Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

12.01.2026
ҰЛТ ҰЯТЫ
Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

gemini

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақта «Тезбасында қисық ағаш жатпайды», – деген тәмсіл бар. Тез – киіз үйге қажетті ағаштарды мордан шыққаннан кейін иетін құрал. Уық, керегенің бәрін сол тездің кетігіне салып қисығын түзейді. Осыған орай біз қоғамда қисық ағаш секілді көзге оттай басылатын, көп болып түзейтін мәселелерді, тасада қалып бара жатқан қазақы тәрбиеміз жайлы жазбақпыз.

АМАНДАСУ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

«Сәлем сөздің анасы». Бірақ қазіргі қоғамда сол қария көрсе алдынан жүгіріп шығып сәлем беріп, батасын алатын жастардың қатары сиреп барады. Оған кінәлі жастардың еліктеушілігі ғана емес, тентекті тезге салатын тәлімнің жоқтығы.

Ғасырлар қойнауын зерделейтін болсақ, ата-бабамыз амандық сұрауға ерекше көңіл бөлген. Өтіп бара жатқан қарияға танысын, танымасын міндетті түрде амандасып, батасын алған. Өйткені, қарттарын қазына, амандасуды ­– адамдықтың белгісі санаған. Ал ақсақалдарымыз «Өркендерің өссін», «Көп жаса» деп ізгі тілегін білдірген. Дана халқымыз баланың амандасқанына қарап-ақ тәрбиесіне баға берген. Міне, сондықтан былдырлаған балдырғанға «атаға, ағаға оң қолыңды бер, Ассалаумағалейкум де» деп амандасу әдебін үйреткен. Ата дәстүр арқылы өскелең ұрпақты бауырмалдық пен сыйластыққа тәрбиелеген. Содан болар, адам үйге кірген кезде босағаға, ауылға барса қариясына сәлем берген. Бағзыда амандасудың да өзіндік әдебі болған. Мәселен, атты кісілер сәлемдеспей бірін-бірі басып озбаған. Қал сұрасқан соң ғана асығыс екендігін айтқан. Ал екі кісі жолыға қалса жасы кішісі «Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем берген. Жасы үлкені «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатқан. Содан соң мал-жан амандығын сұрасқан. Атта отырған адам жаяу кісіге, сау адам сырқат адамға бірінші  болып қол созса, қыз-келіншектер ілтипатпен, кішіпейілдікпен иіліп сәлем берген. Ең кереметі, көреген бабаларымыз бейтаныс адамның кім екенін амандасқанынан таныған. Бұл елімізді басқалардан өзгешелеп тұратын ерекше қасиет. Атап айтсақ, қарапайым халық ханға тізесін бүгіп, оң қолын жүрек тұсына қойып, «Алдияр тақсыр» деген. Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір-бірінің бір қолын алып қана амандасқан. Ал таныстар екі қолмен амандасып, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасқан.

Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда кешегі ғажайып ғибраттың қайнары, амандасудың әдебі ұмыт болып барады. Қазіргі заманда кейбір  жастар көшедегі қарияларға жүгіріп барып амандасқан былай тұрсын, үйге келген қонақтың өзіне танымаса сәлем бермейтін болды. Көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине. Хас салтымызды ұлықтап жүрген жастар жетіп артылады. Десе де, амандықты адамдық емес, құдды кішіпейілденсе кішірейіп қалатындай тіксініп жүретіндер көңілге кір келтіретіні рас. Шыны керек, қазіргі заманда бейтаныс жанға бас изеуден қорқасың. Сәлеміңді алмақ түгілі бетіңе бажырая қарап, өтіп кеткенде қысылып қалатынымыз жасырын емес. Ең сорақысы, дәстүрімізге немқұрайлы қарап, баланың қателігін көре тұра оны түзетпейтін ата-ананың барында.

