Спорттағы кез келген жеңіс, рекорд – кездейсоқ емес, бұл – жүйелі жұмыспен тәртіптің, дұрыс бағыттың нәтижесі. Дәл сол сияқты елдің жарқын болашағы да бірнеше саты арқылы қалыптасады. Сондықтан да ел үшін жасалған әр маңызды шешімге бей-жай қарамай, ортақ іске жұмыла отырып кірісуіміз қажет.
Алда болатын Құрылтай сайлауы – бұл жай кезекті науқан емес, еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи белес. Спортшыларымыздың әлемдік аренада туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқату үшін сенімділік керек. Ал сол сеніміділікті нығайтатын – халықтың бірлігі мен саналы таңдауы.
Спорт саласында жүргендіктен әрқашан әділдікті, табандылықты және алға деген құлшынысты бағалаймын. Ел ертеңі жарқын, әр жастың болашағы баянды болуы үшін маңызды қадамнан сырт қалмайық.
Ел болашағы – өз қолымызда!
Әсет МҰҚАШЕВ
«Жетісу» ФК спорттық директоры





