Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ұстаз шәкірт айнасы (жолжазба)

27.01.2026
ЖАНСАРАЙ
Ұстаз шәкірт айнасы (жолжазба)
WhatsAppTelegramFacebook

Тұман сейілмеді. Кешеден торлап тұр. Екі аттай қалсаң, артыңнан ілескенді байқау неғайбыл. Одан қалса, алдыңнан соққан өкпек жел өңмеңіңнен өтеді. Талдықорған жылы болған соң жеңіл-желпі жұқа киініп, малақайсыз шыққаным бекер-ақ болған екен. Алакөлге қарай жүретін автобустың іші неткен суық еді. Терезесі қатып қалған. Жылытқышы істемейді-ау, шамасы. Одан қалса, ыңыранып қозғалатын бұл көліктің жанында жеккен өгізің жолда қалар. Жүргізуші алдыңғы жақтан бар даусымен: «Автобустың пеші бұзылды, жылы киініп алыңыздар» дейді. Жанымда отырған толықша келген, көзі сығырайған апай жатқызған қара пальтосын оң жағасын көтеріп, қымтана бастап, арқасына жабулады. Қолында қара былғары сөмкесі, алдына алып алған А4 қағаздың бір қорабы.

– Мұғалімсіз-ау, шамасы?
– Қайдан біліп қойдыңыз?
– Жәй адам болсаңыз Барахолкадан базаршылап қайтар едіңіз. Бір мектептің қағазын арқалап барасыз да.
– Ха-ха. Оныңыз рас. Қазір бәрі қымбат қой. Балалар аз да болса, арзанға алсын деп мектепке апарып сатамын.
– Үстіне тиын-тебен көрмейсіз бе?!
– Көрмеймін, – деді апай күлімсіреп. Жүзіндегі күлкісінен жүз баланың келешекке кемелденіп бара жатқаны байқалды. Самайға түскен ақ шашынан сан мыңдаған баланың болашағы өсіп шыққандай. Мүлде, мен танитын мұғалімдер секілді емес. Саусақтарына жапырлатып алтын тақпаған. Оқушылардан зәрезәп болмаған. Өмірдің талай қара суығына төтеп беріп, шәкірттерін де тек тәртіп пен тәрбиеге бастап келе жатқан мұғалім елестеді.

Сапар соғұрлым ұзақ болмаса да қытымыр аяз қол-аяқты қарып келеді. Жол қысқарсын деген ниетпен:
– Қай жаққа жол тарттыңыз? – деймін.
– Үшаралға!
– Үшаралдың өзіне ме?
– Әбөкіге.
– О қай жер?
– Бескөл ауылдық округі, Бұлақтыға. Сол жердегі мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін.
– Есіміңіз кім?
– Жанат. Мұғалімдер Жанат Сериковна дейді. Әйтпесе, осы «ов», «евті» қоспаса болады ғой, – деп бір күрсініп алды.
– Қай жақтың тумасысыз?
– Әлгі «Әбөкіге» жетпей, Қазақстан деген ауылдан. Сол жерде мың да тоғыз жүз жетпіс екінші жылы, 15 мамыр күні дүниеге келдім.
– Е-е-е.
Біраз үнсіздіктен кейін, педагог өзіме сұрақ қоя бастады.
– Өзіңіз қайда жұмыс істейсіз? Мамандығыңыз қандай?
– Мен бе? Журналистпін.
– Бәсе, сұрақ қойғаныңыздан байқап ем.
– Облыстық «Jetіsý» газетінің тілшісімін.
– Журналистерде қызметтік көлік бар емес пе?
– Қызметтік көлікті сұрамай, өзім іздену мақсатында жолға шықтым. Бұрындары алдыңғы толқын аға-апаларымыз қоғамдық көлікпен жүріп ақ журналистиканың қазанын қайнатыпты ғой. Сол сүрлеумен бір жүріп көргім келді.
– Жөн екен. Үшаралға бара жатырсың ба сонда?
– Достық стансысына бара жатырмын. Ондағы жол-көлік мәселесі бойынша құқықбұзушылық жағдайлар орын алуда деп естіп, мән-жайды бақылап келейін деп жолға шыққанмын. Біздің басылымда «Нысана» деген айдар бар. Онда облыс көлемінде орын алған шешімін таппаған жағдайлар жиі шығып тұрады. Әсіресе, «жалған» уәделер дегендей.
– Газетке жылда жазылам. Оқып тұрамын ғой.
– Тіптен керемет!
– Жалпы еңбек өтіліңіз қанша?
– 91 жылдан бері Бұлақты орта мектебінде қызмет етемін. Жалпы еңбек жолымды Қамысқала ауылындағы Е.Черкашин атындағы мектептен бастадым. Ол кездер қызық еді. Әсіресе, жаңа оқу жылы. Жас маман болып келгенмін. Небір қызық дүниелер бастан өтті ғой, – деп ұзақ ойға шомып кетті. Автобус жөңкіліп барып тоқтады. Терезеден қарасам Сарқанға келіппіз. Аялдама көп уақыт емес. Қалып қалмайын деп іште отырдым. Педагог та тырп етпеді. Автобустан ауданның тұрғындары кезектесіп түсіп жатты. Мен әңгімені әрі қарай жалғадым:

