Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатерлі ісік қауіпті дерт

3 ақпан 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Қатерлі ісік қауіпті дерт
WhatsAppTelegramFacebook

Қатерлі ісіктің алдын алу, онкологиялық көмектің сапасын арттыру қашанда маңызды. Осы ретте Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде облыстық көпсалалы емхананың сапаны бақылау жөніндегі директордың орынбасары Бауыржан Бертаев  БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдегі ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Спикердің айтуынша, биыл облыстық көпсалалы ауруханада 700 мыңға жуық тұрғынға мединицалық қызмет көрсетілген. Қазіргі таңда диспансерлік есепте 7775-ке жуық науқас тіркелген. Олардың 55 пайызы 5 жылдан астам уақыт бойы бақылауда.

Өткен жылы жалпы есепке 1407 науқас алынып, оның 934-і қатерлі ісіктің ерте, яғни I-II cатысында анықталды. Бұл жалпы есепке алынған науқастардың 67 пайызын құрайды. Скринингтік тексерулер нәтижесінде 143 жағдай тіркелді. Ал диспансерлік есепте тұрған науқастардың 65 пайызы 5 жылдан астам өмір сүруде.

Жыл сайын онкологиялық диспансерге заманауи емдеу әдістері мен жаңа диагностикалық технологиялар енгізілуде. Емхана қажетті мединицалық құрал жабдықтармен толық қамтылған. 2025 жылы 70-тен астам мединицалық техника сатып алынған.

Брифинг барысында журналистер «Қатерлі ісіктің алдын алу үшін не істеу керектігін, науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіле ме?», – деген сұрақ қойды. Бұл жөнінде Бауыржан Бертаев:

 – Науқастарды емдеу тиімділігі мен дәрілік терапияның қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауруханалық дәріхана бөлімі ашылған. Бұл бөлім дәрілік заттар мен мединицалық бұйымдардың қорын басқарумен қатар, сапасы және сақтау талаптарының сақталуын қадағалайды.  Былтыр облыста 17 ашық есік күні өткізіліп, 771 адам мединицалық тексеруден өтті. Нәтижесінде 98 ісікке дейінгі жағдай және 29 қатерлі ісік анықталды. Ауруды асқындырмау үшін не істеу керектігін жиі айтып келеміз. Жуырда қатерлі ісіктің алдын алу және асқындырмау үшін барлық емханада ашық есік күні өтеді, – деді.

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен орталық аудандық үшін 12 лекция мен семинар ұйымдастырылып, оған 712 дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлерлі қатысыпты. Бұған қоса, 5 шеберлік сабағы өткізілгенін тілге тиек етті. Брифинг барысында қатерлі ісіктің алдын алу шараларын, скринингтік тексерулердің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

                                                                Фариза ДӘУРЕНҚЫЗЫ,
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін, 20:52
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Бүгін, 20:46
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.