Жетісу облысында тәуекел аймағында 49 елді мекен бар. Жергілікті билік төтенше жағдай қызметімен бірлесіп, су басу қаупін азайту жөнінде шаралар қабылдауда. Осы ретте аудандарда су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Ұзындығы шамамен 10,5 шақырым болатын жаңа бөгет өткен жылдың күзінде тұрғызыла бастады. Қаратал ауданындағы бөгеттің ені – 20 метр, биіктігі –5 метр. Ол Қаражиде және Тастөбе ауылдарын су тасқынынан қорғайды.
Жауын-шашын жоғарыласа, бұл көрсеткіш 2 есе өсуі мүмкін. Тиісінше, су басу қаупі де артады. Бұл жыл сайын екі ауылдың тұрғындарын алаңдатқан еді.
Тастөбе ауылының тұрғыны Есімхан Құмаров:
«Ең үлкен су тасқыны 1968 жылы болды. Содан кейін барлық көшеде су ағындары ағып жатты. Дәл осындай жағдай 5 жылдан кейін қайталанды. Содан бері біз бұл жағдайдың әр көктемде қайталанбауын тіледік. Енді олар бөгет салып жатыр. Біздің ішкі уайымымыз айтарлықтай сейілді», – дейді.
Қорғаныс бөгеті іс жүзінде екі өзеннің – Қаратал мен Көксу өзендерінің қосылған жерінде жасалуда. Бүгінде бір жарым шақырымнан астамы салынды. Жұмыстар келесі жылға дейін жалғасады.
құрылыс учаскесінің басшысы Азамат Әбікенов:
«Біз мұнда 16 түрлі техниканы, 20 құрылысшыны жұмылдырдық. Бүгінгі таңда жұмыс көлемінің 10 пайызы аяқталды. Олардың бәрі белгіленген кесте бойынша жүреді», – деді.
Қаратал ауданы әкімі аппаратының аға инспекторы Ермек Таныспаев болса:
«2023 жылы география және су қауіпсіздігі институтының қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, бөгет салу жобасы жасалды. Гидроқұрылыс барлық техникалық талаптарға сәйкес салынады. Жоба құны – 1 миллиард 340 миллион теңге. Нысан келесі жылы аяқталады», – деді.
Жетісу облысында тәуекел аймағында 50-ге жуық елді мекен бар. Қазір барлық ауданда су тасқынына қарсы науқан жүріп жатыр, биыл 24 іс-шара өткізіледі.
Жетісу облысы ТЖД басқармасының бастығы Ринат Тазабеков:
«Жүргізілген жұмыстармен 17 елді мекенге төнген қауіп барынша азайтылды. Көксу, Ескелді, сондай-ақ, Қаратал аудандарында өзендер мен су бұру арналарында жұмыстар жүргізілді. Өзендер бойынша 17 шақырым – бұл жағалауды нығайту, түбін тереңдету, өзендерді түзету, сондай-ақ, 12 шақырым су бұру арналары – бұл тереңдету, тазарту, сондай-ақ 4 шақырымнан аса қорғау бөгеттерін жөндеу», – деді.
Өңірдегі жағдай қиындаған жағдайда 235 эвакуациялық пункт ұйымдастырылады. Толық дайындықта 534 бірлік техника бар.
Айгүл Байбосынова
Қаратал ауданы