Жуырда бір танысымның үйіне қонаққа бардық. Әлгі үйде шұбырған бала-шаға. Үлкені әжептәуір 6-7-сынып оқушысы. Бізден кейін үйге жасы егде тартқан үлкен кісі келді. Бәріміз амандастық. Бірақ, қарияға балалардың біреуі тұрып амандаспады. Ақыры атамыз өзі барып балалардың басынан сипап, үйге қонақ келгенде «Ассалаумағалейкум» деп амандасу керектігін айтты. Арасынан бір бала атып тұрып, біз сізді танымаймыз ғой деп төтесінен қойып қалды. Мұны естіген анасы тұрып амандасыңдар деудің орнына «Сіз үйге бірінші рет келіп тұрсыз ғой» десе, әкесі «Есейе келе түсінеді, әлі кішкентай ғой» деді. Мына сөз ақылды ана мен есті әкенің айтатыны ма?! Есейгенде түсінетіндей сәлем беру соншалықты қиын ба еді? Сонда амандасу адамдығымыздың белгісі деген кешегі даналарымыздың өсиеті қайда? Ұлттық құндылықтардан ажырап, отбасы тәрбиесін әлсіретіп алған отбасына атамыз қазақта амандасуды үйреткендігі, оның маңыздылығы жайлы өсиет айтты. Кешегі баласының сәлеміне қарап ата-анасына баға беретін қазыналы даналарымызды еске алып, тәрбиеге бейжай қарауға болмайтынын жеткізді. Онсыз да еліктеу мен солықтауға айналған қоғамда енді тәрбиеміздің шет қалып бара жатқанын көріп налып қайттық.

Бұл жалғыз мысал емес. Бойына әженің әлдиі, әкенің тағылымды тәрбиесі дарымаған, уызына жарымаған бүгінгінің жастары бұдан да зорғысын істеп жүр. Ең өкініштісі, еркектердің беттен, қыздардың еріннен сүйіп амандасуы үйреншікті жағдайға айналғаны. «Өзі ұялмаған өзгенің бетін шиедей етеді» деген осы шығар. Дардай азаматтар бір-бірінің бетін шөлпілдетіп сүйіп жатқаны намысты қазақтың ұрпағына жарасымды қылық емес. Ол ол ма, бүгінде «Ассалаумағалейкум» деген сөзді естуден қалдық.  Шетелдік киноны көріп өскен жастар «салам», «каксың» деп бейтаныс сөздерді айтып шүйіркелесіп тұрады. Кейбірі тіпті, таныса да «привет» деп алыстан қол бұлғай салады. Шіркін, алақанын көкке көрсеткенше оң қолын жүрек тұсына қойып «Ассалаумағалейкум» десе немесе басын изесе қазақы болмысымызға сай болар еді ғой. Бірақ, оны ұғып жатқан жас бар ма?! Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмаған соң бүгінгілер шетелге еліктеп, халқымыздың әдебіне жат қылықтар жасауға үйір. Көрмейін десең көзім бар. Көрсең көңілің құлазиды. Өзіне-өзі жат болып бара жатқан жастардың жалбағайлығы жанымызға қатты батады.

Адамшылық амандасудан басталады. Данагөй бабалар салт-санамызды, білім мен адамгершілігімізді, иман мен ибалылығымызды бесіктен берілетін тәрбие арқылы айшықтаған. Сондықтан қазақы тәліміміз шығыстың шырмауына, ұлттық болмысымыз батыстың батпағына батпасын десек, амандасу әдебін сақтауды бүгіннен қолға алайық. Шариғатымызда да амандасуды парыз санаған. Ислам дінінде де сәлемдесу әдептіліктің белгісі екендігі айтылып, қасиетті Құран Кәрімде: “Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қайтарыңдар”, – делінген. Себебі, амандасу өзара сыпайылық пен татулыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа апаратын алтын көпір.

«ЖОЛ БЕРУ» ДӘСТҮРІ ЖОҒАЛДЫ МА?

Ұрпақтан-ұрпаққа тараған «Жол беру» дәстүрі әр баланың бойтұмары, әр отбасында берілетін тәрбие болған. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда сол бабадан қалған қазақы дәстүр ұмыт болып бара жатқаны ащы да болса ақиқат.

Қазақта баланың текті, көрегенді отбасында тәрбие алғанын байқау әсте қиын емес. Оны бүлдіршіннің сәлемі мен үлкенді сыйлауынан-ақ аңғаруға болады. Сондықтан, ықылым заманнан дана халқымыз баласына «жол беру» дәстүрін үйретіп, бойына ізгілік қасиетін ұялатқан. Бала жастан «Үлкеннің алдын кеспе», «Үлкеннің сөзін бөлме», «Үлкен кісі тұрғанда төрге шықпа» деп даналық ақылды жас ұрпақтың бойына дарытқан. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бабалар дәстүрінің асыл қасиетін бойына сіңірген бала әрине дәстүрді берік ұстанған. Көшеден өтіп бара жатқан қарияға танысын, танымасын міндетті түрде амандасып, батасын алған. Ақсақалдың алдын кесіп өтпей, жол берген.

