Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жиһаз түгілі газ, пеш, қол жуатын жер жоқ»: Қазақстандық параспортшы әкімдік берген үйде тұра алмай жатқанын айтты

18 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
"Жиһаз түгілі газ, пеш, қол жуатын жер жоқ": Қазақстандық параспортшы әкімдік берген үйде тұра алмай жатқанын айтты
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдік пара-би жарысында бірнеше рет жүлде иеленген 22 жастағы қазақстандық параспортшының халықтан көмек сұраған видеосы желіде тарады. Лестеин Асламбеков – балалар үйінің түлегі және ерекше қажеттілігі бар азамат. Ол әкімдіктен жалға алуға берілген Жетісу облысы Бақтыбай ауылында орналасқан үйіне көңілі толмайтынын жеткізді. Сол үшін баспанасына жабдық пен жиһаз алуға қаражат қажет екенін айтқан. Stan.kz тілшісі Жетісу облыстық әкімдігінен жағдайды нақтылып, паралимпиада чемпионына қандай қолдау көрсетілетінін сұрап білді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылым Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Лестеин  Асламбеков – пара би спортының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол 2011 жылдан бері арбада отырып, спорттық бал биін билейді. Тірек-қимыл аппараты зақымданғандықтан, ерекше қажеттілігі бар спортшылармен сайысады. Сондай-ақ Лестеин балалар үйінде тәрбиеленген екен. 

Параспортшы 2019 жылы Нидерландыдағы халықаралық лицензиялық турнирде және Санкт-Петербург қаласында өткен әлем кубогында 2-орын иеленген. Тіпті Ресейдегі жарыста 9 дүркін чемпионды артта қалдырыпты. 

Жігіт қазір Жетісу облысының Ескелді ауданында тұрады. Ол спортқа арнаған төрт жылы бағаланбағанын, нәтижесінде қазір пара бимен айналыспайтынын жеткізді. 

“Әрі қарай спортқа оралғым келмейді, 4 жыл спортпен айналысып, жеңіс әкелгенім үшін мемлекеттен темір-терсектен (ред. – кубок, медаль) басқа ештеңе берілмеді. Ешқандай ақшалай қолдау, сыйақы, сыйлықтар алған жоқпын”, – деді Асламбеков. 

Ол жетім әрі мүмкіндігі шектеулі бала болған соң 2013 жылы үй алуға кезекке тұрған екен. Биыл 29 қаңтарда кезегі келіп, Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылынан жалға берілетін 3 бөлмелі үй берілді. Ерекше санатта болғандықтан, үйді жалға алғанға ақша төлемейді. Бірақ әлем чемпионатын жеңгені ескерілмегеніне қынжылады. 

Параспорт жеңімпазы әйелі және 4 жасар қызымен сол үйге көшіп барған. Бірақ үйдің жағдайы көңіл көншітпейді дейді. Сөзінше, үйде мүлдем жабдық жоқ, жиһаз түгілі газ, пеш, қол жуатын раковина қондырылмаған. Сол үшін ол желі қолданушыларынан үйге жиһаз алуға көмек сұрады.

“Ас үй жиынтығы, диван, шкаф, кілем сынды нәрселер керек. Ескі жиһаздарыңыз болса, берсеңіздер деймін. Қаржылай көмек беруге де болады”, – делінген TikTok-та тараған видеожазбада. 

Stan.kz тілшісі Жетісу облыстық әкімдігіне жағдайға қатысты түсініктеме сұрап, хабарласты. Әкімдік осы жайттан соң жиһаз, көмір апарып бердік дейді.

“Ескелді ауданы әкімдігінің, Бақтыбай ауылдық округі әкімі аппаратының, демеушілердің және тұрғындардың көмегімен жаңа ас үй жиынтығы орнатылып берілді, тоңазытқыш, диван, төсек, шкаф, көмір, отын, жастық, көрпе, матрас, төсек жабдықтары берілді”, – деп жазды әкімдік.

Ведомство мәліметінше, пара би бойынша халықаралық жарыстардан үздік нәтиже үшін ай сайынғы ақшалай сыйақы қарастырылмаған. Сол үшін оны спорт мектебіне жұмысқа шақырдық деп отыр.

“Пара би мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған би болғандықтан, ол олимпиадалық спорт түріне жатпайды. Сондықтан оған мемлекет тарапынан спорттық сыйақы берілмейді. Лестеинге облыстық спорт мекемесіне параолимпиадалық спорт түрлеріне жаттықтырушы ретінде жұмыс ұсынылды. Айлық алуына мүмкіндік бар, оған қоса мүгедектігіне қарай жәрдемақы бар. Спортшы ретінде қайта оралса, оны ЖОО-ға грантқа түсіруге мүмкіндік бар”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Лестеин Асламбеков

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.