Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Люблянадан Лондонға дейін
WhatsAppTelegramFacebook

«Қайрат» футбол клубы еліміздегі футбол жанкүйерлеріне нағыз аладоп аламанының қызған шағында үлкен сый ұсынды. Еуропаның беделді клубтары жерімізге табаны тиіп, алаңымызда доп тепсе, алматылық команданың өзі талай мықтымен сырт алаңда күш сынасты. Әуелі команда үшін бұл үлкен тәжірибе деп қарастырсақ, талантты жастарымыз Еуропаның таңдаулы командаларының назарына ілікті. «Сары-қаралардың» («Қайраттың» лақап аты) ойыншыларына команда таңдап, ауысуына жол ашты. УЕФА Чемпиондар лигасында алғаш рет ойнаған «Қайраттың» турнирдегі осы жолғы жорығы Люблянадан басталып, Лондоннан аяқталды. Қазақстан Премьер-лигасының жеңімпаздары келесі маусымдада Чемпиондар лигасының іріктеу сатысында ойнайды.

Кейінгі жылдары командамызға Чемпиондар лигасында сәттілік жетпей, жарты жолдан кері қайтып жүрді. Іріктеу ойындарында оңбай жеңіліп, келесі кезең көзден бұлбұлдай ұшатын. Осы жолы «Қайрат» іріктеу ойындарында мінез көрсетіп, талай қарсыласын ойын барысында өз дегеніне көндірді. УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы жорығы шілдеде Словенияның Любляна қаласындағы «Стожице» алаңынан басталды. Онда «Олимпия Любляна» командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсіп (Голдар: Дастан Сәтпаев, 59 – 1:0; Пинто, 66 – 1:1), өз алаңымызда 2:0 есебімен (Голдар: Жоржиньо, 5 – 1:0 ; Мрынский, 31 – 2:0) жеңді. Екінші іріктеу кезеңінде «КУПС» (Финляндия) командасымен кездесіп, сырт алаңда 0:2 (Голдар: Тур, 49 – 0:1, Оксанен, 71 – 0:2) жеңіліп, Алматыдағы «Орталық алаңда» 3:0 нәтижесімен қарымтасын қайтарды (Голдар: Дастан Сәтпаев, 9 – 1:0; Жоржиньо, – 29 – 2:0; Громыко, 43 – 3:0). Ал үшінші іріктеу сатысында «Слован Братислав» (Словакия) клубымен кездескен «Қайрат» өз алаңында Дастан Сәтпаевтың голы арқылы 1:0 есебімен жеңсе, сырт алаңда негізгі уақытта 0:1 есебімен (Гол: Мак, 30 – 0:1) жеңіліп, жалпы есеп 1:1 болғандықтан ойын соңында пенальти сериясына ұласқан. «Қайрат» сапында Громыко қателесіп, Мартынович, Рикардиньо, Сорокин, Жоржиньо сәтті орындап (4:3), алматылықтарға жеңіс сыйлады (қарсыластардан Мустафич пен Барсегян қателесті). Одан кейін «Қайратты» плей-офф кезеңінде «Селтик» (Шотландия) командасы күтіп тұрды. «Қайрат» Глазгодағы ойынды тең ойнап (0:0), шешуші сәтті Алматыға қалдырған. Алайда, бірінші кездесуде ескерту қағазын алып (оның алдында «Слованмен» болған екі ойында екі сары қағаз) орталық алаңдағы жауапты кездесуден тыс қалған талант Дастан Сәтпаевтың, жарақат алып орнын 75-минутта босатқан қақпашы Александр Заруцкийдің, аяғын сылтып басып 83-минутта кеткен Эдмилсонның жоқтығы шешуші ойында білінетіні анық еді. Алайда «сары-қаралар» сыннан сүрінбеді. Керісінше, бұл жағдай оларды жігерлендіргендей. Қарымта кездесуде ойынның негізгі уақытын түгесіп, төрешінің қосқан отыз минутын да тауысты. Екі тарап қауіпті сәтті жиі ұйымдастырғанымен, гол сала алмады. Ал пенальти сериясында «Қайраттың» 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков ерледі. Ол өз қақпасына тепкен бес футболшының үшеуінің (Адам Айда, Люк Маккован және Дайзен Маеда) добын қайтарды. «Қайрат» сапында бірінші тепкен Валерий Громыконың добы қақпа маңдайшасынан қайтса, одан кейін тепкен Александр Мартынович, Офри Арад, Егор Сорокин мүлт кеткен жоқ. Ойын барысында 5 сейв жасаған және пенальтиден 3 допты қайтарған Анарбеков бүкіл Еуропаны өзіне қаратты. Ал матч бойы тынбай алаңның кез келген нүктесінен табыла кететін Еркін Тапалов, қорғанысты тас қамалдай қылған Егор Сорокин мен капитан Александр Мартынович, шабуылды өрістеткен Гормыко мен Жоржиньоның ойыны сүйсінтті. Былтыр күзде бапкерлікке тағайындалып ел чемпионаты мен Қазақстан суперкубогында жеңіске жеткен Рафаэль Уразбахтиннің тактикасы «Қайратты» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алып шықты.