– Ұстаздық жолды таңдауыңызға не себеп болды? Бұл шешім саналы таңдау ма, әлде тағдырдың жетелеуі ме?
– Бәлкім, екеуі де шығар. Кішкентай кезімнен кітапқа жақын болдым, сөздің салмағын ерте сезіндім. Қазақ тілі мен әдебиеті мен үшін пән ғана емес, ішкі әлемімнің айнасы іспетті еді. Ал мұғалім болу – сол байлықты өзгеге жеткізудің ең адал жолы екенін кейін түсіндім. Бұл мамандықты таңдаған адам бір сәтке де тоқмейілсуге хақысы жоқ.
– Қазіргі қоғамда ұстаз еңбегі оңай жұмыс деп қабылданбайды. Өз тәжірибеңізде бұл мамандықтың ең күрделі тұсы қайсы?
– Қиындық жетерлік. Сабақ жоспары, құжат, жауапкершілік, әр баланың мінезі – бәрі бір мұғалімнің иығына артылған. Бірақ ең күрделісі – оқушы жүрегіне жол табу. Сенің сөзің өтпесе, еңбегің зая кетеді. Ал сонымен қатар, осының бәрі адамды шыңдайды, өсіреді. Шаршатса да рухани ләззат сыйлайтын еңбек осы.
– Сіз аудандық, облыстық байқауларға жиі қатысасыз ба? Жетістіктер қалай келді?
– Жеңіс – бір күннің нәтижесі деуге келмейді. Әр байқаудың артында ұзақ дайындық, үздіксіз ізденіс, кейде ұйқысыз түндер тұрады. Аудандық сайыстардан бастап, облыстық деңгейде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болдым. Мұны өзімді көрсету үшін емес, мамандығыма деген адалдығымның дәлелі ретінде қабылдаймын. Әр жеңіс – жауапкершілікті одан әрі арттыра түседі.
– Байқауларға қатысу ұстазды қалай өзгертеді деп ойлайсыз?
– Мұғалімді бір орында тұрып қалудан сақтайды. Ізденуге мәжбүрлейді, жаңа әдістерге жетелейді. Әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сияқты терең пәнде жаңашылдықсыз алға жылжу мүмкін емес. Өзгенің тәжірибесін көріп, өзіңді салыстырасың, кемшілігіңді түзейсің. Бұл – кәсіби дамудың бір жолы.
– Сіздіңше, нағыз ұстаз қандай болуы керек?
– Нағыз ұстаз – шәкіртінен бір қадам алда жүруден бөлек, онымен бірге ойлана алатын адам. Тек білім беріп қана қоймай, адамгершілікке, сөз қадірін түсінуге үйретуі тиіс. Баланың тілі шықпаса, ойы да тұйықталады. Сондықтан қазақ тілін оқыту ұлтты тәрбиелеумен тең.
– Бүгінгі жастардың тілдік деңгейіне көңіліңіз тола ма?
– Шынын айтқанда, алаңдаймын. Сөздік қоры жұтаң, ойын толық жеткізе алмайтын жасөспірімдер көбейіп келеді. Бұл – тек мектептің ғана емес, қоғамның ортақ мәселесі. Дегенмен, үміт бар. Қызықтыра білсең, дұрыс бағыт көрсетсең, бала тілді де, әдебиетті де сүйіп оқиды.
– Осынша қиындыққа қарамастан, ұстаздық жолдан бас тарту ойыңызда болған емес пе?
– Болған жоқ десем, шындыққа жанаспас. Бірақ әр жолы бір шәкірттің жетістігі, бір алғыс сөз, бір ұғынған көзқарас бәрін ұмыттырады. Сол сәттерде бұл мамандықтың қаншалықты қадірлі екенін қайта сезінесің.
– Ұстаздық қызметтің сізге берген ең үлкен сыйы не?, – деймін педагогтың сырын біліп алмаққа.
– Адам тәрбиелеу мүмкіндігі. Мен үшін бұл – атақтан да, марапаттан да биік. Жылдар өткен соң шәкірттерімнің қоғамда өз орнын тапқаны ең үлкен жеңіс.
– Бүгінде ұстазға деген қоғамдық көзқарас өзгерді ме, әлде мәртебе қағаз жүзінде ғана қалды ма?
– Соңғы жылдары мұғалім беделін арттыруға бағытталған нақты қадамдар жасалды. Дегенмен, шынайы құрмет бір ғана заңмен өлшенбейді. Ата-ана мен қоғамның сана-сезімі түбегейлі өзгермейінше, педагог еңбегі толық бағаланды деу ертерек. Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын тұлға екенін түсінуіміз қажет.
– Ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығына не себеп?
– Елді мекендерде жас мамандардың тұрақтамауына әлеуметтік жағдай тікелей әсер етеді. Тұрғын үй мәселесі, инфрақұрылымның әлсіздігі, кәсіби өсу мүмкіндігінің шектеулілігі көпшілікті қалаға жетелейді. Ауылға барған жас ұстазға тек міндет жүктемей, қолдау көрсету – уақыт талабы.
– Қазіргі шәкірт пен бұрынғы оқушының айырмасы неде?
– Бүгінгі жас ақпаратқа бай, талғамы жоғары, бірақ терең ойлануға уақыты тапшы. Бұрын кітап негізгі құрал болса, қазір экран алдыңғы қатарға шықты. Осы өзгерісті қарсыласпай, тиімді пайдалана білген мұғалім ғана нәтижеге қол жеткізеді.
– Ал қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ең үлкен кедергі қай тұстан көрінеді?
– Ана тіліне деген қызығушылықтың әлсіреуі алаңдатады. Кейде пәнге емес, бағаға жұмыс істейтін жүйе байқалады. Ал көркем сөзді сезіну, мәтін арқылы ой түю бір күнде қалыптаспайды. Бұл үздіксіз еңбектің жемісі.
– Болашақ ұстаздарға қандай кеңес берер едіңіз?
– Бұл жолды таңдаған жан рухани жауапкершілікті сезіне білуі керек. Сабақ жоспарынан өзге, адам тағдыры сенің алдыңда тұрғанын ұмытпау маңызды. Егер мамандығыңа адал болсаң, барлық қиындық уақытша кедергіге айналады.
– Қазіргі балалар неге бұрынғыдай ұстазды тыңдамайды?
– Бұл – бір күнде пайда болған құбылыс емес. Бұрын мұғалімге деген құрмет отбасыдан басталатын. Үйде үлкеннің сөзі бөлінбейтін, мектеп пен ата-ана талабы бір арнада тоғысатын. Сондықтан ұстаз келе жатыр дегенде біз именетінбіз, жолықсақ амандаспай өтпейтінбіз. Қазір тәрбие жауапкершілігі біртіндеп әлсіреп, баланың шектен тыс еркіндігі алдыңғы қатарға шықты. Мұғалімнің ескертуін кейде ата-ананың өзі жоққа шығаратын жағдайлар бар. Соның салдарынан бала да шекараны сезінбей өсіп келеді. Бұл ұстаздың әлсіздігін емес, қоғамдағы тәрбие жүйесінің өзгергенін көрсетеді. Құрмет жоғалған жерде талап та өтпейді. Ұстаз бен оқушы арасындағы арақатынас қайтадан сыйластыққа негізделмейінше, бұл мәселе өздігінен шешілмейді.

