Талдықорған: +13°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

FaceID және ЭЦҚ: Мемлекеттік жүйелер алаяқтардан қалай қорғанып жатыр?

23 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
FaceID және ЭЦҚ: Мемлекеттік жүйелер алаяқтардан қалай қорғанып жатыр?

BAQ.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын алаяқтардың әдістері де күрделеніп барады. Дегенмен, олардың негізгі схемасы өзгеріссіз қалуда. Соңғы уақытта «1414» нөмірінен келетін SMS-кодтарды пайдаланып, азаматтарды алдау оқиғалары жиілеп кетті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Алаяқтық схемасы қалай жұмыс істейді?

Қылмыскерлер психологиялық қысым мен сенімге кірудің екі сатылы әдісін қолданатынын мәлімдеді. Бірінші, жәбірленушінің телефонына «1414» нөмірінен SMS-код келеді. Осы сәтте алаяқтар хабарласып, өздерін мемлекеттік орган, банк немесе курьерлік қызмет қызметкері ретінде таныстырады. Олар «техникалық қателік» немесе «құжатты растау» деген сылтаумен әлгі кодты айтуды сұрайды. Екінші, кодты алғаннан кейін бірден екінші адам хабарласады. Ол өзін банктің, полицияның немесе ҰҚК-нің «қауіпсіздік қызметіненмін» деп таныстырады. Тіпті, сенімдірек көріну үшін бейнебайланыс (видеозвонок) арқылы шығуы мүмкін. Олар сізге «алдыңғы қоңырау алаяқтардан болды, олар сіздің атыңыздан несие рәсімдеп жатыр, тез арада ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару керек» деп үрей туғызады.

Дәл осы «қауіпсіз шотқа» ақша аударылған сәтте немесе сіз айтқан код арқылы олар жеке кабинетіңізге кіргенде, ақшаңыз қолды болып, атыңызға заңсыз несиелер рәсімделеді.

Жүйедегі жаңа өзгерістер: Қорғаныс қалай күшейтілді?

Бұрын «1414» нөмірінен SMS-код алу үшін жәбірленушінің телефон нөмірін енгізу жеткілікті болатын. Енді бұл олқылық түзетілді. Мемлекет азаматтардың қауіпсіздігі үшін «1414» SMS-шлюзін пайдаланатын жүйелерге қатаң талаптар қойды.

Енді мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу үшін тек SMS-код жеткіліксіз, келесі әдістердің бірі міндетті түрде қолданылуы шарт:

  • Биометриялық аутентификация (FaceID);

  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);

  • eGov QR кодын сканерлеу.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап осы талаптарды енгізбеген барлық жүйелер «1414» қызметінен ажыратылды. Бұл – сіздің деректеріңізді сыртқы шабуылдардан қорғаудың тиімді тәсілі.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мына алтын ережелерді жадыңызда сақтаңыз:

  • Мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан телефон арқылы SMS-кодты, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды.

  • Банк жүйесінде «қауіпсіз шот» деген ұғым жоқ. Бұл – ақшаңызды жымқыру үшін ойлап табылған термин.

  • Күдікті қоңырау болса, әңгімені бірден үзіп, банктің ресми нөміріне немесе 102 телефонына хабарласыңыз.

  • Тек ресми қосымшаларды пайдаланыңыз және бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге баспаңыз.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына  кандидат Оразбаев Марат Рахымбайұлы.

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Оразбаев Марат Рахымбайұлы.

Бүгін, 11:24
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Ертаев Нұрлан Ертайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Ертаев Нұрлан Ертайұлы

Бүгін, 11:14
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Дүйсембаев Рүстем Төреханұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Дүйсембаев Рүстем Төреханұлы

Бүгін, 11:07
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Жанданған тарихи белес

Бүгін, 11:05
Жолжүк лимиті асса, кедендік баж қалай есептеледі?

Жолжүк лимиті асса, кедендік баж қалай есептеледі?

Бүгін, 11:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.