Ал «Астанадан» кейін араға 10 жыл салып УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнаған қазақстандық команда жалпы сегіз ойында тек бір ұпай алды (Алматының «Орталық алаңында» кипрдің «Пафос» командасымен 0:0 ойнап, 1 ұпайға ие болған). Одан бөлек, негізгі кезеңде «Спортингтен» (Португалия) 1:4, «Реалдан» (Испания) 0:5, «Интерден» (Италия) 1:2, «Копенгагеннен» (Дания) 2:3, «Олимпиакостан» (Грекия) 0:1, «Брюггеден» (Бельгия) 1:4 және осы маусымдағы соңғы ойынын Лондонда «Арсеналға» қарсы өткізіп (Англия) 2:3 нәтижесімен жеңілді. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін «Қайрат» 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) табыс тапты. Жалпы кезеңдегі тең ойын клубқа тағы 700 мың еуро (422,1 миллион теңге) әкелді. Осылайша, жалпы табыс көлемі 19,32 миллион еуроны (11,65 миллиард теңге) құрады. Еурокубоктық маусым аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықтарды сатудан түсетін төлемдер қосылады.

Жалпы алғанда, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жолы жас футболшылар үшін үлкен тәжірибе болғандығы анық. Теңбіл доп тақырыбында көсіле жазып, шешіле сөйлейтін әлемдік ақпарат құралдары 17 жастағы қазақ баласы Дастан Сәтпаевтың Англияның әйгілі «Челси» командасына ауысатынын әлі де қызу талқылап, үлкен жетістікке балап жатыр. FIFA (Халықаралық футбол ұйымы) ережесі бойынша 18 жасқа толмаған ойыншы ресми түрде шетелдік клубқа ауыса алмайды. Осыған байланысты Дастан 18 жасқа толғанша «Қайрат» сапында 2026 жылдың жазына дейін ойнап, одан кейін тұманды Альбионды бетке алады. Дәл қазіргі сәтте ойыншыны «Челси» бақылауда ұстап, оның әр қадамын қадағалап отыратын маманды да қарастырған. Legalbet.kz порталындағы сарапшылардың мәліметінше 4,3 миллион еуроға ауысатын (базалық бөлігі 2,4 миллион еуро, қалғаны бонус түрінде) Дастан ел чемпионатындағы ең қымбат трансфердің иесі болды. Одан бөлек, Темірлан Анарбековке де көз тіккендер бар. Алайда ойыншы «Қайратпен» келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартты. «Қайраттың» жас футболшылары үшін аладоп әлеміндегі өз орнын қалыптастырып, ойынын Еуропа алдында көрсеткен тамаша кезең болғаны анық. «Қайрат» келесі маусымда да Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарына қатысады. Ол сәтте де олжалы болғысы келетіні анық.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.