Талдықорған: -4°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Әділетке қадам ба әлде бизнеске салмақ па?

20.01.2026
ЭКОНОМИКА
Әділетке қадам ба әлде бизнеске салмақ па?

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарлары Ержан Есенғали мен Елдар Айдарбеков және «Жұлдыз» аудиторлық компаниясының басшысы Жанна Құлманбетова республикалық «Халық бухгалтері» акциясы аясында жеке кәсіпкерлерге, бухгалтерлерге жаңа Салық кодексін түсіндіру барысында заңнамада көзделген негізгі өзгерістерді айтып, өзекті сұрақтарға жауап берді.

Бәріңізге белігілі, 1 қаңтардан бастап жаңартылған Салық кодексі күшіне енді. Бұл құжат елдегі салық жүйесін түбегейлі қайта қарауды көздейді. Мемлекеттік реформаның негізгі мақсаты ретінде салық салудағы әділеттілікті арттыруды, көлеңкелі экономиканы қысқартуды және әкімшілендіруді жеңілдетуді атап отыр. Алайда жаңа талаптар қоғамда, әсіресе, кәсіпкерлер арасында түрлі пікір туғызды.
Жаңа кодекстегі ең маңызды өзгерістердің бірі – жеке табыс салығының прогрессивті шкалаға көшуі. Енді белгілі бір деңгейге дейінгі табысқа бұрынғыдай 10 пайыз мөлшерлеме қолданылса жоғары табыс иелеріне 15 пайыздық ставка белгіленді. Мемлекет бұл қадамды әлеуметтік әділеттілікті күшейту тетігі ретінде ұсынып отыр.

Салық органдарының өкілдері аталған норма қарапайым азаматтарға емес, жоғары табыс алатын тұлғаларға бағытталғанын айтады. Олардың пікірінше, прогрессивті салық орта тапқа қысым түсірмейді, керісінше табысы төмен және орташа азаматтардың салықтық жүктемесін сақтауға мүмкіндік береді.

– Бұл жүйе дамыған елдерде бұрыннан бар. Біз халықаралық тәжірибеге жақындап келеміз, – дейді Ержан Есенғали.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес бұрын қолданылып келген көптеген арнаулы салық режимі қысқартылып, олардың орнына 3 негізгі режим қалдырылды. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, жеңілдетілген декларация негізіндегі және шаруа-фермер қожалықтарына арналған арнайы режим.

Салық органдары бұл өзгерістегі жүйені ретке келтіру қажеттілігімен түсіндіреді. Ресми пікірге сүйенсек, бұрын бір кәсіпкер бірнеше режимді қатар пайдаланып, нақты табысын жасыруға мүмкіндік алған. Жаңа кодекс осы олқылықтарды жоюды көздейді.

Алайда жеке кәсіпкерлер бұл өзгерістерді күнделікті жұмыста сезілетін нақты қиындықтар арқылы бағалап отыр. Олардың айтуынша, бұрынғы жеңілдіктердің қысқаруы шағын бизнес үшін қосымша жүктеме әкелуі мүмкін.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегінің төмендеуі де кәсіпкерлер арасында алаңдаушылық туғызды. Бұрын ҚҚС төлемей жұмыс істеп келген көптеген шағын кәсіп иесі енді осы жүйеге кіруге мәжбүр.

– Бұрын жеңілдетілген режиммен жұмыс істедік. Енді бухгалтер жалдау, қосымша есеп тапсыру қажет. Бұл – шағын бизнес үшін қосымша шығын, – дейді «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Ақжаркенова.

Әсіресе, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін бұл өзгерістердің ауыр соғуы мүмкін екені айтылуда. Жаңа талаптар бизнесті көлеңкеге қайта итермелемей ме деген қауіп бар.

Салық әкімшілендіру аясында мобильді аударымдарға бақылаудың күшеюі – ең көп талқыланған мәселелердің бірі. Салық органдары бұл шара тек кәсіпкерлік сипаттағы жүйелі аударымдарға қатысты екенін атап өтеді.

– Біз әрбір азаматтың жеке аударымын тексермейміз. Тек тұрақты әрі кәсіпкерлік белгілері бар қаржылық қозғалыстар назарға алынады, – дейді Елдар Қайратұлы.

Дегенмен, кәсіпкерлер үшін бұл норма әлі де түсініксіз.

– Тұтынушы да, туыс та, таныс та бір телефон нөміріне ақша аударады. Мұның қайсысы кәсіпкерлік, қайсысы жеке аударым екенін дәлелдеу бізге жүктелмей ме? – дейді аудитор Жанна Мұратбекқызы.

Бұл жағдай мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мәселесін алға шығарып отыр.
Жаңа Салық кодексі – ел экономикасын ашық, басқарылатын әрі әділетті етуге бағытталған ауқымды реформа. Мемлекет оны тәртіп орнату мен тең бәсекелестік қалыптастыру құралы ретінде ұсынса, жеке кәсіпкерлер оны күнделікті жұмысындағы нақты жүктеме арқылы бағалап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, реформаның табысты болуы тек қатаң нормаларға емес, мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалогқа байланысты. Егер бақылаумен қатар түсіндіру, қолдау және икемділік қатар жүрсе, жаңа кодекс өз мақсатына жетуі мүмкін.
Ал кәсіпкер дауысы ескерусіз қалса, бұл реформа қоғамда жаңа сұрақтар туғызары анық.

Қажет АНДАС 

 

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.