «Жетісу» ерлер командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды.
Ардагер спортшыларымызда жарап тұр. Әлем, Азия чемпионаттарында сынға түскен жетісулық ардагерлер 3 алтын, 6 күміс, 8 қола медальға ие болды.

Бұл жетістіктің артында спортшының маңдай тері мен жаттықтырушының жоспарлы жұмысы тұр. Жетісулық жаттықтырушылардың біліктілігі талайды мойындатты. Мәселен, садақ атудан Оксана Воробьева, велоспорттан Виктор Юрайтис, бокстан Жангелді Ахметов, грек-рим күресінен Азамат Көкебаев, сурдо грек-рим күресінен Әлімжан Базарбек, пара пауэрлифтингтен Денис Орлов сияқты жаттықтырушылардың еңбегі зор.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.