Талдықорған: +13°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Топырақсыз бидай өсірген

11.01.2026
АЛТЫН ҚОЛ
Топырақсыз бидай өсірген
WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаннаты Жетісу өңірінде алақандай ғана ауылда туып, дара дарынымен алты Алашты аузына қаратқан, шетелді мойындатып жүрген жастар жетіп артылады. Осыған орай біз «Жастықтың оты жалындап…» атты айдарымыз арқылы талаптың атын мінген жерлестерімізді оқырманға жақыннан танытуды жөн көрдік. Айдардың алғашқы кейіпкері – топырақсыз бидай өсіріп, тонналап өнім алған биотехнолог Мағжан ЫСҚАҚОВ.

Целлофанда көктеген өнім

Жері құйқалы, өрісі кең Кербұлақ ауданының Қарашоқы ауылында голландиялық гидропоникалық әдіспен топырақсыз-ақ бидай өсірілетінін біреу білсе, біреу сенбес. Нанбайтындар, «онсыз да жеріміз шұрайлы ғой» деуі не ұшқан құстай қарыштап дамыған жаңа технологияның әлеуетіне сенбеуі бек мүмкін. Бірақ, қысы-жазы көк шөп күйсеген малдың күйлі болатыны бесенеден белгілі. «Мал азы-ғы – жан азығы» деген тәмсіл тағы бар. Осы мәселені 7-сыныптан бастап бүге-шүгесіне дейін зерттеп, ғылымның қия жолына түскен жас талап жаңа технологияны алғаш ауылға әкелді. Аграрлы аймақта туып-өскендіктен Мағжан көзін тырнап ашқаннан жер емген егіншілікпен, атам заманнан дәстүрлі мал шаруашылығы қолайына жаққан атакәсіппен етене таныс. Әкесінің жеке шаруа қожалығы болғандықтан ауыл шаруашылығындағы қиындықтарды да, мүмкіндіктерді де көріп өскен.

Кейіпкерімізге топырақсыз бидай өсіру ойы алғаш 7-сынып оқып жүргенде келіпті.

– Бірде жаңбырдан кейін целлофанның үстінде топырақсыз өніп шыққан бидай дәндерін байқадым. Осы сәтте «өсімдікке міндетті түрде топырақ керек пе?» деген сұрақ туындады. Бұл ойым кейін үлкен ғылыми ізденіске ұласты, – дейді биотехнолог.

Мағжанның сол кезден бастап биология пәніне ерекше қызығушылығы артыпты. Әсіресе, тірі ағзалардың бейімделуі, өсімдіктердің өсу механизмін терең зерттеуді мықтап қолға алады. Орта мектепті аяқтаған соң, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Биотехнология» мамандығына оқуға түседі.

Ойлағанын жүзеге асыруға ауылға тараған арпа ауруы, шығынға батқан шаруалардың жағдайы сеп болыпты.

– Өнімін шашау шығармай жинайтын шаруалардың көбі арпа ауруының кесірінен егістік алқабынан еңсесі түсіп қайтқанын көріп, нақты шешім іздеуге кірістім. Дәнді дақылдардың ішкі құрылымын, эндосперм қабатын, қоректік ортасын зерттей бастадым. Алғашқы тәжірибемді әкемнің шаруашылығында жүргіз- дім, – дейді ол.

Түйірлеп егіп, тонналап алған

Кейіпкеріміз алғашқы қадамын сәтті бастап, биологиялық жемді голландиялық гидропоникалық технология арқылы бір аптада өсіріп шығарады. Яғни, дәнді дақылдарды топырақсыз арнайы пластик науада тамырландыру әдісі арқылы орналастырып, жиі суарады. Маңыздысы – бидайды қараңғы ортада өсіру керек екен. Сонда ғана қалыпты жағдайда 18 күнде өсетін бидай, 7 күннің ішінде биологиялық жемге айналды. Жас талант ә деп бастағаннан-ақ 16 шаршы метр аумақтан 1 тонна бидай жемін алып үлкен жетістікке қол жеткізеді. Бұл бидай ірі қара малға арналған биологиялық жем ретінде қолданылғанмен, ғылыми тұрғыда дәлелденген құнарлы өнім. Оның артықшылығы – мал тез салмақ жинап, химиялық қоспасыз өнім төрт түліктің ас қорыту жүйесіне жеңіл болуында.

Небары бір-ақ аптада осындай пайдалы өнім шығуы мүмкін бе деп дақылдың сапасына күмәнданып отырған шығарсыздар. Осы тұрғыда: «Бұл қаншалықты дәлелденген, топырақсыз өскен бидайды жеп өскен малдың еті зиян емес пе?» деген сұрақтың туындауы заңдылық. Десе де бұл мәселені кейіпкеріміз назардан тыс қалдырмапты. Халыққа дәлелдеу мақсатында арнайы тексерістен өткізіпті.