Сыйластықты дәріптеген «жол беру» дәстүріне тек үлкеннің алдын кесіп өтпеу ғана емес, амандасу, қонақ күту сынды ізгілік пен ізеттілік, әдептілік пен мәдениеттілігімізді танытатын дүниелер жатады. Мәселен, қонақ шақырғанда үйдің қожайыны әуелі төрге ақсақалдарды отырғызған. Көпшілік жиналған жерде барлығына бір сәлем бергеннен соң, үлкендерге арнайы барып амандасқан.  Жиналған жұрт абыздың батасын алған соң ғана тамақтанған. Бұл үлкенге деген құрмет. Егер, алыстан ат терлетіп келген қонағың жас бала болса ше? Мейлі, жасына қарамай оған да жоғарыдан орын беру міндет саналған. Себебі, қонақтың орны қашанда төр болған. Содан кейін ғана үйдің иесі отырған. Кейде, кішкентай баланың өзін «әкесі үлкеннің жолы үлкен» деп құрметтеп жатқан ағаларымызды көреміз. Бұл да ұлық дәстүріміздің жарқын көрінісі. Сонымен қатар, жеңгенің жасы кіші болса да күйеуіне байланысты жолы үлкен болған. Жалпы қай шаңырақта болмасын қызды қонақ санап, «төрге шық, босағамыздан береке кетпесін» деп ырымдап жоғарыға отырғызған. Ең кереметі, жасы кіші бала тұрмақ, ата-әжелеріміздің өзі жүкті әйелге жол берген. Ізгілік танытып тұрса да аналарымыз «Сен жүктісің қызым. Құрсағыңда ел басқаратын ұл болуы мүмкін, сондықтан батырдың жолын кеспеймін», деп жолы мен батасын берген. Міне, бұл елімізді басқалардан өзгешелеп тұратын ерекше қасиет. Осы орайда ойға Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың «Көшеде» атты өлеңі оралады.

Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың!

Жалған-ай!
Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының дәстүрін күзетпеген.

Қазақтың Хантәңірі жазған екі шумақ өлеңінен еліміздің дәстүрге ерекше мән бергенін аңғарамыз, ақжаулықты аналардың тектілігі мен тәрбиесін көреміз. Сонымен қатар, мұзбалақ ақын баба дәстүрін ұстанбағандар халықтың қасиетін түсінбейтінін жеткізеді. Иә, сол кезде жазған ақын жыры бүгінгі қоғамды суреттегендей.

Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда кешегі бабаларымыз тәрбиенің өзегі санаған «Жол беру» дәстүрінің олқы тұстары көп. Хас салтымыз жастарға құдды бөгенайы бөтен лепес секілді. Көпке топырақ шашудан аулақпыз әрине. Десе де, қоғамдағы кейбір көріністер көңілге қаяу түсіретіні жасырын емес. Жол беру былай тұрсын, қонаққа төрін, қоғамдық көлікте орын бермей, дәстүрге көңіл бөлмей жүргендер жетіп артылады. Ең сорақысы, үлкеннің сөзін бөлмек түгіл жағаласып, салғыласатын, үлкеннің алдын кескен былай тұрсын қағып-соғып өте шығатындардың бары. Қарапайым жол беруді білмегендерден, қонақ күту, кімнің жолы үлкен? деген дүниелерді сұрамай-ақ қойсаңыздар да болатын шығар. Осындай келеңсіздікті көргенде, «Біз қайда бара жатырмыз, қанымызға сіңген ұлттық тәлім-тәрбие қайда қалды?» ­­­­­­­- деп налып қаласың. Бұл ата дәстүрден адасып бара жатқандығымыз.

ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ЕР, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР 

Жеті атаңды білесің бе? Осы сұраққа әр қазақ баласы жауап берген шығар. Өйткені, бұл бала күнімізде үйге келген қонақтың үнемі қоятын сауалы еді. Ойын баласы болған соң ба, неменеге сұрай береді деп күйіп-пісіп жүретінбіз. Бұл сауалдың астарында ұлттық тәрбие жатқанын, оны бала күннен бойымызға дарытқанын есейе келе түсіндік. Бұрындары жеті атасын кез келген бала жатқа айтатын. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда бала тұрмақ ататегін жөнді білмейтін үлкендер де баршылық. Өз тарихына үңіліп, түп-тұқиянын зерттеп, көнеден жеткен дәстүрді келешек ұрпаққа аманаттай алмай жүрген жандарды көріп налитының анық.

Дана халқымызда: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», – деген қанатты сөз бар. Ғасырлар қойнауын зерделейтін болсақ, ата-бабамыз тегін білу тектілік деп былдырлаған баласы ес біліп оң-солын тани бастаған сәттен-ақ ата-тегін, руын, ел-жұртын жаттатып, ұлттық дәстүрімізге ерекше көңіл бөлген. Ата-анасынан ерте айырылғандар жеті атасын жетік біле бермейтіні түсінікті. Сондықтан оларға «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары» деп бабаларымыз қамқорлық танытқан. Ал әке-шешесі бола тұрып, жеті атасын айта алмайтындарды «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деп айыптаған. Осылайша атадәстүр арқылы өскелең ұрпақты бауырмалдық пен сыйластыққа тәрбиелеген.

«Жеті атаның» да өз атаулары бар. Төменнен жоғары қарай – бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата деп аталады. Ал жоғарыдан төмен қарай – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Ары қарай жүрежат, жегжат деп таралып кете береді. Туыстығымызды арттыратын қастерлі ұғым елімізді басқалардан өзгешелеп тұратын ерекше қасиет. Қазақ амандасқаннан кейін әуелі ру сұрасады. Жасыратыны жоқ, бүгінгі қоғамда руын сұрасаң «рушылсың», «бөлініп жатырсың ба?» деп өкпелейтін жандарды жиі кездестіреміз. Бірақ, ру сұрау елді жікке бөлу емес, ататегін білу. Бағзыдан бабаларымыз «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деп бар қазақты бір қазақ көрді емес пе?! Ата салтын ұлықтаған халқымыздың жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпауы ұлық дәстүр, жеті атаға деген құрметтің арқасында болды.

Жеті атаны білу ең алдымен тегіңді танып, туысқандық, ағайындық бірлікті нығайту. Өзге елден ерекшеленіп тұрған тағы бір тұсымыз қан тазалығын сақтау. Қазақ жеті атадан аспаса қан бұзылады деп қыз алыспаған, туыстық қалыпты бұзбаған. Сегізінші атадан бастап «жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық» деп жаңа ру атын белгілеген. Дария кеуде, қазыналы қарияларын шақырып, туыстығымыз ажырамасын деп тілек білдірген. Осыдан кейін қыз алысып, қыз берісетін құдалыққа рұқсат ететін жол ашылған. Осылайша тектілікті ту етіп, «жеті ата» дәстүрін жаңғыртып отырған.

Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда кешегі ғажайып ғибраттың қайнары, жеті ата дәстүрі ұмыт болып барады. Көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине. Хас салтымызды ұлықтап жүрген жандар жетіп артылады. Десе де, ру сұрағанды рушылдық деп, жеті атаға толмай қыз алысып жүргендер көңілге кір келтіретіні рас. Әсіресе, болашағымыз дейтін жастардың жеті атасын жетік білмеуі қапаландырады. Ең сорақысы, дәстүрімізге немқұрайлы қарап, балаға тегін жаттатпайтын ата-ананың барында.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

XV ғасырда Қазақ хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек  басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты.

– Қандай ауруды емдеу қиын?

– Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.

– Ал, оның алдын алуға бола ма?

– Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек. Жеті қазақ үшін қасиетті сан. Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тыйым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген Жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы Жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты.

Түйін: Ұлттық тәрбиенің ұмыт қалуына кім кінәлі?! Ең әуелі жауапкершілік ата-анаға келіп артылары сөзсіз. Олай болса, қазақы дәстүрдің іргесін сөгіп, қабырғасын қақыратпау үшін амандықты адамдық деп түсінетін жастар тәрбиелеу керек. Өйткені, бала тәрбиесі бесіктен басталады емес пе?! Шыққан қазақы тәрбиені, дәстүрді білу әр адамның парызы.

 

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.