Расында бүгінгі баланың мінезі өзгерді деу – шындық. Бірақ бұл өзгеріс ұстаздан емес, қоғамдағы тәрбие таразысының теңселуінен туындап отыр. Мұғалімге деген құрмет әлсіресе, талаптың да салмағы жоғалады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық қайта орнықпайынша, сапалы білім мен саналы тәрбие туралы айту қиын.

Жә. Әне, міне, дегенше алдымыздан жұлдыздай жыпырлап, жарқыраған жарық көріне бастады. Үшарал деген жазуға таяп қалған сықылдымыз. Мен әрі қарай Достыққа жету үшін вокзалға барып, пойызға билет алуым керек. Ал жанымда отырған ұстаз Бескөлге бет алмақ. Автобус ақырын аялдап, аяздан қатып қалған есігі әзер ашылды. Сыртта суық қара жел соғып тұр екен.

– Ал, жақсы онда! – дейді сыртқа шығып бара жатқан мұғалім.
– Сау болыңыз! Шәкірттеріңіздің қызығын көріңіз.
– Әумин, сіз де аман болыңыз! Жолыңыз болсын!

Отыра-отыра аяғым ұйып қалған екен, соны жазып алмаққа сәл тынығып тұрмын. Бір ескі «Nissan Cefiro» көлігі келіп Жанат Серікқызын алып кетті. Бәлкім, отағасы болар деп топшыладым. Мұнда да тұман сейілмеген екен. Дала тас-түнек. Бірақ ұстаз кетіп бара жатқан жол тұманнан ашылып, анық көрініп жатты. Мүмкін, ол балаларды қараңғылықтан жарыққа бастап жүрген ұстаз болған соң, жолы да жарқырап тұрған шығар. Кім білсін?..

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.