Аталмыш жеммен қоректенген малдың еті Қазақ тағамтану академиясында зерттеліп, мемлекеттік «Алтын сапа» стандартына толық сәйкестігі дәлелденген. Яғни, таза табиғи өнім екені расталған. Сонымен қатар, Мәскеудегі арнайы зертханадан да оң баға беріліпті. Зерттеу нәтижесінде жем құрамында кальций, фосфор, Е витамині, биотин, мырыш және магний барлығы анықталған. Яғни, бұл – жеті күнде өсетін жемнің малға зиянсыз әрі денсаулығын жақсартатынына дәлел.

«Шетелге сатпадым, шәкірттерімді баптадым»

Шаруалардың қиналғанын көрген ізденімпаз жас ауылы алтын бесігіндегі ағайынға қолдау көрсетіп, тың жобаны 40 шақты адамға тегін үйретеді. Сөйтіп, ұзынсары мезгілде уыз жеген жұрттың ыстық ықыласына бөленеді. Бүгінде 10 шаруашылық қолдағы малын осы әдіс бойынша асырап отыр екен. Ал 2017 жылы Алматы облысы әкімінің грантын ұтып алып, мектеп жанынан зертхана ашып, бидайдың 8 сортын өсіреді. Сондай-ақ, бұл әдіс тек бидайға ғана емес, арпа, бұршақ, жасымық секілді басқа да дәнді дақылдарды жайқалтуға жарай беретінін дәлелдейді.

– Ғылыми ізденісті KazGidroBioKorm стартапына айналдырдым. Түркиядағы AgroExpo, Германиядағы Agra Leipzig, АҚШ-тағы Feast on the Farm Gala сияқты халықаралық форумдарға қатыстым. Жобамды көрген шетелдік инвесторлар қызығушылық танытты. Германия, Франция елдерінен жобаны сатып алу туралы ұсыныстар да түсті. Бірақ, сатпадым. Керісінше, ауылдағы ағайынға тегін үйреттім. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен тәжірибе жүргізіп, жастарды ғылымға баулып келемін. Өйткені менің басты мақсатым – тыңнан түрен салған жобаның алдымен Қазақстанға қызмет еткенін қалаймын. Жоба отандық ауыл шаруашылығы саласына жаңа серпіліс әкеледі деген сенімдемін, – дейді биотехнолог.

Сонымен қатар, шетелдік әріптестермен бірге гидропоникада жасанды интеллект қолдану бағытында зерттеу жүргізіп жатқанын жеткізді. Бұл – болашақта өнімділікті автоматты түрде бақылауға мүмкіндік бермек.

Бүгінде дара дарын ғылыми ізденісін халықаралық деңгейде жалғастырып, Падуа университетінде магис-тратурада білім алуда.

– Падуа Еуропадағы ең көне әрі беделді университеттердің бірі, биотехнология мен биология саласындағы зерттеулерімен әлемге танымал оқу орны. Магистратура барысында өсімдік биотехнологиясы, тұрақты ауыл шаруашылығы және заманауи агротехнологиялар бағытындағы білімімді тереңдетіп, жобаны халықаралық ғылыми стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік алып отырмын. Менің сенімім – ғылым мен ауыл шаруашылығы бірігіп, ел экономикасының тірегіне айналуы тиіс, – дейді Мағжан Серікұлы.

Жас таланттың ендігі мақсаты – технологияны өнеркәсіптік деңгейге шығару, Қазақстанды биологиялық жем экспорттаушы елге айналдыру, аграрлық стартаптарға жол ашу. Талабы таудай Мағжанға, елдің ауыл шаруашылығы саласын көркейтуді армандап жүрген азаматқа біз де тілекші болып қайттық.

Айдар ҚАЛИЕВ
Қарашоқы ауылы,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Барлығы қатарда. «Жетісудың» кезекті жеңісі

Барлығы қатарда. «Жетісудың» кезекті жеңісі

22.03.2026
Талдықорғанда ұлттық киім бағасы: сапа мен сәннің үйлесімі

Талдықорғанда ұлттық киім бағасы: сапа мен сәннің үйлесімі

22.03.2026
23 наурызда ел аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі

23 наурызда ел аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі

22.03.2026
Сарыөзекте Наурыз мерекесі аудан көлемінде кеңінен аталып өтті

Сарыөзекте Наурыз мерекесі аудан көлемінде кеңінен аталып өтті

22.03.2026
Қаратал ауданы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Қаратал ауданы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

22.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.