Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Абай жаққан бір сәуле

09.02.2026
КҮНДЕРЕК
Абай жаққан бір сәуле

adebiportal.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ақпанның ақ таңы атқан күннен Аспантаудың ақиығы атанған Мұқағали ақынның аққанат жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. Таңғалдыратыны сол – бұл рухани үрдістің әр жүректің өз қалауымен, ешкімнің тапсырма-талабынсыз салтанат құруы. Мекен мен жас талғамай Ұлы Дала төсінде «Қазақтың дәл өзіндей қарапайым» қара өлеңінің керуені бірден бірге жалғасып жатуы. Шайырдың шығармашылығымен таныс болсаңыз «Атырау – Алтай» поэмасында темір қанат құсқа мініп, (әрине ұшқыр қиялымен) қазақ даласын шарлап, аспан әлемінен әр өңірге көз тастап, өлеңімен өрнек салады. Поэманы бір деммен оқып шықсаңыз, Мұқаңмен бірге қазақтың қасиетті жерін түгел шарлап келесіз. Әлі табаныңыз тиіп көрмеген өңірлерін көңіл көзіңізбен көріп қайтасыз. Бұл – ақын жырының қуаты мен сөз құдіретінің кереметі!

Ақынның туғанына биыл 95 жыл толды. Ал жарық дүниенің жамалымен қоштасқанына 50 жыл. Осы жарты ғасырлық уақытта туған күні бір жыл да ескерусіз қалған емес.

Бүгін менің туған күнім ой, пәлі-ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай.

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, – деп болашаққа жазып кеткен арызы қаралып, әр жыл сайын туған күні аталып, қара өлеңі жалпақ жұртқа таралып-ақ жатыр. Абай атам: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп қалай дәл тауып айтқан десеңізші?! Мұқаңның өшпейтін ізі де, өлмейтін сөзі де – жұпыны күпісін шешіп тастап, шекпен қылып өзімізге қайта жапқан қарапайым да қастерлі қара өлеңі! Көзінің тірісінде көрмеген құрметті өмірден өткеннен кейін өлеңіне көрсетудеміз. Абайдан кейінгі қалам тартқан қазақтың қандай қаламгері, сөз зергері болмасын дала ойшылының рухани ауылына атбасын бұрмай кеткені жоқ-ау. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» деп руханият төрінен орнын белгілеп берсе, жыр Құлагері Ілияс «Абайдың сөз өрнегі» деп мақала жазып, хакімнің шығармашылық қуатына терең талдау жасады. Бұл үрдісті жалғастырған Мұқағали ақын да:  «Айтарын айтып кеткен абайламай, дариға-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай!» деп ақиқаттың алдында алдаспандай жарқ еткен қос тұлғаның тұғырын биіктетіп кетті.

qazaqconsert

Мұзарт шыңның мұзбалағына айналған ақын өлеңдерінің өміршеңдігі – уақыт пен үндесіп, ұрпағымен тілдесіп жатуында екені бесенеден белгілі. Бүгінгі шайырларда бар ма білмедім, «жоқ шығар» деп топшыладым, алдыңғы толқын аға буында күнделік жазу үрдісі әдемі қалыптасқан еді. Күнделік жазу жанры – күні бойы не істегеніңді тізіп шығу емес екенін есті қазақтың бәрі білсе керек. Ол – көңілін толқытқан, шалқытқан, күйініш пен сүйініш, қуаныш пен мұң араласқан сезімдер толқынысының бір арнада тоғысқан тұсы емес пе? Яғни, оқығанда ой салатын дүние. Мұқаңның да күнделігін парақтап отырсаңыз, жан дүниесіне терең бойлайсыз. Мұқағалидай тебіреніп, Мұқағалидай ойлайсыз. Ақынның әулиелігі десек, қате пайым болмас, айтқанының айдай келіп жатқаны да рас қой. Күнделігін оқиық: «…Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының  құрдасымын. Бәлкім одан кейінгі ұрпақтың туысымын да!». Бұл енді ешқандай да көріпкелдік емес, оқығаны мен тоқығаны көп, көкірегіне рухани қазына толған ақынның көрегендігі. Алдымен ол құдайдың бойына берген ақындық қасиетін қастерлей білген жан. Екіншіден өлеңіне деген шүбәсіз сенімі. Сенім ғана адамды асқар шыңға шығарады. Сол сенім биігінен осылай асқақтап сөйлеп тұр ғой ақын. Сөзінің ақиқаты осы емес пе? ХХІ ғасыр ұрпақтары ақынның құрдасына, кіршіксіз сырласына  айналғаны. Туған топырағы қасиетті Қарасазына барсаңыз балабақшадағы бүлдіршіннен бастап, орта толқын, алдыңғы аға буын мен аузы дуалы атасы мен ақ самай әжелеріне дейін Мұқағали өлеңдерін жатқа соғады. Ал сөзіміздің басында айтқандай Атырау – Алтай арасындағы, Алатау – Арқа даласындағы «құрдастары» да жүздеп, мыңдап саналады. Бұл өзі жан жүрегімен сүйген, сенген халқының көрсетіп жатқан құрметі.

