Аккумуляторларды экспортқа шығаратын Талдықорғанда ғы «Қайнар-АКБ» зауытының өнімі алыс-жақын шетелдерде бұрыннан белгілі.
Компанияның әлеуметтік жетістіктері де назардан тыс қалған емес. Бұл кәсіпорын облыстың дамуына белсенді қатысқаны үшін «Парыз» президенттік сыйлығына ие болды. «ҚайнарАКБ» жылына 3 миллион аккумулятор шығарады. Толық циклді зауыт барлық көлік түріне арналған аккумуляторлар өндірумен айналысып келеді. Өнім халықаралық бақылау жүйесінен өтеді.
— Біздің компанияда 1200-ден аса жұмыс орны құрылды. Өндіріс за манауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Бүгінгі таңда аккумуляторлардың 40-тан аса түрі шығарылады. Өнім ТМД елдеріне де, таяу және алыс шетелдерге де жеткізіледі. Тауар сапасы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, – дейді «ҚайнарАКБ» ЖШС бас директорының орынбасары Талғат Қонақбаев.
Өткен жылы компания әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 140 миллионнан аса теңге бағыттады. Зауыт басшылығы сондайақ, аймақта ғы спорттық бастамаларды да қолдайды. Оның көмегімен үстел теннисі орталығының құрылысы жүргізілді. Бұған қоса, кәсіпорын көптеген қа йырымдылық акцияларын өткізді. Соның ішінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуге де үн қатты.
Аймақ өміріне белсенді қатысқаны үшін «ҚайнарАКБ» компаниясы «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында «ПАРЫЗ» президенттік сыйлығының жеңімпазы атанды.
– Біз осындай беделді байқауда номинация алғанымызға өте қуанышты мыз. Сенім үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Айта кетерлігі, біздің зауыт халықтың осал топтарына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Оларға әр мерекеде үнемі көңіл бөлеміз, – дейді Талғат Қонақбаев.
«ПАРЫЗ» сыйлығы – Қазақстандағы бизнес үшін ең беделді марапат тардың бірі. Өткен жылы президенттік байқауға 354 өтінім келіп түскен, оның ішінде 198 компания «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номи нациясына үміткер болды.
Айгүл БАЙБОСЫНОВА





