Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Су үнемдеу – уақыт талабы
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министрдің орынбасары Қанат БОЗЫМБАЕВ жұмыс сапарымен облысқа келіп, вегетация кезеңіне дайындық және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өңірдегі гидротехникалық нысандардың жай-күйімен танысты.

Кеңесте облыс әкімі Бейбіт Исабаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, «AMANAT» партиясы, Ұлттық экономика министрлігі, құқық қорғау органдары, су шаруашылығы кәсіпорындары және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Фермерлерге су тапшылығы қаупін азайту үшін су үнемдеу технологияларын жедел енгізу және ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін кезең-кезеңімен қысқарту қажеттігі түсіндірілді.

Облыста ауыл шаруашылығы қажеттілігіне арналған 2026 жылға белгіленген су пайдалану лимиті 1,877 млрд. текше метрді құрайды. Оның 1,837 млрд. текше метрі егістікті суаруға бағытталады. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірдегі жоспарланған егіс алқабы 147 мың гектар. Қазіргі уақытта аймақтағы барлық су қоймасы су жинау режимінде жұмыс істеп тұр.

Заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында ұңғыма бұрғылау, инфрақұрылым тарту және су үнемдейтін жабдықтарды сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Егінге қажетті суға сараланған тариф енгізілді: су үнемдеу технологияларын пайдаланатын шаруалар үшін егіндік судың құнын субсидиялау 60%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды. Ал қалғандары үшін субсидиялар мөлшері жыл сайын 10%-ға қысқарып отырады.

Кеңесте облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, «AMANAT» партиясы, Ұлттық экономика министрлігі, құқық қорғау органдары, су шаруашылығы кәсіпорындары және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Фермерлерге су тапшылығы қаупін азайту үшін су үнемдеу технологияларын жедел енгізу және ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін кезең-кезеңімен қысқарту қажеттігі түсіндірілді.

Облыста ауыл шаруашылығы қажеттілігіне арналған 2026 жылға белгіленген су пайдалану лимиті 1,877 млрд. текше метрді құрайды. Оның 1,837 млрд. текше метрі егістікті суаруға бағытталады. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірдегі жоспарланған егіс алқабы 147 мың гектар. Қазіргі уақытта аймақтағы барлық су қоймасы су жинау режимінде жұмыс істеп тұр.

Заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында ұңғыма бұрғылау, инфрақұрылым тарту және су үнемдейтін жабдықтарды сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Егінге қажетті суға сараланған тариф енгізілді: су үнемдеу технологияларын пайдаланатын шаруалар үшін егіндік судың құнын субсидиялау 60%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды. Ал қалғандары үшін субсидиялар мөлшері жыл сайын 10%-ға қысқарып отырады.

Қабылданған шаралар су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптардың көлемін жыл сайын 150 мың гектардан астамға арттыруға мүмкіндік берді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына толық сәйкес келеді. Жалпы ел бойынша мұндай технологиялар 543,5 мың гектар суармалы жерде енгізілген. Соның арқасында 874 млн. текше метр су үнемделді. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 33,7 мың гектарды құрайды.

Қанат Бозымбаев облыс әкімдігіне 2030 жылға дейін суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын 100 пайыз енгізуді кезең-кезеңімен қамтамасыз етуді тапсырды.

– Кеңес дәуірінде пайдалануға берілген суармалы жерлерді қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлу қажет. 2030 жылға дейін өңірде суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша негізгі жобаларды аяқтау жоспарланып отыр. Бұрын тозған алқаптарды айналымға енгізу арқылы суармалы жерлердің аумағын кеңейту жұмыстарын жандандыру қажет. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, су саласындағы «қара нарық» толық жойылып, су пайдалану саласындағы барлық заң бұзушылық құқық қорғау органдарының белсенді қатысуымен заң аясында қатаң түрде тоқтатылуы тиіс, – деді Қанат Бозымбаев.

Егінге қажетті суды ашық әрі әділ бөлу үшін пилоттық режимде жаңа биллинг жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл платформа арқылы су пайдаланушылар мен «Қазсушар» РМК арасында өтінім беру, келісімшарт жасау және төлем жүргізу процестері цифрландырылды. Яғни, өтінім беруден төлем жүргізуге дейінгі барлық процесс электронды форматта жасалады. Фермерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, Жетісу облысының алты ауданында шамамен 450 шаруамен кездесу өткізілді.

2028 жылға дейінгі су шаруашылығын кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі үш су қоймасын, екі гидроторапты және бір магистральді каналды реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен сыйымдылығы 80 млн. текше метр болатын бір су қоймасын салу жоспарланған. Сонымен қатар облыс әкімдігі тағы жеті су қоймасының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме дайындап жатыр. Бұдан бөлек, 2 мың шақырымнан астам суару каналын қалпына келтіру және шамамен 400 шақырым каналға автоматтандыру жүйесін енгізу көзделген.

Ислам даму банкімен бірлесіп, өңірде суару желілерін реконструкциялау бойынша 6 жоба іске қосылып жатыр. Оның біреуі аяқталған, ал жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын тағы 2 жоба биыл аяқталады. Жергілікті жердегі жұмыстармен танысқан вице-премьер облыс әкімдігіне және Су ресурстары және ирригация министрлігіне барлық жоспарланған жобаның уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ауылдық жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сапасын бюджеттік микронесиелер беру арқылы арттыруға бағытталған. 2026-2028 жылдары республика бойынша 450 млрд. теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде 22,6 млрд. теңге Жетісу облысына қарастырылған. Биыл өңірде ауыл кәсіпкерлігі мен кооперацияны дамытуға бағытталған шамамен 400 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Облыс әкімдігі мен Ұлттық экономика министрлігіне «Ауыл аманаты» бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.