Еркелігін, тентектігін көтерген жұртынан «Туған халқым, қатемді кешір менің» деп «Аманат» өлеңінде ақтарыла жырлап, ағынан жарылады ақын. Ұшар басы бұлт жарып, көк тіреген Хантәңіріндей қасқайып тұрып, бас имей өтсе де өз қалауы еді ғой. Бірақ халқын сүйген жүрек ондай менмендікке апармайды. Тұлғасы таудай, рухы асқақ болса да халықтың құдайдың бір аты екенін біліп, именеді, иіліп кешірім сұрайды. Бұл – кішіпейілдіктің шыңы.

Мақалама Абай атамның араласып кетуі де заңды-ау. Әуелі мұзбалақ ақын дала данышпанын өзіне рухани ұстаз тұтқанын өлеңінде ашып айтып кеткен:

«Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден».

Иә, түңілген сәтінде хакім Абайға жүгінді. Жүгінді де қайта оянды, тірілді! Содан болар жыр жаухарындағы ойлары ұштасып жатты. Дала данышпаны салған сара жолдан жаңылмады. Хакімнің:

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін», – деген тағылымын ары қарай жалғап әкетті. Рухани ұстазының ойы мен өлеңіндегі ұйқасын да қайталай отырып, өз пайымын өзгеше талғаммен жеткізді. Оқып көрейік:

«Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін. 

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін». Абай аманатына деген адалдықтың үлгісін осыдан-ақ байқауға болады. Өлмес өлеңі сөнбес нұрға айналды.

Өскеменге барған жұрт жақсы біледі, Ертіс пен Үлбінің тоғысып кететін тұсы бар. Ары қарай Ертіс болып еркелеп кетіп бара жатады. Абай мен Мұқағалидың өлең-өзені де екі бағыттан келіп, бір арнада тоғысып, оқыған адамға ой салып, жетелеп алып кетеді. Мысалы, атам айтады: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»! ал мұзбалақ ағам өзінің замандастарына: «Ей, қалам ұстаған, қаламдас бауыр-қарындастарым, халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерің қараң! Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер!», – дейді. Абай бағыт бергендей адамды сүйе білсек, Мұқаң ескерткендей оған байбалам салмай-ақ ғашық бола алсақ, бір-бірімізге құшағымызды ашып, бауырымызға басып-ақ жүрер едік. Амал қанша?! Қара өлеңдегі қос тұлға көрсеткен жолдан соншалық алшақпыз. Адамзатты сүймек түгілі қазақ қазақты түсінуден қалып барады. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дейтін ел едік. Тарту қайда-а-а, бір біріне деген өшпенділігі соншалық қаны қарайып, қастандық жасауға дайын тұратын халге жеттік. Осындай қаскөйлік көзқараспен қалай сүйе аламыз, қалай ғашық боламыз?! Бір кем дүние!

Абай дәуірінде рухани еркіндік болды. Бәлкім, содан шығар хакім:

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – деп осынау жаратылыс әлемінің иесі бір құдай екенін, ал құран сол Хақтың сөзі екенін соқырға таяқ ұстатқандай қылып айтып кетті. Абайдың үлгісімен қалам тартқан Мұқағали ақын да Исламның Хақтан келген асыл дін екенін біліп:

«Дін – ғылымның анасы,

Дін – ғылымның әкесі.

Ғылым – діннің баласы,

Дін – ғылымның көкесі», – деп күллі ғылымның кілті Құранда яғни, Абай айтқан Алланың сөзінде екенін айтып кетті. Әсілі қызық халықпыз ғой. Құранды керек қылмаймыз, молданы келемеждейміз, кісіміз қайтса немесе ас берсек имам іздеп кетеміз. Бұл бөлек әңгіме енді. Қос бәйтеректің үндесуіне оралайын. Абай атам айтады:

«Адамзат бүгін адам, ертең топырақ» десе, Мұқағали ақын:

«Құмменен топырақтан жаралғанмын» деп ой түйеді. Екеуінің де жыр арнасы адамзат баласының әуелде топырақтан жаратылғанын меңзеп қана қоймайды, кесіп айтады. Әлгі эволюциялық даму үдерісін зерттеп, маймылды адамға айналдырған Дарвин ілімінің күлге ұшатын тұсы да осы. Хакімнің 38-ші қара сөзінде ислам туралы терең талдау жасалады. Сол жерде: «Сәжделер – әуелі жерден жаралғанына ықырары, екіншісі – және жерге қайтпағына ықырары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықырарының ишараты», – деген жолдар бар. Сәжденің қадір-қасиетін білген Мұқағали да:

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін.

Құбылаға бет бұрып, қол қусырып,

Сәждеге бас қоятын қайда күнім, – деп рухани ұстазының қара сөзіндегі ойларды өзінше өлеңмен өрнектейді. Қос бәйтеректің өлеңдеріндегі үндестіктен бөлек, есімдеріндегі ұқсастық та бекер емес-ау. Абай – Ибрахим, Мұқағали – Мұхамедқали. Екеуі де пайғамбардың аты. Атқа лайықты өмір сүру де асыл мұрат қой. Зерделей білсек, Ұлы Даланың данышпан ойшылы мен мұзарт шыңның мұзбалағы осылайша қазақ рухани әлемінің қос шырағына айналып отыр. Және ол қазағы барда бірге жасай беретін сөнбес сәуле! Ұстазының «адамды сүй» аманатын арқалаған Аспантаудың ақиығы қазағын шексіз сүйді.

«Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар жерде мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің», – деп ұлтына деген ұлы махаббатын жырымен жеткізе білді. Ал бүгін сол нарқы алтыннан қымбат халқы ақынның аққанат жырларын ақпанның аппақ таңында, аппақ қарындай кіршіксіз сезіммен жүректен жүрекке жеткізіп жатыр. Күнделігінде айтқандай бүгінгі ұрпақтың құрдасына, келер ғасырдың туысына, одан кейінгі дәуірдің бабасына айналып, жыр ғұмыры жалғаса беретіні сөзсіз!

Жұматай ОСПАНҰЛЫ

ҮЗІК ҚАРА ӨЛЕҢ

Қарапайым Қарасазда осы бір,
Қасиетті қара өлеңнің көші жүр.
Қарасуға өлең болып оралды,
Қара жұртын қимай кеткен есіл ұл.

Қарасазға қайта оралған қара өлең,
Сырласып жүр данамен де баламен.
Сол өлеңге ұйып бір сәт қалғандай,
Ешнәрсеге илікпеген паң әлем.

Ақша бұлттар асқар шыңға ілініп,
Қырқаларда бүрін жарса гүл үміт.
Қасиетті қара өлеңге елітіп,
Қара тас та кететіндей үгіліп.

Аршаларым, шыршаларым, гүлдерім,
Жыр нөсерге шомылып жүр бір керім.
Өрісіне өлең өрген кең өлкем,
Қас-қағымда бөленіпті түрге мың.

Ай мен Күн де алма кезек ауысып,
Ынтық жүрек бір бірімен табысып,
Дүн-дүние өлең болып кеткендей,
Мұқағали Музасымен қауышып.

Тәңіртаудай асқақ бейне, нар тұлға,
Кеткенімен жыры қалды артында.
Қарасуға өлең болып қосылған,
Айналайын қасқа бұлақ сарқылма.

Қасиетті қара өлең, нұрлы жыр,
Сен арқылы әр кеудеге тұнды нұр.
Бар қазақтың мекен еткен жүрегін 
Сен өлмейсің Жыр –  Ғұмыр!

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.